О корректировке ставок земельного налога Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.03.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жер салығының ставкаларына түзету енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы № 209-ІІ «Салықтар және бюджетке түсетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексіне сәйкес ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерге, елді мекендердің жерлеріне (үй алдындағы жер учаскелерін ескермегенде), елді мекендерден тыс жерлерде орналасқан өндіріс жерлеріне салынатын салық ставкаларын 50 % көтеру бойынша аудандық мәслихат сессиясы ШЕШТІ:
Тармақ 1
Қазақстан Республикасының салық Кодексінің 338 бабы негізінде жер салығының ставкалары 50 % көтерілсін: ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерге (329 бап) жеке тұлғаларға берілетін ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерге (330 бап) елді мекендердің жерлеріне (үй алдындағы жер учаскелерін ескермегенде) (332 бап) елді мекендерден тыс жерлерде орналсқан өндіріс жерлеріне (334 бап). КЕЛІСІЛДІ: Құқықтық сұрақтар жөніндегі кеңесші Н.Годлевская