О Правилах содержания домашних животных на территории Экибастузского региона Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.04.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Екібастұз өңірінің аумағында үй жануарларын ұстау Қағидасы туралы Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабы, 1 тармағы, 8 тармақшасының және Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 3 бабының, 2 тармағының негізінде қалалық мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Екібастұз өңірінің аумағында үй жануарларын ұстау Қағидасы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Екібастұз қалалық мәслихатының (II шақырылған, XXXIV сессия) "Екібастұз өңірінің аумағында үй жануарларын ұстау Қағидасы туралы" (2003 жылғы 16 мамырда нормативтік қүқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Реестріне 1877 нөмірімен тіркелген, "Вести Экибастуза" газетінің 2003 жылғы 19 маусымындағы № 24, "Отарқа" газетінің 2003 жылғы 19 маусымындағы № 25 сандарында жарияланған) 2003 жылғы 16 мамырдағы № 2.162 шешімінің күші жойылған деп танылсын.
Тармақ 3
Келісілді: Екібастұз қаласы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау мемлекеттік Департаменті басқармасының бастығы С. Сұлтанғалиев 2006 жылғы "18" сәуір
Басқа 4. Екібастұз өнірінің аумағында үй жануарларын ұстау Қағидасы
Екібастұз қалалық мәслихатының (III шақырылған кезекті XXV сессия) "Екібастұз өңірінің аумағында үй жануарларын үстау Қағидасы туралы" 2006 жылғы 25 сәуірдегі № 326/25 шешімімен бекітілген Екібастұз өнірінің аумағында үй жануарларын ұстау Қағидасы
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қағидамен үй жануарларын есепке алу және жануарлардың ауруға ұшырауларына қарсы алдын алу іс-шараларды өткізу, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету қарастырылады. 2. Осы Қағида Казақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқықбұзушылық туралы" Кодексіне сәйкес әзірленген.
Тарау 2. 2. Үй жануарлары иелерінің құқықтары мен міндеттері.
2. Үй жануарлары иелерінің құқықтары мен міндеттері.
Тармақ 3
3. Үй жануарларының иелері иттерді, мысықтарды және басқа үй жануарларын ұстауға қүқығы бар: зообұрыштарда, «тірі бұрыштарда», балалар мен жас өспірімдер мекемелерінде, жазғы және қысқы емдеу және санитарлы-курорттық мекемелерінде «Екібастұз қаласы бойынша санитарлы-эпидемиолигиялық қадағалау департаментінің басқармасы» (келісім бойынша) мемлекеттік мекемесі мен ветеринарлық инспекциясының рұқсатымен; бөліп қоршалган аймақта (волъердо) еркін қыдыртуға немесе байлап ұстауға; қарауыл иттерді мекемелер мен ұйымдарда тек қана байлап ұстауға; қарғыбаусыз және мұрындықсыз арнайы тағайындалған арнайы ұйымдарда шұғыл қолдануда, оқу-үйрету алаңдарында, гигиеналық және ветеринарлы-санитарлық талаптарды орындай отырып және адамдар қауіпсіздігін міндетті түрде қамтамасыз ету.
Тармақ 4
4. Жануарларды тұрғын жайларда, оның ішінде, туыстық қатынастармен байланыспаған, екі не одан көп жанұялар тұратын пәтерлерде, егер олардың келісімі мен көрніілеРДе медициналық қарсылықтар көрсетулері болмаған жағдайларда ұстауға.
Тармақ 5
5. Иттерді, мысықтар мен басқа жануарларды қалалық қоғамдық көліктерде, осы көліктің түрінде қолданатын ережелерді орындап, адамдардың қауіпсіздігін міндетті қамтамасыз етумен тасымалдауға.
Тармақ 6
6. Кез келген жануарлар иелерінің меншігі болып табылады және түрлі меншік сиақты заңмен қорғалады.
