Бөкей ордасы ауданы бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы Күшін жойған
Басқа 0
Бөкей ордасы ауданы
бойынша қоғамдық
жұмыстарды ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149-ІІ «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңдарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы №836 “Халықты жұмыспен қамту туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы” қаулысын басшылыққа ала отырып, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудан бойынша қоғамдық жұмыстар жергілікті бюджет және жұмыс берушілердің сұранысы негізінде солардың есебінен каржыландырылсын.
Тармақ 2
2. Коғамдық жұмыстарды қаржыландырудың көлемі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен аудандық мекемелер арасында жасалатын келісім- шарт негізінде белгіленсін.
Тармақ 3
3. Аудан бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын мекемелердің тізбесі № 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 4
4. Қоғамдық жұмысқа қатысатын жұмысыздарға төленетін еңбек ақы мөлшері Республика көлеміндегі белгіленген төменгі жалақы мөлшерінде белгіленсін.
Тармақ 5
5. Ақылы қоғамдық жұмыс белгілі бір мерзімге және төлеміне қарай ұйымдастырылатын уақытша жұмыс болғандықтан, әр жұмысызға 6 ай мерзімі белгіленсін.
Тармақ 6
6. Ұйымдастырылатын қоғамдық жұмыстардың түрлері № 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 7
7. Аудандық қаржы бөліміне (М.Ә.Қойшекенова) қоғамдық жұмыстарды жергілікті бюджеттен қаржыландыру тапсырылсын.
Тармақ 8
8. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне (У.Ғ.Нұрғалиев) жұмыс берушілермен бірлесе отырып ақылы қоғамдық жұмыстарды келісім-шарт негізінде ұйымдастыру тапсырылсын.
Тармақ 9
9. Аудан әкімдігінің 2004 жылғы 7 мамырдағы № 73 «Бөкей ордасы ауданы бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» (тіркеу 31.05.2004 ж. № 2680, «Орда жұлдызы» газеті 2004 жыл 19 маусым № 26), аудан әкімдігінің 2004 жылғы 3 желтоқсандағы 150 “Аудан әкімдігінің 2004 жылғы 7 мамырдағы № 73 “Бөкей ордасы ауданы бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар еңгізу туралы қаулысы (тіркеу 10.12.2004 ж. № 2811 «Орда жұлдызы» г.2005 жыл 10 қаңтар №2 ), аудан әкімдігінің 2006 жылғы 26 қаңтардағы № 31 (тіркеу 21.02.2006 ж. № 7-4-16 “Орда жұлдызы” газеті 2006 13 наурыз №11) қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 10
10. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.Еркеғалиевке тапсырылсын.
Басқа 11. Аудан бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын мекемелердің тізбесі.
Аудан әкімдігінің 2006 жылғы
«24» сәуірдегі №112 қаулысымен
бекітілген №1 қосымша
Аудан бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын мекемелердің тізбесі.
