Салық төлеушілер үшін ақшасыз ұтыс ойын автоматтарының қызметтерін көрсететін салық салу объектісінің бірлігінен тіркелген жиынтық салық жылдық ставкасын бекіту туралы Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.04.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Салық төлеушілер үшін ақшасыз ұтыс ойын автоматтарының қызметтерін көрсететін салық салу объектісінің бірлігінен тіркелген жиынтық салық жылдық ставкасын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Кодексінің «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық Кодексі) 394 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Ақшасыз ұтыс ойын автоматтарының салық салу объектісінің бірлігінен тіркелген жиынтық салығынан 7 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жылдық ставкасы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Зеленов аудандық мәслихатының «Салық төлеушілер үшін ақшасыз ұтыс ойың автоматтарының қызметтерін көрсететін салық салу объектісінің бірлігінен тіркелінген жиынтық салық жылдық ставкасын бекіту турал» №16-5 шешімінің (2005жылғы 24 маусымдағы тіркеу № 7-7-8, 2005 жылғы 25 шілдедегі №30 “Ауыл тынысы” газетінде басылған) және 2006 жылғы 28 ақпандағы “Зеленов аудандық мәслихатының 2005 жылғы 3 маусымдағы “Салық төлеушілер үшін автоматтарының және ақшасыз ұтыс қызметтерін көрсететін тіркелінген жиынтық салығының жылдық ставкасын бекіту туралы” №16-5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы” №23-5 шешімінің (2006 жылғы 21 наурыздағы тіркеу №7-7-24, 2006 жылғы 1 сәуірдегі N13 “Ауыл тынысы” газетінде басылған) күштері жойылды деп танылсын.