Вопросы Комитета по водным ресурсам Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитетінің мәселелері
Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 2 наурыздағы N 347 қаулысымен.
"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жекелеген мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 5 наурыздағы N 206 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитеті туралы ереже;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитетінің құрылымы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Мыналардың:
Тармақша 1
1) "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 18 желтоқсандағы N 1786 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 56, 505-құжат);
Тармақша 2
2) "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су
ресурстары жөніндегі комитетінің су ресурстары жөніндегі облыстық
комитеттерін су шаруашылығы жөніндегі кәсіпорындар етіп қайта құру
туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 30 желтоқсандағы
N 1359
қаулысының 5-тармағының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы,
1998 ж., N 50, 463-құжат) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 0. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрлiгiнің Су
ресурстары жөніндегі комитеті туралы
ереже
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
1999 жылғы 6 мамырдағы
N 536 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрлiгiнің Су
ресурстары жөніндегі комитеті туралы
ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Су ресурстары жөнiндегi комитетi (бұдан әрi - Комитет) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі құзыретiнiң шегiнде су ресурстарын пайдалану аясында арнайы атқарушылық және бақылау-қадағалау функцияларын, сондай-ақ салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын ведомствосы болып табылады.
Комитеттiң Алматы, Астана, Атырау, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Семей, Тараз қалаларында аумақтық органдары - бассейндiк су шаруашылығы басқармалары бар.
📌 ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093
қаулысымен.
Тармақ 2
2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Yкiметінiң актiлерiне, өзге да нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Комитет мемлекеттiк мекеменiң ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрлерi және мөртаңбалары, белгіленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ заңдарға сәйкес банктерде шоттары болады.
Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
Егер Комитетке заңдарға сәйкес уәкiлеттiк берiлген болса, онда оның мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
Тармақ 4
4. Комитет өз құзыретiндегi мәселелер бойынша заңдарда белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының аумағында мiндетті күшi бар бұйрықтар шығарады.
Тармақ 5
5. Комитеттiң құрылымы мен штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтедi.
📌 ЕСКЕРТУ. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093
қаулысымен.
Тармақ 6
6. Комитеттiң заңды мекен-жайы:
Астана қаласы, Можайск көшесi, 28-а.
Тармақ 7
7. Комитеттiң толық атауы - "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгінiң Су ресурстары жөнiндегі комитетi" мемлекеттiк мекемесi.
Тармақ 8
8. Осы Ереже Комитеттiң құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 9
9. Комитеттiң қызметiн қаржыландыру тек республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
Комитетке өз функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Комитетке заң актiлерiмен табыс әкелетiн қызметті жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда мұндай қызметтен түскен табыс республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.
Тарау 2. 2. Комитеттiң негізгi мiндеттерi, функциялары және құқықтары
2. Комитеттiң негізгi мiндеттерi, функциялары және құқықтары
Тармақ 10
10. Комитеттiң негiзгi мiндеттерi:
Тармақша 1
1) мелиорация және су шаруашылығы саласында мемлекеттiк ғылыми-техникалық және инвестициялық саясатты әзiрлеу мен iске асыруға, мелиорация және су шаруашылығының, су ресурстарын ұтымды пайдалану мен қорғалуының және өзге де даму бағдарламаларын әзiрлеу мен iске асыруға қатысу;
Тармақша 2
2) су ресурстарының пайдаланылуы мен қорғалуына, арнайы су пайдалануға рұқсат беру шарттарының орындалуына мемлекеттiк бақылау жасау;
Тармақша 3
3) халықтың және экономика салаларының суға деген қажеттiлiгiн қамтамасыз ету үшiн судың пайдаланылуын су қорларының сақталуын және суды ластанудан, қоқыстану мен сарқылудан қорғауды, өзендердiң, көлдер мен су қоймаларының жай-күйiн жақсартуды реттеу;
Тармақша 4
4) су ресурстарының пайдаланылуының нормативтiк құқықтық актiлерiн және экономикалық тетiктерiн жетiлдiру болып табылады.
