Об организации тушения крупных пожаров при ликвидации чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера на территории Костанайского района Қолданыста
Басқа 0
Қостанай ауданының аумағында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою кезінде ірі өрттердің сондіруін ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының «Өрт қауіпсіздігі туралы» Заңына сәйкес, өрт қауіпсіздігінің деңгейін арттыру, өрт бөлімшелерінің тұрақты ұрысқа әзірлігін, ірі өрттерді жою үшін арнайы және қосалқы жұмыстарды орындауға күш-құралдарын жедел жұмылдыруды қамтамасыз ету мақсатында Қостанай ауданының әкімдгі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 1-қосымшаға сәйкес табиғи және техногендік сипаттағы ірі өрттерді жою үшін өртке қарсы бөлімшелермен жедел басқару, күш-құралдарын жұмылдыру үшін өрт сөндіру аудандық жедел штабының құрамы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Селолық округтер әкімдері, орман арасында кәсіпөндірістері мен демалыс зоналары бар кәсіпорын мен ұйым басшылары орманда өрт шыққан кезде өз күш-құралдарымен өртті жоюға дереу шаралар қабылдасын. Ауданның өрт сөндіруші қызметкерлері келгенге дейін өрт сөндіру басшылығы селолық округ әкіміне жүктелсін.
Тармақ 3
3. 2-қосымшаға сәйкес табиғи және техногендік сипаттағы ірі өрттерді сөндіруге жәрдем көрсету үшін жұмылдыруға жататын шаруашылық объектілердің күш-құралдарын тарту жоспары бекітілсін.
Тармақ 4
4. Селолық округтер әкімдері, шаруашылық объектілердің басшылары өрт сөндіру үшін өрт сөндіргіш пен оған қосымша бейімделген техниканы техникалық жарамды жағдайына келтірсін, қысқы кезде оны техникалық қолдану жағдайларға лайықты жылы бөлімшелерге орнатсын және жеке құрамға тұрмыстык жағдайлар жасасын.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасы «Өрт қауіпсіздігі туралы» Заңының 25-бабы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 18 маусымдағы № 801 қаулысымен бекітілген, «Өрт сөндіру жөніндегі жауынгерлік іс-қимылдарды орындауға қатысатын өртке қарсы қызмет бөлімшелері мен өрт сондіруге тартылған күштер үшін ұйымдардың аумақтарында өрт сөндіру кезінде қажетті күштер мен құралдарды, жанар-жағар май материалдарын, сондай-ақ тамақ өнімдерін және демалыс орындарын ұсыну ережесі» негізінде, 3 сағаттан аса іске асырылатын ірі және күрделі өрттерді жою кезінде меншік түріне қарамай басшылары өрт техникасымен және апатты-құтқару құралдарымен жұмыс істеу үшін жанар-жағар май материалдарымен және өрт сөндіру бөлімшелерінің жеке құрамын азық-түлікпен қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. 3-қосымшаға сәйкес көктемгі-жазғы кезенде ормандарда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде іс-шаралар жоспары бекітілсін.
Тармақ 7
7. «Өрт сөндіру қызметі және апат-құтқару жұмыстары» мемлекеттік мекемесі филиалының Қостанай ауданы бойынша 12-өрт бөлімшесінің келісімінсіз орман алқаптарында, бос орындарында, шалғындарында шөптерді және алқаптарда (оның ішінде ауыл шаруашылық өртеңдерді жүргізу), орман қорының жерлерінде және ормандарға, сондай-ақ орман қорғау және көгалдандыру екпе ағаштарына тұра жататын учаскелерінде шабындықтарды өртеуге тыйым салынсын.
Тармақ 8
8. Қостанай ауданының төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау бөлімінің бастығына (Оспанов А.С. келісім бойынша), «Қостанай ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығына (Дүскенов Н.Т. келісім бойынша) белгіленген тәртіп бойынша өзара іс-әрекет жоспарын әзірлеу және бекіту ұсынылсын.
Тармақ 9
9. «Қостанай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі табиғи және техногендік сипаттағы ірі өрттерді қоюға «Аудан көлемінде (облыстық маңызы бар қалалар) төтенше жағдайларды ескерту және жою» 1220060000 бағдарламасы бойынша 300000 (үш жүз мың) теңге сомасында қаражат қарастырсын.
Тармақ 10
10. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.В.Иванецке жүктелсін.
Тармақ 11
11. Қостанай ауданы әкімиятының «Қостанай ауданы аумағындағы табиғи және техногендік төтенше жағдайларды жою, ірі өрттерді сөндіруді ұйымдастыру туралы» 2001 жылғы 29 мамырдағы № 7 қаулысы күшін жойды деп саналсын.
Басқа 12. Өрт сөндіру аудандық жедел штабының құрамы
Қостанай ауданы әкімдігінің
2006 жылғы 4 мамырдағы № 286
қаулысына 1-қосымша
Өрт сөндіру аудандық жедел штабының құрамы
Досмағамбетов Толыбай Темірланұлы - «Өрт сөндіру қызметі және апат-құтқару жұмыстары» мемлекеттік мекемесі филиалының Қостанай ауданы бойынша 12-өрт бөлімшесінің бастығы, өрт сөндіру басшысы (келісім бойынша)
Овчаренко Леонид Григорьевич - орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі қала төңірегіндегі мемлекеттік мекемесінің директоры, өрт сөндіру басшысының орынбасары (келісім бойынша)
Осадчий Андрей Васильевич - Қостанай ауданының төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау бөлімінін бас маманы, тылды қамтамасыз ету бастығы (келісім бойынша)
Чепурнов Алексей Юрьевич - «Өрт сондіру қызметі және апат-құтқару жұмыстары» мемлекеттік мекемесі филиалының Қостанай ауданы бойынша 12-өрт бөлімшесі бастығы орынбасарының міндетін атқарушы, өрт сөндіру жедел штабының бастығы (келісім бойынша)
Шилов Виктор Сергеевич, Щербаков Владимир Владимирович - «Өрт сөндіру қызметі және апат-құтқару жұмыстары» мемлекеттік мекемесі филиалының Қостанай ауданы бойынша 12-өрт бөлімшесінің күзет бастықтары, ұрыс алаңдардың бастықтары (келісім бойынша)
Басқа 13. Қостанай ауданында өрт сөндіруге тартылған күш-құралдардың жоспары
Қостанай ауданы әкімдігінің
2006 жылғы 4 мамырдағы № 286
қаулысына 2-қосымша
Қостанай ауданында өрт сөндіруге тартылған күш-құралдардың жоспары
Басқа 14. Көктемгі-жазғы кезенде ормандарда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде іс-шаралар жоспары
Қостанай ауданы әкімдігінің
2006 жылғы 4 мамырдағы № 286
қаулысына 3-қосымша
Көктемгі-жазғы кезенде ормандарда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде іс-шаралар жоспары