О проведении выборов акимов районов, городов областного значения Республики Казахстан Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасының аудандары, облыстық маңызы бар қалалары әкiмдерiнiң сайлауын өткiзу туралы
"Президент пен Үкімет актілерінің
жинағында" және республикалық
баспасөзде жариялануға тиіс
Қазақстан Республикасы Конституциясының 87-бабының 4-тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 32-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының аудандары, облыстық маңызы бар қалалары әкiмдерiнiң сайлауын өткiзу ережесi бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы:
Тармақша 1
1) 2006 жылғы қазанда Қазақстан Республикасы әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстерiнiң отыз процентiнде аудандар, облыстық маңызы бар қалалар әкiмдерiнiң сайлауын тағайындасын, ұйымдастырсын және өткiзсiн;
Тармақша 2
2) осы Жарлықта көзделген, сайлау өткiзiлетiн аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың тiзбесiн облыстардың әкiмдерiмен бiрлесiп айқындасын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Yкiметi облыстардың әкiмдерiмен бiрлесiп, Қазақстан Республикасының аудандары, облыстық маңызы бар қалалары әкiмдерiнiң сайлауын ұйымдық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын.
Тармақ 4
4. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Басқа 7. Қазақстан Республикасының аудандары, облыстық маңызы бар қалалары әкiмдерiнiң сайлауын өткiзу ЕРЕЖЕСI
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
2006 жылғы 6 маусымдағы
N 130 Жарлығымен
БЕКIТIЛГЕН
Қазақстан Республикасының аудандары, облыстық маңызы бар қалалары әкiмдерiнiң сайлауын өткiзу ЕРЕЖЕСI
Қазақстан Республикасының аудандары, облыстық маңызы бар қалалары әкiмдерiнiң сайлауын өткiзу ережесi (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасының Конституциясына және "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының аудандары, облыстық маңызы бар қалалары әкiмдерiнiң сайлауын ұйымдастыру мен өткiзудiң тәртiбiн айқындайды.
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының аудандары, облыстық маңызы бар қалалары әкiмдерiнiң сайлауы тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстерде жанама сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы өткiзiледi. Жанама сайлау құқығы көрсетiлген әкiмдердi таңдаушылардың - мәслихаттар депутаттары болып табылатын Қазақстан Республикасы азаматтарының сайлауын бiлдiредi.
Тармақ 2
2. Аудан, облыстық маңызы бар қала әкiмi төрт жыл мерзiмге сайланады.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының аудандары, облыстық маңызы бар қалалары әкiмдерiнiң сайлауын Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы тағайындайды. Шығып қалған әкiмдердiң орнына әкiм сайлауды облыстық сайлау комиссиясы әкiм өкiлеттiктерi мерзiмiнен бұрын тоқтатылған күннен бастап екi айдан кешiктiрмей, тағайындайды.
Тармақ 4
4. Кандидаттар осы Ережемен белгiленген шектерде сайлауға қатысуға тең құқылы.
Тармақ 5
5. Сайлауды өткiзу кезiнде дауыс беру таңдаушылардың ерiк бiлдiруiн қандай да болмасын бақылау мүмкiндiгiн болдырмайтын, жасырын болып табылады.
Тарау 2. 2-тарау. Сайлау жүйесi
2-тарау. Сайлау жүйесi
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасының аудандары, облыстық маңызы бар қалалары әкiмдерiнiң сайлауын өткiзу кезiнде:
Тармақша 1
1) дауыс беруге қатысқан таңдаушылардың елу проценттен астам дауысын алған;
Тармақша 2
2) қайта дауыс беру кезiнде басқа кандидатқа қарағанда, дауыс беруге қатысқан таңдаушылардың дауыс санының көпшiлiгiн алған кандидат сайланған болып есептеледi.
Тармақ 7
7. Әкiмдер сайлауын дайындау мен өткiзудi ұйымдастыратын сайлау органдары аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың аумақтық сайлау комиссиялары (бұдан әрi - аумақтық сайлау комиссиялары) болып табылады.