Тармақ 11
11. Комитет заңдарда белгiленген тәртiппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) өз құзыретiндегi мәселелер бойынша заңдар мен нормативтiк құқықтық актiлердiң, басым бағыттардың жобаларын әзiрлеуге қатысады;
Тармақша 2
2) су ресурстарының пайдаланылуына және су қорының қорғалуына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) халықтың және экономика салаларының суға деген қажеттiлiгiн қамтамасыз ету үшiн су ресурстарының пайдаланылуы мен қорғалуын, экологиялық талаптарды ескере отырып оның кешендi пайдаланылуына және суды ластанудан, қоқыстану мен сарқылудан қорғауды, өзендердiң, көлдер мен су қоймаларының жай-күйiн жақсартуды реттейдi;
Тармақша 4
4) табиғат қорғау органдарымен келiсе отырып жерүсті су көздерiнен арнайы су пайдалануға рұқсат бередi және жерасты су көздерiнен арнайы су пайдалануға рұқсат берудi келiседi;
Тармақша 5
5) ұйымдар мен объектiлердi салу, қайта жаңарту, ұйымдар мен ғимараттарды орналастыру жобаларын келiсу кезiнде суды пайдаланудың барлық түрлерiне техникалық шарттар бередi;
Тармақша 6
6) су шаруашылығы объектiлерiнiң жұмыс режимiн реттейдi, ведомстволық бағыныстағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың мемлекетаралық, салааралық және облысаралық мақсаттағы су қоймаларын, бөгендердiң, гидротораптардың, каналдар мен су құбырларының және тiкелей су көздерiне орналасқан басқа да объектiлердiң пайдаланылуын ұйымдастырады;
Тармақша 7
7) қысқа мерзiмдi және перспективалық су шаруашылығы баланстарын, өзен бассейндерi мен аумақтар үшiн су ресурстарын кешендi пайдалану мен қорғау схемаларын әзiрлейдi, ғылыми-зерттеу және жобалау жұмыстарына қатысады;
Тармақша 8
8) жер қойнауын қорғау және гидрометеорология органдарымен бiрлесiп суды мемлекеттiк есепке алуды, су ресурстарына мониторинг, сондай-ақ мемлекеттiк су кадастрiн жүргiзедi;
Тармақша 9
9) экономика салаларында және коммуналдық-тұрмыстық секторда су тұтыну нормаларын, мемлекеттiк табиғат, балық қорын қорғау санитарлық қадағалау органдарымен және басқа да мүдделi мемлекеттiк органдармен келiсе отырып кешендi мақсаттағы су қоймаларын пайдалану ережелерiн бекiтедi;
Тармақша 10
10) су шаруашылығының, су ресурстарын пайдалану және қорғау мәселелерi бойынша мемлекеттiк органдармен өзара iс-қимыл жасайды;
Тармақша 11
11) су шаруашылығы объектiлерiн пайдалануға қабылдау жөнiндегi жұмыстарға қатысады, су объектiлерi мен су ресурстарының жәй-күйiне әсер ететiн су шаруашылығы ғимараттарының және құрылыс салу, арна түбін тереңдету мен өзге де жұмыстар жүргiзу жобаларын келiседi;
Тармақша 12
12) шекарааралық суларды және мемлекетаралық су ағатын арналарды бiрлесiп пайдалану мен қорғау мәселелерi бойынша iргелес мемлекеттердiң мемлекеттiк су шаруашылығын басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;
Тармақша 13
13) мемлекетаралық ынтымақтастықтың басым бағыттарын жасауға қатысады, инвестицияны су шаруашылығына тартуға және пайдалануға ықпал етедi;
Тармақша 14
14) өзiне заңдармен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Тармақ 12
12. Комитеттiң негізгi мiндеттердi iске асыруы және өзiне жүктелген функцияларды жүзеге асыруы үшiн заңдарда белгiленген тәртiппен:
Тармақша 1
1) бұйрықтар шығаруға, өз құзыретiнiң шегiнде Комитетке ведомстволық бағыныстағы аумақтық органдарға, республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарға нұсқаулар беруге және оның орындалуын тексеруге;
Тармақша 2
2) ведомстволық бағыныстағы ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату мәселелерi бойынша ұсыныстарды әзiрлеуге және енгiзуге;
Тармақша 3
3) министрлiктердiң, өзге де орталық атқарушы органдардың су ресурстарын бөлудi, пайдалануды және арнайы су пайдалануға берiлген рұқсаттарды регламенттейтiн нормативтiк құқықтық актiлерi Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келсе, бұл құжаттардың күшiн тоқтату немесе жою жөнiнде ұсыныс енгізуге;
Тармақша 4
4) су ресурстарының, объектiлерiнiң және суармалы жерлердiң жай-күйi, олардың пайдаланылу мәселелерi жөнінде тиiстi мемлекеттiк органдардан және өзге де заңды тұлғалардан ақпарат сұратуға және алуға, қажет болғанда оларға осындай ақпарат беруге;
Тармақша 5
5) заңдарда көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
Тарау 3. 3. Комитеттiң мүлкi
3. Комитеттiң мүлкi
Тармақ 13
13. Комитеттiң жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады.
Тармақ 14
14. Комитетке бекiтiлiп берiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
Тармақ 15
15. Комитет өзiне бекітiлiп берiлген мүлiктi өз бетiнше иелiктен шығаруға немесе оған өзге тәсiлмен билiк жүргiзуге құқығы жоқ Комитетке заңдарда белгiленген жағдайлар мен шектерде мүлiкке билiк жасау құқығы берiлуi мүмкін.
Тарау 4. 4. Комитеттiң қызметiн ұйымдастыру
4. Комитеттiң қызметiн ұйымдастыру
Тармақ 16
16. Комитеттi Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Yкiметi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төраға басқарады.
Комитет төрағасының, оның ұсынуы бойынша, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасары болады.
Тармақ 17
17. Комитет төрағасы Комитеттің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды және Комитетке жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның функциясын жүзеге асыруы үшiн жеке жауап бередi.
Тармақ 18
18. Төраға осы мақсатта:
Тармақша 1
1) өз орынбасарының, Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң
мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн белгiлейді;
Тармақша 2
2) заңдарға сәйкес Комитеттің қызметкерлерін аумақтық органдардың
басшыларын және ведомстволық бағыныстағы республикалық мемлекеттік
кәсіпорындардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 3
3) заңдарда белгіленген тәртіппен Комитеттің қызметкерлеріне
тәртіптік жаза қолданады;
Тармақша 4
4) бұйрықтарға қол қояды;
Тармақша 5
5) Комитеттің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
Тармақша 6
6) мемлекеттік органдар мен басқа ұйымдарда Комитеттің атынан өкілдік
етеді;
Тармақша 7
7) заңдарға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тарау 5. 5. Мемлекеттік органды
қайта ұйымдастыру және тарату
5. Мемлекеттік органды
қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 19
19. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату заңдарда белгіленген
тәртіппен жүзеге асырылады.
Басқа 1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су
ресурстары жөніндегі комитетінің
құрылымы
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
1999 жылғы 6 мамырдағы
N 536 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су
ресурстары жөніндегі комитетінің
құрылымы
Су ресурстары бөлімі
Мелиорация, су шаруашылығының құрылыстары және инвестициялар бөлімі
Экономикалық мониторинг және реформалар бөлімі