Қолданыстағы ред. 19.04.2006

Аудан көлемінде иттерді және мысықтарды күтіп ұстау ережесін бекіту туралы от 19.04.2006 г. № 25-6 (Аудан көлемінде иттерді және мысықтарды күтіп ұстау ережесін бекіту туралы)

0

Аудан көлемінде иттерді және мысықтарды күтіп ұстау ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Заңына және 2001 жылғы 30 қаңтардағы “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” Кодексіне сай аудандық мәслихат шешім етеді:

1

1. Қоса беріліп отырған Аудан көлемінде иттерді және мысықтарды күтіп ұстау ережесі бекітілсін.

2. Жәнібек ауданы аумағында иттер мен мысықтарды күтіп ұстау және оларды серуендетудің Ережелері

Жәнібек ауданы аумағында иттер мен мысықтарды күтіп ұстау және оларды серуендетудің Ережелері

1. 1. Жалпы ережелер.

1. Жалпы ережелер.

1

1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы» Заңдары мен «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің негізінде әзірленген және Жәнібек ауданының аумағында иттер мен мысықтардың иелеріне қатысты.

2

2. Ит пен мысық иелері жануарларын 3 айлығынан бастап жыл сайын құтыруға және басқа да ауруларға қарсы егілуін қамтамасыз етіп, егілуден өткендігі туралы ветеринариялық анықтама алуға міндетті. Үй жануарлары ветеринария мекемелерінде тіркеледі.

2. 2. Ит немесе мысық иесінің міндеті

2. Ит немесе мысық иесінің міндеті

3

3. Иттер мен мысық иелері міндеті:

1

1) сатып алған күнінен бастап екі апталық мерзімде өздерінің жануарларын, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылық министрлігі аудандық аумақтық басқармасының ветеринариялық инспекциясы бөлімінде етуге;

2

2) осы жануарлармен жалпы пайдаланатын орындардың ластанбауына жол бермейді (ластауды міндетті түрде тазалау), санитариялық-гигиеналық, ветеринариялық-санитариялық нормаларды және оларды ұстауды ережелерін қатаң сақтауға міндетті;

3

3) жануарлардың иелері айналадағы адамдар мен жануарлардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қажетті шаралар қолдануға міндетті;

4

4) мемлекеттік ветеринариялық инспектордың талабы бойынша диагностикалық зерттеу байқауы, сақтандыру, егу мен емдік алдын алу жұмыстарын ветеринариялық талаптарға сай жүргізіп отыруға;

5

5) адамдарды және басқа да жануарларды ит қауіп алған жағдайда таяудағы медициналық, ветеринариялық мекемелерге хабарлап, иттерді ветеринариялық инспекторға қаратуға және 10 күн карантинде ұстауға;

6

6) итті қыдыртуға шығарғанда арнайы баумен алып жүруге. Ірі иттерге тұмылдырық кигізілуі тиіс;

7

7) одан әрі ұстау мүмкіндігі болмаған жағдайда басқа адамға беруге немесе ветеринариялық мекемелерге тапсыруға;

8

8) адамға иттен немесе мысықтан жарақат келтірілген жағдайда емдеу ақысын толық төлеуге;

9

9) егер ит немесе мысық басқа итке, мысыққа немесе басқа да жануарларға өлімші халге дейінгі жарақат келтірген жағдайда, иесі өліп қалған жануардың құнын өтейді

3. 3. Ит немесе мысық иесінің құқығы

3. Ит немесе мысық иесінің құқығы

4

4. Қандай жануар болса да иесінің меншігі болып танылады және ол меншік Заңмен қорғалады.

5

5. заңмен қарастырылған жағдайларда немесе сот шешімі бойынша жануарлар иесінен тартып алынуы мүмкін.

6

6. Иесі шектелген уақытта итін дүкен немесе басқа да мекемелердің алдында қысқа баумен (ірі иттерді тұмылдырық кигізіп)байлап кетуге болады.

4. 4. Ит немесе мысық иесінің жауапкершілігі

4. Ит немесе мысық иесінің жауапкершілігі

7

7. Осы Ережені сақтамағаны үшін иттер мен мысықтардың иелері Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

8

8. Жануарларға қатігездік жасау және оның салдарынан ол өлсе немесе мертіксе, сондай-ақ жануарларды қорлау әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

5. 5. Иттер немесе мысық иелеріне салынатын тыйымдар

5. Иттер немесе мысық иелеріне салынатын тыйымдар

9

9. Иттер мен мысықтардың иелеріне тыйым салынады:

1

1) балалар аула алаңдары, мектепке дейінгі балалар мекемелері, мектеп және оқу орындары, денсаулық сақтау аумақтарында жануарларды серуендетуге;

2

2) мас күйдегі адамдарға және 14 жастан төмен балаларға қоғамдық орындар мен көліктерде жануарларды серуендетуге және олармен осы орындарда жүруге;

3

3) өліп қалған иттер мен мысықтардың мүрдесін кез келген жерге тастауға немесе көмуге болмайды, олар тек қана мал моласына апарылуы керек;

4

4) иттерді ветеринариялық паспортсыз, арнайы баусыз және тұмылдырықсыз серуенге шығаруға;

5

5) құтыруға қарсы егілуден өтпеген иттерді серуендетуге.