Тармақ 8
8. Аумақтық сайлау комиссиясы:
Тармақша 1
1) әкiмдер сайлауын өткiзудi қамтамасыз етедi;
Тармақша 2
2) әкiмдiкке ұсынылған кандидаттарды, олардың сенiм бiлдiрген адамдарын тiркейдi, оларға тиiстi куәлiктер бередi;
Тармақша 3
3) дауыс беруге арналған бюллетень мәтiнiн бекiтедi;
Тармақша 4
4) дауыс беруге арналған пункттi дайындайды, дауыс беруге арналған кабиналар мен жәшiктер дайындауды қамтамасыз етедi;
Тармақша 5
5) әкiмдi сайлаудың нәтижелерiн белгiлейдi, сайланған әкiмдi тiркейдi, сайлау нәтижелерi туралы хаттаманы жоғары тұрған әкiмге бередi;
Тармақша 6
6) қайта сайлау өткiзедi;
Тармақша 7
7) "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегi Конституциялық заңы мен осы Ережеге сәйкес басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
Тармақ 9
9. Аумақтық сайлау комиссиясының шешiмдерi мен iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағым, егер осы Ережеде өзгеше көзделмесе, шешiм қабылданған немесе iс-әрекет (әрекетсiздiк) жасалған күннен бастап, он күн iшiнде жоғары тұрған сайлау комиссиясына немесе сотқа берiледi.
Тарау 3. 3-тарау. Әкiмдiкке кандидаттар ұсыну және оларды тiркеу
3-тарау. Әкiмдiкке кандидаттар ұсыну және оларды тiркеу
Тармақ 10
10. Сайлау күнi туралы хабарды аумақтық сайлау комиссиясы тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс тұрғындарының назарына жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жеткiзедi.
Тармақ 11
11. Әкiм болып сайлану үшiн азаматтың Қазақстан Республикасы Конституциясының 33-бабына сәйкес белсендi сайлау құқығы болуға тиiс.
Тармақ 12
12. 25 жасқа толған және тиiстi облыс аумағында тұратын, сондай-ақ оған мемлекеттiк саяси қызметшi ретiнде қойылатын талаптарға сәйкес келетiн азаматтар әкiмдiкке кандидат бола алады.
Тармақ 13
13. Сотталғандығы заңда белгiленген тәртiппен өтелмеген немесе алып тасталмаған адам әкiмдiкке кандидат бола алмайды.
Тармақ 14
14. Әкiмдiкке кандидаттарды балама негiзде (яғни әкiм лауазымына кемiнде екi кандидат) ұсынуды облыс әкiмi жүзеге асырады.
Тармақ 15
15. Әкiмдiкке кандидаттарды ұсыну аумақтық сайлау комиссиясына облыс әкiмiнiң ұсынымы мен кандидаттардың тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстiң аумағында әкiмдiкке кандидаттыққа дауысқа түсу келiсiмi туралы өтiнiштерiн беру арқылы жүргiзiледi.
Тармақ 16
16. Кандидаттарды ұсыну сайлау күнiнен қырық бес күн бұрын басталып, отыз күн қалғанда аяқталады.
Тармақ 17
17. Егер барлық ұсынылған кандидаттар оларды тiркегенге дейiн өз кандидатураларын алып тастаған немесе кандидаттарды тiркеу мерзiмi аяқталатын күнi аудан, облыстық маңызы бар қала әкiмдiгiне екiден кем кандидат тiркелген жағдайда, аумақтық сайлау комиссиясы кандидаттарды ұсыну және тiркеу мерзiмiн ұзартады, бiрақ ол он күннен аспауға тиiс.
Тармақ 18
18. Аумақтық сайлау комиссиясы кандидаттың оған қойылатын талаптарға сәйкестiгiн белгiлейдi, ол туралы тиiстi хаттама жасайды.
Тармақ 19
19. Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) тiркеуге дейiн тұрғылықты жерi бойынша салық органдарына ұсыну мерзiмi басталатын айдың бiрiншi күнiне мемлекет алдындағы салық мiндеттемелерiнiң орындалуына салық бақылауын қамтамасыз ететiн уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен және нысанда табысы туралы және мүлкi туралы декларация ұсынады.
Тармақ 20
20. Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) жариялаған табысы туралы және мүлкi туралы мәлiметтердiң дұрыстығын тексеру "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегi Конституциялық заңында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
Тармақ 21
21. Кандидаттарды тiркеу мынадай құжаттар:
Тармақша 1
1) облыс әкiмiнiң Қазақстан Республикасы ауданының, облыстық маңызы бар қаласының әкiмi лауазымына сай келетiн кандидаттарды ұсыну туралы ұсынымы;
Тармақша 2
2) әкiмдiкке кандидаттың дауысқа түсуге келiсiмi туралы өтiнiш;
Тармақша 3
3) әкiмдiкке кандидат туралы өмiрбаяндық деректер;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлiгiнiң Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен расталған көшiрмесi;
Тармақша 5
5) кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) табысы туралы және мүлкi туралы декларацияларды тапсырғаны туралы салық органының анықтамасы болған жағдайда, жүзеге асырылады.
