Күйгенкөл ауылының тұрғыны Е.Шулимовтың жеке ауласына карантин режимін енгізу туралы Қолданыста
Басқа 0
Күйгенкөл ауылының тұрғыны Е.Шулимовтың жеке ауласына карантин режимін енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 18 тармақшасына, «Ветеринария туралы» Заңының 26 бабының 1 тармағының 1,2 тармақшасына сай және Жәнібек аудандық аумақтық басқармасының ветеринариялық қадағалау бөлімінің 2006 жылғы 21 наурыздағы № 112 санды ұсынысының негізінде Күйгенкөл ауылдық округінің аумағында бруцеллез ауруының таралуына жол бермеу және оның алдын алу мақсатында аудан әкімдігі КАУЛЫ ЕТЕДІ:
Жеке малы арасында бруцеллез ауруы тіркелуіне байланысты Күйгенкөл ауылының тұрғыны Е.Шулимовтың жеке ауласына карантин режимі енгізілсін.