Вопросы Комитета по управлению земельными ресурсами Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.11.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылық Жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетінің мәселелері Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.11.23. N 1776 қаулысымен. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жекелеген мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 5 наурыздағы N 206 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жер ресурстарын басқару жөніндегі комитеті туралы ереже;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетінің құрылымы;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетінің қарауындағы ұйымдардың тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы" 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде: "Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі мемлекеттік комитеті" және "Қазақстан Республикасының Геодезия және картография бас басқармасы" бөлімдері мынадай редакцияда жазылсын: "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару жөніндегі комитеті"
Тармақ 3
3. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару жөніндегі комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 сәуірдегі N 369 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 12, 100-құжат) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 0. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару жөніндегі комитеті туралы Ереже
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 сәуірдегі N 518 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару жөніндегі комитеті туралы Ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару жөніндегі комитеті (бұдан әрі - Комитет) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің құзыреті шегінде арнайы атқарушылық және бақылау функцияларын, сондай-ақ жер ресурстарын, топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды мемлекеттік басқару саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын ведомствосы болып табылады. 📌 ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093 қаулысымен.
Тармақ 2
2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де құқықтық нормативтік актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Комитет мемлекеттiк мекеменiң ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңдарға сәйкес банктерде шоттары болады. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. Комитеттің, егер оған заңдарға сәйкес уәкілеттік берілсе, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар. 📌 ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093 қаулысымен.
Тармақ 4
4. Комитет өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңдарда белгіленген тәртіппен бұйрық түрінде Қазақстан Республикасының аумағында міндетті күші болатын актілер шығарады.
Тармақ 5
5. Комитеттiң құрылымы мен штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi. 📌 ЕСКЕРТУ. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093 қаулысымен.
Тармақ 6
6. Комитеттің заңды мекен-жайы: Астана қаласы. 473000, Желтоқсан көшесі, 41
Тармақ 7
7. Комитеттің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару жөніндегі комитеті" мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 8
8. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 9
9. Комитеттің қызметін қаржыландыру, тек республикалық бюджеттен ғана жүзеге асырылады. Комитетке өзінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілермен шарттық қатынастар жасауға тиым салынады. Егер Комитетке заң актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне аударылады.
Тарау 2. 2. Комитеттің негізгі міндеттері, функциялары және құқықтары
2. Комитеттің негізгі міндеттері, функциялары және құқықтары
Тармақ 10
10. Комитеттің негізгі міндеттері:
Тармақша 1
1) жер ресурстарын басқару және жер қатынастарын реттеу саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу;
Тармақша 2
2) жер реформасын жүргізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және жүзеге асыру, оның ғылыми, кадрлық және әдістемелік қамтамасыз ету, жерге орналастыру жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және іске асыру;
Тармақша 3
3) жер мониторингін, мемлекеттік жер кадастрын ұйымдастыру және жүргізу;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасы жер ресурстарының жай-күйі туралы деректердің банкін құру;
Тармақша 5
5) жерлерді аймақтауды ұйымдастыру;
Тармақша 6
6) жерлердің пайдаланылуын және қорғалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру болып табылады.
Тармақ 11
11. Комитет заңда белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) жер заңдарының қолданылу практикасын қорытады, оны жетілдіру жөнінде ұсыныс әзірлейді;
Тармақша 2
2) жер заңдарының бұзылуын жоюға шаралар қолданады;
Тармақша 3
3) қолда бар жерлер және олардың: санаттар, алқаптар, жер учаскелерінің меншік иелері және жерді пайдаланушылар бойынша бөлінуі туралы, жерлердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау туралы, бүлінген жерлерді қайта өңдеу, топырақтың құнарлы қабатын сылып алу және пайдалану туралы жыл сайынғы республикалық есепті жасайды.
Тармақша 4
4) мемлекеттік республикалық картографиялық-геодезиялық қорды және республика аумағы жер ресурстарының картографиялық қорын жүргізеді.