Тармақ 22
22. Кандидаттардың тiркелгенi туралы аумақтық сайлау комиссиясы хаттама жасайды.
Тармақ 23
23. Аумақтық сайлау комиссиясы:
Тармақша 1
1) кандидаттар тiркелгеннен кейiн төртiншi күннен кешiктiрмей, жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге тәсiлмен әрбiр кандидаттың тегiн, атын, әкесiнiң атын, туған жылын, атқаратын лауазымын, жұмыс (кәсiп) орны мен тұрғылықты жерiн, кандидаттың қалауына қарай оның саяси партияға қатыстылығы мен ұлттық тиесiлiлiгi туралы мәлiметтердi көрсете отырып, тiркелгенi туралы хабарлайды;
Тармақша 2
2) тiркеу кезiнде кандидаттарға тиiстi куәлiк бередi;
Тармақша 3
3) мынадай:
кандидатты ұсыну ережелерi бұзылған;
кандидат лауазымдық жағдайын немесе қызмет бабын асыра пайдаланған;
кандидаттың сайлау алдындағы үгiттi жүргiзу басталғанға дейiн сайлау алдындағы үгiттi жүргiзген фактiлерi анықталған;
сайлаушыларды сатып алу фактiлерi белгiлi болған;
осы Ережеде көзделген өзге де талаптарды сақтамаған жағдайда кандидатты тiркеуден бас тартады немесе тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жояды.
Тармақ 24
24. Кандидатты тiркеуден бас тартуға немесе оны тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жоюға кандидат үш күн мерзiм iшiнде жоғары тұрған аумақтық сайлау комиссиясына немесе сотқа шағымдана алады.
Тармақ 25
25. Кандидаттарды тiркеу дауыс беретiн күннен қырық күн бұрын басталып, жиырма бес күн қалғанда аяқталады.
Тармақ 26
26. Кандидат тiркелгенге дейiнгi кезеңде және дауыс беруден 2 күн бұрын аумақтық сайлау комиссиясына бұл туралы жазбаша өтiнiшпен жүгiне отырып, өз кандидатурасын алып тастай алады.
Мұндай жағдайларда тиiстi аумақтық сайлау комиссиясы кандидатты тiркеудi жүргiзбейдi не кандидатты тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жояды.
Тармақ 27
27. Тiркеу мерзiмi аяқталғаннан кейiн барлық кандидаттар шығып қалған жағдайда, сайлау мерзiмiн ұзарту туралы мәселенi облыстық сайлау комиссиясы шешедi.
Тармақ 28
28. Дауыс беруге екi күн қалғанда, кандидатты тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жоюға немесе бұған дейiн тiркеуден шығарылған кандидатты қалпына келтiруге жол берiлмейдi.
Тарау 4. 4-тарау. Сайлау алдындағы үгiт және сайлауды қаржыландыру
4-тарау. Сайлау алдындағы үгiт және сайлауды қаржыландыру
Тармақ 29
29. Сайлау алдындағы үгiт барлық кандидаттар тиiстi ауданда, облыстық маңызы бар қалада тiркелген күннен басталады және сайлау күнiнiң алдындағы күнi жергiлiктi уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.
Тармақ 30
30. Сайлау алдындағы үгiт:
Тармақша 1
1) заңнамаға сәйкес сайлау алдындағы көпшiлiк iс-шараларын (сайлау алдындағы жиналыстар және таңдаушылармен кездесулер) өткiзу арқылы;
Тармақша 2
2) баспа және өзге де үгiт материалдарын шығару және (немесе) тарату арқылы;
Тармақша 3
3) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 31
31. Мемлекеттiк органдарға, сондай-ақ қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде олардың лауазымды адамдарына, сайлау комиссияларының мүшелерiне сайлау алдындағы үгiттi жүргiзуге, кез келген сайлау алдындағы үгiт материалдарын таратуға тыйым салынады.
