Ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы № 836 қаулысының басшылыққа ала отырып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы от 10.02.2006 г. № 35 (Ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы)
1. Аудан бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын мекемелердің тізбесі бекітілсін (жалғанды № 1 қосымшада).
2. Ұйымдастыратын қоғамдық жұмыстардың түрлері бекітілсін (жалғанды №2қосымшада).
3. Коғамдық жұмыстар жергілікті бюджеттен және жұмыс берушілердің қаражатынан олардың өтінімдер бойынша қаржыландырылады.
4. Коғамдық жұмысқа қатысқаны үшін жұмыссыздарға нақты атқарған жұмысына қарай еңбекақы тағайындалады, ол Республика бойынша белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінен кем болмауы тиіс.
5. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне (Қ.Жаймов) жұмыс берушілермен бірлес отырып ақылы қоғамдық жұмыстарды келісім-шарт негізінде ұйымдастыру тапсырылсын.
6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары З. Сисенғалиға жүктелсін.