Тармақша 5
5) республика аумағының геоақпараттық жүйесін құрады;
Тармақша 6
6) мемлекеттік құпияға жататын топографиялық-геодезиялық, картографиялық және аэросуретке түсіру материалдарын пайдаланудың тәртібін белгілейді, сондай-ақ олардың мекемелердегі есебін, көбейтілуін және сақталуын бақылауды ұйымдастырады;
Тармақша 7
7) халықаралық ұйымдарда геодезия және картография мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының атынан өкілдік етеді, басқа елдердің геодезиялық қызметтерімен қарым-қатынас жасайды;
Тармақша 8
8) жер үшін төлем белгілеу жөнінде ұсыныс әзірлейді;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдарымен жер қатынастарын реттеу, жерлерді пайдалану және қорғау, жер реформасын жүргізу мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды;
Тармақша 10
10) жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындайды;
Тармақша 11
11) мемлекет жеке меншікке сатқан, пайдалануға берген кезде және оларды кепілге берген кезде нақты жер учаскелерінің (жер пайдалану құқығы) құнын айқындайды;
Тармақша 12
12) пайдаланылмаған жерлер мен заңдарды бұзу арқылы пайдаланылып отырған жерлерді анықтайды;
Тармақша 13
13) жерді пайдалану және қорғау мәселелерін қозғайтын республикалық, облыстық аудандық бағдарламаларға, сызбаларға және жобаларға сараптама жүргізеді;
Тармақша 14
14) жер реформасын жүргізу мақсатында ғылыми-зерттеу, тәжірибе-конструкторлық, жобалау-іздестіру жұмыстарына мемлекеттік тапсырыстарды қалыптастыруға қатысады;
Тармақша 15
15) ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың белгіленген тәртіппен жерге орналастыру, топографиялық-геодезиялық, инженерлік-геодезиялық, маркшейдерлік, картографиялық, топырақтық, агрохимиялық, геоботаникалық және басқа да зерттеулік және іздестіру жұмыстарын жүргізу тұрғысындағы қызметін үйлестіреді;
Тармақша 16
16) жерге құқықтық куәландыратын құжаттарды дайындайды және береді;
Тармақша 17
17) өзіне заңдармен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Тармақ 12
12. Комитеттің заңдарда белгіленген тәртіппен негізгі міндеттерді іске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру мақсатында:
Тармақша 1
1) мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан, лауазымды адамдардан және азаматтардан жерді пайдалану және қорғау мәселелері жөнінде қажетті ақпарат сұратуға және алуға;
Тармақша 2
2) атқарушы органдардың қарауына заң актілерінде көзделген негіздемелер бойынша жерді пайдалану құқықтарын тоқтату туралы ұсыныс енгізуге;
Тармақша 3
3) жергілікті атқарушы органдардың жер туралы заңдарға қайшы келетін шешімдерін тоқтату туралы ұсыныс енгізуге;
Тармақша 4
4) өз құзыретінің шегінде лицензиялауды жүзеге асыруға;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
Тарау 3. 3. Комитеттің мүлкі
3. Комитеттің мүлкі
Тармақ 13
13. Комитеттің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.
Тармақ 14
14. Комитетке бекітіліп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.
Тармақ 15
15. Комитеттің бекітіліп берілген мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгеше тәсілмен билік етуге құқығы жоқ. Комитетке заңдарда белгіленген жағдайларда және шектерде мүлікке билік ету құқығы берілуі мүмкін.
Тарау 4. 4. Комитеттің қызметін ұйымдастыру
4. Комитеттің қызметін ұйымдастыру
Тармақ 16
16. Комитеті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төраға басқарады. Комитет төрағасының оның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын екі орынбасары болады.
Тармақ 17
17. Комитеттің төрағасы Комитеттің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды және Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауаптылықта болады.
Тармақ 18
18. Төраға осы мақсатта:
Тармақша 1
1) өзінің орынбасарлары мен Комитеттің құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;
Тармақша 2
2) заңдарға сәйкес Комитеттің қызметкерлерін, аумақтық органдар мен ведомстволық бағыныстағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 3
3) заңдарда белгіленген тәртіппен Комитеттің қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;
Тармақша 4
4) бұйрықтарға қол қояды;
Тармақша 5
5) Комитеттің құрылымдық бөлімшелері туралы ережені бекітеді;
Тармақша 6
6) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Комитеттің атынан өкілдік етеді;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тарау 5. 5. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
5. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 19
19. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Басқа 1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетінің Құрылымы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 сәуірдегі N 518 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетінің Құрылымы Басшылық Жерге орналастыру және жер рыногы бөлімі Мемлекеттік жер инспекциясы бөлімі Жер кадастры және мониторингі бөлімі Геодезия, картография және геоақпараттық технологиялар бөлімі Экономикалық болжамдау және маркетинг бөлімі
Басқа 2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетінің қарауындағы ұйымдардың Тізбесі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 сәуірдегі N 518 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетінің қарауындағы ұйымдардың Тізбесі
Тармақ 1
1. "Мемлекеттік жер ресурстары және жерге орналастыру ғылыми-өндірістік орталығы (МемжерҒӨО)" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығында).
Тармақ 2
2. "Мемлекеттік ауылшаруашылық аэрофотогеодезиялық іздестіру институты (МААІИ)" республикалық мемлекеттік кәсіпорыны (шаруашылық жүргізу құқығында).
Тармақ 3
3. "Ақмолатопогеодезия" Ақмола топографиялық-геодезиялық республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Тармақ 4
4. "Ақтөбегеодезия" Ақтөбе картографиялық-геодезиялық республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Тармақ 5
5. "Талдықорғангеодезия" Талдықорған топографиялық-геодезиялық республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Тармақ 6
6. "Талғаргеодезия" Талғар картографиялық-геодезиялық республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Тармақ 7
7. "Семейгеодезия" Семей картографиялық-геодезиялық республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Тармақ 8
8. "Жамбылгеодезия" Жамбыл картографиялық-геодезиялық республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Тармақ 9
9. "Қарағандымаркшейдер" Қарағанды топографиялық-маркшейдерлік республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Тармақ 10
10. "Көкшетаугеодезия" Көкшетау картографиялық-геодезиялық республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Тармақ 11
11. "Шымкентгеодезия" Оңтүстік Қазақстан топографиялық-геодезиялық республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Тармақ 12
12. "Инжгеодезия" Алматы инженерлік-геодезиялық іздестіру республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Тармақ 13
13. "Қазгеодезияның орталық картографиялық геодезиялық қоры (ОКГҚ) республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Тармақ 14
14. "Картография" Қазгеодезияның республикалық мемлекеттік қазыналық картографиялық кәсіпорны.
Тармақ 15
15. "Картографиялық және геоақпараттық жүйелер ғылыми-өндірістік кәсіпорны" (Картақпарат ҒОК) республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.