Тармақ 7
7. Иттер, мысықтар мен басқа жануарлар иелерінің міндеттері: өздерінің қарауындағы жануарларды «Қалалық ветеринарлық емдеу орны» мемлекеттік коммуналдық қазыналы кәсіпорында тіркеуге (бүдан әрі мәтін бойынша қаланың мемлекеттік ветеринарлық қызметі). Егер тіркеу куәлігі болмаған жағдайда жануарлар көрмеге және асыл түқымдылар байқауына қатысуға жіберілмейді; өздерінің қарауындағы жануарларды, олардың биологиалық ерекшеліктеріне сәйкес жануарға адамгершілікпен қарауға, сусыз қалдыруға, ұрмай ұстауға және ауруға ұшыраған жағдайда уақытында ветеринарлық көмекке келуге; қаланың мемлекеттік ветеринарлық қызметінің талабы бойынша оларды қарауға, диагностикалық зерттеулерге, алдын алу екпелеріне ұсынуға; итті лақап аты, иесінің мекен-жайы, телефоны көрсетілген белгіні мойындықта бекітіп, жетектеп қыдыртуға шығару; ірі иттерге мұрындықты кигізу; Иттердін, мысықтар мен басқа жануарлардың жабайы жануарлармен және қаңғырып жүрген иттермен, мысықтармен қарым-қатынасы туралы, және де олардың жоғарыда аталған жануарлардың тістеген жағдайында, олардың жынды ауруына ұшырағанын байқаған кезде, кідіртпей қаланың мемлекеттік ветеринары қызметіне мәлімдеу керек; ауыл шаруашылық үй жануарлары мен қүстарын арнайы жабдықталған жабық ғимараттарда, жеке үйлердің қоршалған аймақтарында және үйлердің қоршалған аймақтарында және қолданыстағы нормативтерге сәйкес басқа обьектілерден қашықтықта ұстауға; ауыл шаруашылық үй жануарлары мен құстарын ұстаудың зоотехникалық және ветеринарлық санитарлы талаптарды сақтауға, жануарлардан шыққан қалдықтармен қоршаған ортаны ластауға мүмкіндік бермеуге; мал қораны әр айда ақпен ақтау және әр аптада арнаулы құралдармен тазарту. Мал, жемдерінің қалдықтары және күл-қоқыстар белгіленген орынға шығару; шыбындармен, түрлі жүқпалы ауруларды жұқтұрушылармең күресу мақсатында сәуір және қазан айлары мерзімінде үй жануарлары мен құстарды үстау орындарын аптасына кемінде бір рет инсектицийдалық дәрі-дәрмекпен өңдеу.
Тармақ 8
8. Иттің немесе мысықтың иесі зардап шеккен адамдар туралы дереу жақындағы медициналық мекемеге немесе мемлекеттік ветеринарлық қызметіне хабарлауы қажет.
Тармақ 9
9. Жануарлар иелері үй мен қарамағындағы аумақтың санитарлық жағдайына қолдау көрсетуге міндетті. Иттерді, мысықтарды және басқа жануарларды серуендету кезінде иелері қоқыс жәшігі немесе контейнерге конфискаттарды жою үшін қажетті керек-жарақтарды өздерімен бірге алып жүрулері керек.
Тармақ 10
10. Жер учаскесі бар жер үйлердегі иттердің иелері иттерін еркін серуенде тек жақсы қоршалған аймақта немесе байлап ұстай алады. Учаскеге кірер беріс жерде иттің бар екендігі туралы ескертуін жазуы жасалынуы керек.
Тармақ 11
11. Тұрғын үйлерде иттерді серуенге шығарушы ит иелері иттерді үргізбей, тыныштық сақтаулары қажет.
Тармақ 12
12. Ит иелеріне осы мақсаттағы арнайы бөлінген жерлерде иттерді серуендету (қосымшаға сәйкес) ұсынылады.
Тармақ 13
13. Қаланың ветеринар мамандарымен барлық ауыл шаруашылық жануарларын, қүстарды, иттерді жылына екі мәрте (көктем мен күз) алдын алу мен байқауды өткізу.