Бөкей ордасы ауданы әкімі аппараты;
Балалар саз мектебі;
Бөкей ордасы ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ;
Бөкей ордасы ауданының жер қатынастары бөлімі;
Бөкей ордасы ауданының ауыл шаруашылығы бөлім;
Бөкей ордасы ауданының ішкі саясат бөлімі;
Бөкей ордасы ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі;
Бөкей ордасы ауданының кәсіпкерлік бөлімі;
Бөкей ордасы ауданының құрылыс бөлімі;
Бөкей ордасы ауданының білім беру бөлімі;
Бөкей ордасы ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі;
Бөкей ордасы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары бөлімі;
Бөкей ордасы ауданының қаржы бөлімі;
Бөкей ордасы ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі;
Бөкей ордасы аудандық қазынашылық мекемесі;
Бөкей ордасы аудандық телекоммуникациялар торабы;
Бөкей ордасы аудандық зейнетақы тағайындау орталығы ;
Бөкей ордасы аудандық мұрағаты;
Бөкей ордасы аудандық туберкулез ауруханасы;
Бөкей ордасы аудандық аумақтық медицина бірлестігі;
Бөкей ордасы аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі;
Бөкей ордасы аудандық Демалыс орталығы;
Бөкей ордасы аудандық әділет басқармасы;
Бисен ауылдық округі бойынша;
Бисен ауылдық округі әкімі аппараты;
Б.Жәнекешов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі;
«Гүлдер» балабақшасы;
«Орда жұлдызы» газеті жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
Сайқын ауылдық округі бойынша;
Сайқын ауылдық округі әкімі аппараты;
М.Мәметова атындағы жалпы орта білім беретін мектебі;
Спорт мектебі;
№ 18 кәсіптік мектебі;
«Орда» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
Саралжын ауылдық округі бойынша;
Саралжын ауылдық округі әкімі аппараты;
Қ.Сағырбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі;
Мұратсай ауылдық округі бойынша;
Мұратсай ауылдық округі әкімі аппарат ;
А.Құсайынов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі;
Орда ауылдық округі бойынша;
Орла ауылдық округі әкімі аппараты;
Жәңгір хан атындағы жалпы орта білім беретін мектебі;
Орда орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі;
Орда тарихи - музейлік кешені;
Искра ауылдық округі бойынша;
Искра ауылдық округі әкімі аппараты;
Ш.Жексенбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі;
Көктөбе ауылдық округі бойынша;
Көктөбе ауылдық округі әкімі аппараты;
Т.Масин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі;
Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрлігінің аудандық аумақтық басқармасы;
Басқа 12. Ұйымдастырылатын қоғамдық жұмыстардың түрлері.
Аудан әкімдігінің 2006 жылғы
«24» сәуірдегі №112 қаулысымен бекітілген
№ 2 қосымша
Ұйымдастырылатын қоғамдық жұмыстардың түрлері.
Аудан бойынша иесіз қалған объектілерді, ғимараттарды бақылауға алу, күзет жұмыстары;
Ауыл ішін және мекеме кеңселерін безендіру жұмыстары;
Аудан бойынша шегіртке бар жерлерді анықтауға жәрдемдесу;
Бу қазандарына және пешке от жағу жұмыстары;
газет-журналдар, хат және жеделхаттарды абоненттерге жеткізіп беру;
елді мекендердің санитарлық тазалықтарын сақтау, күл-қоқыстар шығару;
елді мекендерде орналасқан әлеуметтік мекемелерге уақытша еден сыпырушы, күзет ұйымдастыру;
жол жөндеу жұмыстары;
көгалдандыру (ағаш,гүл егу жұмыстары);
көлдерді қору,су құбырларын тазарту және ауыз су құдықтарын санитарлық талапқа сай тазартып ұстау;
құрылыс материалдарын дайындау (қамыс буу, ағаш сүргілеу,саман, пеш тас соғу);
иесіз қалған ғимараттардың құрылыс материалдарын бұзып алу;
мал азығын және отын дайындау;
малды қолдан ұрықтандыру жұмыстарын жүргізу;
малды жұқпалы ауруларға қарсы егуге, қан алуға жәрдемдесу;
мәдени шараларды ұйымдастыруға жәрдемдесу;
мекеме, ұйым, кәсіпорындарда іс қағаздарын жүргізуге жәрдемдесу;
мәдениет және демалыс парктерін тазалау және көркейту жұмыстары;
адамдарға азық-түлік, дәрі-дәрмек әкеліп беру, мүгедек адамдармен, кемтар балалармен жұмыс жүргізу және медициналық сараптау комиссиясына жәрдемдесу;
мектеп жанындағы асханаларға қызмет көрсету;
мекеме аумағында және кеңселерде тазалық жұмыстарын жүргізу;
өз меншік ат-түйе көлігін пайдаланып тасымал жұмыстарына қатысу,
спорт алаңын жөндеу, сырлау;
тарихи ескерткіштерді жөндеу, қалпына келтіру;
тұрғын үй, әлеуметтік сала объектілерін салу, күрделі және жәй жөндеу жұмыстарына көмектесу ;
халық және мал санағын жүргізу;
фитосанитария,орман ағаштарын сақтау және оларды өртеп, кесіп, бүлдіруден қорғау жұмыстары;