Аудан бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы Күшін жойған
Басқа 0
Аудан бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 23 жылғы 23 қаңтардағы №149-ІІ санды заңын жүзеге асыру бағытында «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-ІІ санды заңның 31 бабына сай аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұсынбасына сай қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын мекемелердің атаулы тізбелері мен қоғамдық жұмыстардың түрлері бекітілсін. (№1. жалғама)
Тармақ 2
2. Қоғамдық жұмыстарды жергілікті бюджеттен қаржыландыру аудандық экономика және қаржы бөліміне (Б.Нұрмағамбетов) тапсырылсын.
Тармақ 3
3. Аудан халқын еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік жағынан қорғау мақсатында еңбек ақыларының уақытында төленуін және олардың жұмыс берушілермен арасында жасалатын құжаттарының заң талаптарына сай болуын қамтамасыз ету жүктелсін.
Тармақ 4
4. Аудан бойынша қоғамдық жұмыстардың ұйымдастыру тәртібі №2 жалғамаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 5
5. Аудан әкімінің орынбасары А.Балғайшиевке осы қаулының орындалуына бақылау жасау тапсырылсын.
Басқа 6. Аудан бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын мекемелердің атаулы тізбелері мен қоғамдық жұмыстардың түрлері
Аудан әкімдігінің
30.01.2006 жылғы
№ 52 қаулысымен бекітілген
№ 1 жалғама
Аудан бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын мекемелердің атаулы тізбелері мен қоғамдық жұмыстардың түрлері
Мекеме, ұйым, құрылымның атаулы тізбелері
Қоғамдық жұмыстың түрлері
Қаржыландыру көздері
Селолық округтер әкімшіліктері және оның аумағындағы бюджеттік мекемелер
Ауыл, село тазалығын сақтау, (қар аршу, көше сыпыру және күл- қоқыстарды шығару)
Көгалдандыру (ағаш егу, күтіп бағу, бағбан)
Селолық округтердегі әкімшілік үйлерін жылы, таза ұстау үшін от жағушы, еден сыпырушы
Іс-қағаз тасушы үйлерге пеш салу, тас қалау, жарды сылау, әктеу, есік жөндеу, терезелерді көздеу, еден төсеу, сырлау үшін көмекші жұмысшы алу пеш тас, саман тас соғу, қамыс бууға жұмысшылар алу
Аудан бойынша иесіз қалған өндірістік объектілерді, ғимараттарды бақылауға алу, күзет жұмыстару бағытында жұмысшылар алу
Мектепке алыс елді мекендерден оқушыларды тасымалдауға жұмысшылар алу
Жергілікті бюджет
Аудандық аумақтық басқарма
Селолық округтердегі мал дәрігерлерге көмекші жұмысшы алу
Аудандық аумақтық медицина бірлестігі
Іс қағаз тасушы
Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім
Іс қағаз тасушы
Коммуналдық кәсіпорын Аудандық мемлекеттік коммуналдық шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорын
Үйлерге пеш салу, тас қалау, жарды сылау, әктеу, есік жөндеу, терезелерді көздеуге, еден төсеу, сырлау үшін көмекші жұмысшылар алу
Су жүйесін жүргізушіге көмекші алу
Аудандық прокуратура
Күзетші
Аудандық мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы
Іс қағаз тасушы
Аудандық әділет басқармасы
Іс қағаз тасушы
«Қаратөбе балалар шығармашылық үйі» МКҚК
Маусымдық мал бақташы алу
Басқа 7. Аудан бойынша қоғамдық жұмыстардың кейбір ауыр түрлері
Аудан әкімдігінің
30.01.2006 жылғы
№ 52 қаулысымен бекітілген
№ 2 жалғама
Аудан бойынша қоғамдық жұмыстардың кейбір ауыр түрлері
Тармақ 1
1. Үйлерге пеш салу, тас қалау, жарды сылау, әктеу, есік жөндеу, терезелерді көздеуге, еден төсеу, сырлауға – 16560 теңгеден;
Тармақ 2
2. Әрбір жұмысшыға өнімнің сапасына қарай айына дайындалған 2000 дана саман тас, 3000 дана пеш тас, 100 дана қамыс плитасы үшін қабылдау актісіне сәйкес – 13800 теңгеден