Тармақ 14
14. Үй жануарлары иелеріне тыйым салынады: иттер мен мысықтарды жануардың терісі мен етін қолдану мақсатында ұстауға; жабайы және үй жануарларын мектепке дейінгі балалар мекемелерінің, мектептердің, оқушылар сарайының, кооперативттердің зоологиялық бұрыштарында ветеринар қызметінің рүқсатынсыз ұстауға; жеке үй қүрылыстарынан тыс (қосалқы шаруашылықта және тағы басқа) жерлерде ауыл шаруашылық жануарлары мен құстарды ұстап, көбейтуге экзотикалық жануарларды қаланың мемлекеттік ветеринар қызметінің лайықты рұқсатынсыз ұстауға; иттерді, мысықтарды және өзге жануарларды азық-түлік дүкендерінде, сауда орындарында, қоғамдық тамақтану кәсіпорындарының ғимараттарында ұстауға; жануарларды көгалді жерге шығаруға, олармен қоршаған ортаға зиян келтіруге, олармен бірге дүкенге, мектепке, стадиондарға, балалар ойын алаңдарына, зират басына баруға және қоғамдық іс-шараларға баруға (егер бүл аса ескертілмесе), адамдардың демалыс орындарында жануарларды шомылдыруға жібермеу; иттерді серуендетуге және олармен қоғамдық орындарға және көліктерде мас күйіндегі тұлғалармен және 14 жастан кіші балалармен шығаруға; ветеринарлық куәлігі болмаған жағдайда және құтыруға қарсы егпе жасалғаны туралы белгі болмаған жағдайда жануарларды облыстың басқа аймақтарына сатуға, сатып алуға және тасымалдауға; құтырған ауруға ұшыраған деген күдікті иттер мен мысықтарды қоғамдық көлік құралдарында тасуға; малды қаланың санитарлық аймағында: көшелерде, алаңдарда, саябақтарда және басқа да жалпы пайдаланатын орындарда қыдыртуға; малды иесіз жайылымдық жерге және түрақтардың орнына айдап өтуге;
Тармақ 15
15. Жұқпалы аурумен ауырған жағдайда жануарлар қаланың мемлекеттік ветеринарлық қызметінің шешімі бойынша белгіленген тәртіппен алынып тасталады және басқалардан аулақтанады.
Тармақ 16
16. Қаңғып бос жүрген және тіркелмеген жануарлар арнайы бригадамен жинастырылып, жануарларды (осы уақытта жүмыс істеп түрған) қабылдау пунктіне тапсырылады.
Тармақ 17
17. Дүкендерде, емханаларда, тұрмыстық қызмет көрсету үйлерінде уақытша иелері байлап қалтырған жануарлардан басқа жетектеуші тұлғаларсыз қоғамдық орындарда болған иттер, мысықтар мен басқа жануарлар қараусыз деп саналып, арнайы қызметтің аулауына жатады.
Тармақ 18
18. Жануарлармен азаматтардың денсаулығына зиян тигізген немесе мүліктеріне салған зияны, залалы бекітілген заңды түрде орны толтырылады.
Тарау 3. 3. Осы қағидаларды сақтауға жануарлар иелерінің жауапкершілігі.
3. Осы қағидаларды сақтауға жануарлар иелерінің жауапкершілігі.
Тармақ 19
19. Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Әкімшілік қүқықбүзушылық туралы" Кодексіне сәйкес "Екібастұз өңірінің аумағында үй жануарларын үстау Қағидасын" бұзғаны үшін жауапкершіліктер қаралған.
Тармақ 20
20. Аталмыш қағиданың орындалуын қадағалау Екібастұз қаласының ішкі істер бөлімі мен "Қалалық ветеринарлық еммхана" мемлекттік коммуналдық қазыналы кәсіпорыны жүзеге асырады.
Тармақ 21
21. Осы Қағида ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.
Басқа 28. Екібастұз қаласында иттерді және мысықтарды серуендету үшін бөлінген жерлердің ТІЗІМІ
Екібастұз қалалық мәслихатының (III шақырылған кезекті XXV сессия) "Екібастұз өңірінің аумағында үй жануарларын үстау Қағидасы туралы" 2006 жылғы 25 сәуірдегі № 326/25 шешіміне қосымша Екібастұз қаласында иттерді және мысықтарды серуендету үшін бөлінген жерлердің ТІЗІМІ
Тармақ 1
1. 1 шағынаудандағы Қонаев даңғылы мен Школьный шолақ жолының бұрышы.
Тармақ 2
2. 5 "А" шағынаудандағы "Шахтёр" бағының бөлінген жерлері
Тармақ 3
3. 10 шағынауданда Әуезов көшесі мен Абай көшесі (Парк алаңы)
Тармақ 4
4. 20 шағынауданда Московская көшесі мен Энергетиктер көшесі (бос алаң)
Тармақ 5
5. 3 шағынауданда Строитель көшесінің бұрышындағы сквермен Пшембаев көшесі
Тармақ 6
6. 29 шағынауданда Салық комитеті ауданындағы бос алаң
Тармақ 7
7. 22 шағынауданда № 21 орта мектеп ауданындағы бос алаң
Тармақ 8
8. 31 шағынауданда Қонаев және Екібастүзға 40-жыл көшелерінің қиылысындағы бос алаң