Таңдаушыларға сайлау науқаны үшiн арнайы әзiрленген баспа материалдарын, оның iшiнде безендiрiлген материалдарды, сондай-ақ омырауға тағатын белгiлердi, жалаулар мен жалаушаларды тегiн таратуды қоспағанда, тегiн тауарлар, қызмет көрсетулер, бағалы қағаздар ұсынумен, сондай-ақ ақша төлеумен ұштастырылатын сайлау алдындағы үгiттi жүргiзуге тыйым салынады.
Тармақ 32
32. Аудан, облыстық маңызы бар қала әкiмдiгiне барлық кандидаттар аумақтық сайлау комиссиясында тiркелген сәттен бастап және үгiт науқаны аяқталғанға дейiн кандидаттардың өздерiнiң сайлау алдындағы бағдарламаларын үгiттеуге және насихаттауға құқығы бар.
Тармақ 33
33. Белсендi сайлау құқығына ие азаматтардың осы Ережеге сәйкес қандай да бiр кандидатты қолдап немесе оған қарсы, қаржыландыруды қажет етпейтiн сайлау алдындағы үгiттi кедергiсiз жүргiзуге құқығы бар.
Тармақ 34
34. Кандидаттардың оларға сайлау науқанын жүргiзуде көмектесетiн, сайлау алдындағы үгiттi жүргiзетiн, кандидаттардың мемлекеттiк органдар мен басқа да ұйымдарға, қоғамдық бiрлестiктерге, сайлау комиссияларына қатысты мүдделерiн бiлдiретiн бестен аспайтын сенiм бiлдiрген адамдарының болуына құқығы бар.
Тармақ 35
35. Кандидаттар сенiм бiлдiрген адамдарды өз қалауы бойынша айқындайды және олар туралы аумақтық сайлау комиссиясына тiркеу үшiн хабарлайды.
Тармақ 36
36. Аумақтық сайлау комиссиясы сенiм бiлдiрген адамдарды тiркегеннен кейiн оларға тиiстi куәлiктер бередi.
Тармақ 37
37. Сенiм бiлдiрген адам Қазақстан Республикасының азаматы болуға тиiс, мәслихат депутаты, қандай да болсын сайлау комиссиясының мүшесi, мемлекеттiк саяси қызметшi лауазымын атқаратын адам бола алмайды.
Тармақ 38
38. Сенiм бiлдiрген адамдар өзiне кандидат берген өкiлеттiктер шегiнде iс-қимыл жасайды.
Тармақ 39
39. Сенiм бiлдiрген адамдар сайлау науқаны аяқталғаннан кейiн немесе өз бастамасы бойынша, не кандидаттың шешiмi бойынша өз мәртебесiн жоғалтады.
Тармақ 40
40. Сайлау күнi және оның алдындағы күнi кез келген сайлау алдындағы үгiтке тыйым салынады.
Тармақ 41
41. Дауыс беруге арналған үй-жайлардың сыртына бұрын iлiнген үгiттiк баспа материалдары бұрынғы орындарында сақталуы мүмкiн.
Тармақ 42
42. Аудан, облыстық маңызы бар қала әкiмдерiн сайлау республикалық бюджет қаражаты есебiнен осы мақсаттар үшiн ашылатын жергiлiктi атқарушы органдардың есепшоттары арқылы қаржыландырылады. Республикалық бюджеттен осы есепшоттарға келiп түсетiн бюджет қаражатын жұмсауды аумақтық сайлау комиссиялары жүзеге асырады.
Республикалық бюджет қаражатынан:
Тармақша 1
1) сайлау комиссияларын ұйымдастыру мен оның қызметiне, үй-жайларды жалға алуға, iссапар шығыстарына, консультанттарға, сарапшыларға еңбекақы төлеуге;
Тармақша 2
2) кандидаттардың бұқаралық ақпарат құралдарындағы сөздерiне;
Тармақша 3
3) кандидаттардың сайлау алдындағы көпшiлiк iс-шараларын өткiзуге және үгiт материалдарын шығаруға;
Тармақша 4
4) кандидаттардың көлiк шығыстарына жұмсалатын шығыстары жабылады.
Аудан, облыстық маңызы бар қала әкiмдiгiне кандидаттарға бөлiнетiн қаражат мөлшерiн Орталық сайлау комиссиясы республикалық бюджеттен бөлiнетiн қаражат шегiнде айқындайды.
