О создании оборонно-спортивного оздоровительного лагеря для подготовки юношей допризывного и призывного возраста к военной службе Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.05.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Әскерге дейінгі және әскерге шақырылушы жастағы жасөспірімдерді әскери қызметке дайындау үшін қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерін құру туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31бабының 2 тармағының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 1 қарашадағы № 1340  "Алғашқы әскери дайындық туралы" қаулысының негізінде, алғашқы әскери дайындық және азаматтық қорғаныс бағдарламасын оқу барысында жасөспірімдердің алған білімдерін, дағдылары мен шеберліктерін практикалық бекіту, денсаулықтарын нығайту, жасөспірімдердің дене тәрбиесін жақсарту мақсатында Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Өскемен қаласы әкімдігінің "Өскемен балалар-жасөспірімдер клубтарының қалалық бірлестігі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының С. Ковалев атындағы қалалық сауықтыру лагері базасында "Өскемен қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жанынан әскерге дейінгі және әскерге шақырылушы жастағы жасөспірімдермен оқу дала жиындарын өткізу үшін қорғаныс-спорттық сауықтыру лагері (бұдан әрі - ҚССЛ) құрылсын.
Тармақ 2
2. ҚССЛ қабылдауға және ашуға дайындық жағдайын тексеру үшін комиссия құрылсын (қосымша).
Тармақ 3
3. ҚССЛ оқу-дала жиындары 10 мамырдан 10 маусымға дейін өткізілсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Өскемен қаласы әкімінің орынбасары С.И. Ферхоға жүктелсін.
Тармақ 5
5. Қала әкімдігінің 2005 жылдың 12 мамырдағы №776 "Қаланың жалпы білім беретін мектептерінде оқитын әскерге дейінгі және әскерге шақырылушы жастағы жасөспірімдерге арналған қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерін құру туралы» қаулысының күші жойылған деп саналсын, (тіркеу № 2361, "Дидар" газетінің 2005 жылғы 21 маусымдағы № 61 және "Рудный Алтай" газетінің 2005 жылғы 23 маусымдағы № 94 жарияланған).
Басқа 6. ҚССЛ ашу және қабылдау дайындығы жағдайын тексеру бойынша комиссияның құрамы
Өскемен қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 10 сәуірдегі » № 3431 қаулысына қосымша ҚССЛ ашу және қабылдау дайындығы жағдайын тексеру бойынша комиссияның құрамы 1. Светлана Ивановна Ферхо комиссияның төрағасы, Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Комиссия мүшелері 2. Бауыржан Болатұлы Бадылбаев Шығыс-қазақстан облысының төтенше жағдайлар саласында мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасының мемлекеттік өрт қауіпсіздігін қадағалау қызметінің бас маманы (келісім бойынша) 3. Александр Александрович Кузнецов "Өскемен қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің меңгерушісі 4. Анна Васильевна Кузьмицкая Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік санитарлық эпидемиялық қадағалау департаментінің Өскемен қаласы бойынша басқармасының жалпы санитарлық қадағалау бөлімінің бас маманы (келісім бойынша) 5. Татьяна Юрьевна Мухамадиева Өскемен қаласының ішкі істер басқармасының қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің кәмелетке толмағандар ісі бойынша учаскелік инспекторы (келісім бойынша) 6. Казбек Есболатұлы Ахметов Өскемен қаласының қорғаныс істері бойынша басқармасының келісім бойынша әскери қызметке алу бөлімінің бастығы (келісім бойынша) 7. Ольга Викторовна Таранда Өскемен қаласының № 6 отбасылық дәрігерлік амбулаториясының бастығы (келісім бойынша) 8. Тамара Павловна Еремина "Қазақстан Республикасының Шығыс Қазақстан облысы бойынша еңбек және тұрғындарды әлеуметтік қорғау Министрлігінің департаменті" мемлекеттік мекемесінің бас маманы - еңбектің мемлекеттік инспекторы (келісім бойынша) Қала әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы "Өскемен қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің меңгерушісі