Тармақ 43
43. Кандидаттардың әкiмдер сайлауындағы сайлау алдындағы үгiтi осы Ережеде белгiленген тәртiппен құрылған сайлау қорларының қаражатынан қаржыландырыла алады.
Тармақ 44
44. Әкiмдiкке кандидаттың сайлау қорын:
Тармақша 1
1) кандидаттың жалпы сомасы заңнамамен белгiленген ең аз еңбекақы мөлшерiнен елу еседен аспауға тиiс жеке қаражаты;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы азаматтары мен ұйымдарының жалпы сомасы заңнамамен белгiленген ең аз еңбекақы мөлшерiнен жүз еседен аспайтын ерiктi қайырмалдықтары құрайды.
Тармақ 45
45. Сайлау қорытындылары анықталғаннан кейiн бес күннен кешiктiрмей, кандидат аумақтық сайлау комиссиясына өзiнiң сайлау қорының қаражатын пайдаланғаны жөнiнде есеп беруге мiндеттi.
Тарау 5. 5-тарау. Әкiмдер сайлауы
5-тарау. Әкiмдер сайлауы
Тармақ 46
46. Дауыс беру мен әкiмдер сайлауының қорытындыларын айқындау "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегi Конституциялық заңында белгiленген сайлау рәсiмдерiне сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 47
47. Әкiмдер сайлауы таңдаушылар-мәслихаттар депутаттары отырысында өткiзiледi.
Тармақ 48
48. Таңдаушылар отырысының, егер оған тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстiң мәслихат депутаттары жалпы санының кемiнде үштен екiсi қатысса, заңды күшi бар.
Тармақ 49
49. Таңдаушылар отырысына төрағалық етушi тиiстi аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы болып табылады.
Таңдаушылар отырысын өткiзу фактiсiн куәландыратын құжат отырыс хаттамасы болып табылады.
Тармақ 50
50. Аумақтық сайлау комиссиясы таңдаушылар отырысы өткiзiлетiн үй-жайда әкiм сайлауы бойынша дауыс беруге арналған пункт ұйымдастырады.
Егер дауыс беру нәтижесiнде бiрде-бiр кандидат сайланбаса, аумақтық сайлау комиссиясы ең көп дауыс алған екi кандидат бойынша қайта дауыс берудi тағайындайды. Қайта дауыс беру сол күнi өткiзiледi.
Тармақ 51
51. Отырыс аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы әкiм сайлауы бойынша дауыс беру нәтижелерiн жариялағаннан кейiн жабылады.
Тармақ 52
52. Аумақтық сайлау комиссиясы дауыс беру нәтижелерi бойынша сайлау нәтижелерi туралы хаттама жасайды. Сайлау қорытындылары туралы жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарында хабарланады.
Тармақ 53
53. Егер сайлау жарамсыз деп танылса не екi кандидат дауысқа түскен кезде олар сайланбаса, облыстық сайлау комиссиясы қайта сайлау өткiзу туралы шешiм қабылдайды.
Тармақ 54
54. Қайта сайлау бастапқы сайлаулардан кейiн екi ай мерзiмнен кешiктiрiлмей, өткiзiледi. Жүзеге асырылуы қайта сайлау кезiнде көзделген сайлау iс-шаралары "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегi Конституциялық заңына және осы Ережеге сәйкес өткiзiледi.
Тармақ 55
55. Қайта сайлау өткiзу туралы жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарында хабарланады.
Тарау 6. 6-тарау. Әкiмдердi тiркеу және олардың қызметке кiрiсуi
6-тарау. Әкiмдердi тiркеу және олардың қызметке кiрiсуi
Тармақ 56
56. Аумақтық сайлау комиссиясы сайлау өткiзiлген күннен бастап бес күн мерзiм iшiнде сайланған әкiмдi тiркейдi. Аумақтық сайлау комиссиясының сайланған әкiмдi тiркеу туралы шешiмi жоғары тұрған әкiмге және тиiстi мәслихатқа ұсынылады.
Тармақ 57
57. Аумақтық сайлау комиссиясы сайланған әкiмдi тiркегеннен кейiн жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарында әкiмнiң тегiн, атын, әкесiнiң атын, туған жылын, атқаратын лауазымын, жұмыс (кәсiп) орнын және тұрғылықты жерiн, әкiмнiң қалауына қарай оның саяси партияға қатыстылығы және қай ұлтқа тиесiлiлiгi туралы мәлiметтердi көрсете отырып, әкiмдi тiркеу туралы ақпарат жариялайды.
Тармақ 58
58. Әкiм мемлекеттiк саяси қызметшiнiң антын берген сәттен бастап қызметiне кiрiседi. Ант Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк саяси қызметшiлерi антының мәтiнiн және Қазақстан Республикасы мемлекеттiк саяси қызметшiлерiнiң ант беру тәртiбiн бекiту туралы" 2000 жылғы 13 сәуiрдегi N 372 Жарлығында белгiленген тәртiппен мәслихат депутаттары мен аумақтық сайлау комиссиясы мүшелерiнiң қатысуымен берiледi.
Аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы әкiм қызметiне кiрiскен кезде оған белгiленген үлгiдегi куәлiк тапсырады.
Тармақ 59
59. Аумақтық сайлау комиссиясы таңдаушылардың тiзiмдерiн жасау ережесi, дауыс беру мен дауыстарды санау, сайлау қорытындыларын айқындау тәртiбi бұзылған, осы Ереже басқадай бұзылған жағдайларда, егер осы iс-әрекеттер таңдаушылардың өз еркiн бiлдiру нәтижелерiн шынайы айқындауға мүмкiндiк бермейтiн болса, әкiмдер сайлауын жарамсыз деп тани алады.
Тарау 7. 7-тарау. Әкiмдер өкiлеттiктерiнiң тоқтатылуы және оларды қызметiнен босату
7-тарау. Әкiмдер өкiлеттiктерiнiң тоқтатылуы және оларды қызметiнен босату
Тармақ 60
60. Әкiм өкiлеттiктерi:
Тармақша 1
1) оның өзi аудан, облыстық маңызы бар қала әкiмi болып табылатын тиiстi облыс аумағынан тыс тұрақты тұрғылықты жерге көшкен;
Тармақша 2
2) соттың оны iс-әрекетке қабiлетсiз, хабар-ошарсыз кеткен немесе қайтыс болған деп тану туралы шешiмi заңды күшiне енген;
Тармақша 3
3) оған қатысты соттың айыптау үкiмi заңды күшiне енген;
Тармақша 4
4) ол Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатқан;
Тармақша 5
5) ол қайтыс болған;
Тармақша 6
6) ол орнынан түсу туралы жеке өтiнiш берген жағдайларда, мерзiмiнен бұрын тоқтатылады.
Тармақ 61
61. Осы Ереженiң 60-тармағының 1)-5)-тармақшаларында көрсетiлген негiздер бойынша әкiм өкiлеттiктерiнiң тоқтатылуы оларда көрсетiлген жағдайлар басталған сәттен басталады және облыс әкiмiнiң шешiмiмен ресiмделедi.
Әкiмнiң өкiлеттiктерi осы Ереженiң 60-тармағының 6) тармақшасында көрсетiлген негiздер бойынша, облыс әкiмiнiң шешiмiмен орнынан түсу туралы өтiнiш берiлгеннен кейiн бiр айдан кешiктiрiлмей, тоқтатылады. Орнынан түсiруден бас тартқан жағдайда, әкiм қызметтiк өкiлеттiктерiн атқаруды жалғастыруға тиiс және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен қызметiнен босауға құқығы бар.
Тармақ 62
62. Әкiм:
Тармақша 1
1) өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын , заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiн бұзған;
Тармақша 2
2) өзiнiң мiндеттерiн тиiсiнше атқармаған;
Тармақша 3
3) ұзақ мерзiм бойы (қатарынан үш айдан немесе күнтiзбелiк жыл iшiнде алты айдан аса) еңбекке жарамсыз болған жағдайларда, атқаратын лауазымынан мерзiмiнен бұрын босатылуы мүмкiн.
Тармақ 63
63. Осы Ереженiң 62-тармағында көрсетiлген негiздер бойынша әкiм атқаратын қызметiнен облыс әкiмiнiң шешiмiмен аудан, облыстық маңызы бар қала прокурорының алдын ала қорытындысы және кейiннен алынған тиiстi аудандық (қалалық) мәслихат депутаттары жалпы санының кемiнде үштен екiсiнiң келiсiмi бар болғанда босатылады.
Тармақ 64
64. Осы Ереженiң орындалуына бақылау жасауды, оның бiрыңғай қолданылуын қамтамасыз етудi Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы жүзеге асырады.
Осы Ережемен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының актiлерiмен шешiледi.