Об утверждении «Правил содержания собак и кошек в Атбасарском районе и городе Атбасар» Қолданыста
Басқа 0
«Атбасар ауданында және Атбасар қаласында иттер мен мысықтарды ұстау Ережесін» бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағы 8 тармақшасына сәйкес, Атбасар ауданы әкімдігінің 06.05.2006ж. №01-557 ұсынысы негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Ұсынылған «Атбасар ауданында және Атбасар қаласында иттер мен мысықтарды ұстау Ережесі» бекітілсін.
Тармақ 2
2. Бақылау аудандық мәслихаттың бюджет, экономика, коммуналдық шаруашылық көркейту және халыққа кызмет жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім Ақмола облысы әділет Департаменті Атбасар ауданының әділет Басқармасында мемлекеттік тіркелгеннен соң күшіне енеді.
Келісілген:
Лауазымы
Т.А.Ә.
Күні
Қолы
Мор
Аудан әкімі
Ахмедиянов Қ.Ұ.
12.05. 2006ж.
ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдар бөлімі меңгерушісінің м.а.
Адамов К.А.
12.05. 2006ж.
Басқа 4
Атбасар аудандық мәслихатының
2006 жылғы 12 мамырдағы «Атбасар
ауданында және Атбасар қаласында
иттер мен мысықтарды ұстау Ережесін»
бекіту туралы № С 30/6 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН қосымша
Атбасар ауданында және Атбасар қаласында иттер мен мысықтарды ұстау ЕРЕЖЕСІ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ереже Атбасар ауданы және Атбасар қаласы аумақтарында иттер мен мысықтарды ұстауын тәртіптендіру мақсатында жасалған, сол сияқты Ережені бұзғаны үшін заңды және жеке тұлғалардың жауапкершіліктерін белгілейді.
Тармақ 2
2. Осы ереже Атбасар ауданы мен Атбасар қаласының аумақтарында иттері мен мысықтары бар барлық заңды және жеке тұлғаларға таратылады, бұдан әрі мәтін бойынша «Иесі».
Тармақ 3
3. 2 тарауда көрсетілген талаптарды сақтау кезінде, ұстауға рұқсат етіледі:
Тармақша 1
1) жеке үйлерде иттер - тек қана жақсы қоршалған аумақтарда;
Тармақша 2
2) санитарлық-эпидемиологиялық және ветеринарлық кызмет рұқсатымен балалар мен жасөспірімдер мекемелерінде, жазғы және қысқы сауықтыру санитарлық-курорттық мекемелерде (санаторийлер, демалу орындары, пансионаттар) «зообұрыштарда», «тірі бұрыштарда» иттер және мысықтар;
Тармақша 3
3) мекемелер мен ұйымдардағы күзет иттерін тек қана байлауда немесе вольерлерде.
Тармақ 4
4. Осы Ереже Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексіне және Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңына сәйкес жасалған.
Тарау 2. 2. Иттер мен мысықтарды ұстау
2. Иттер мен мысықтарды ұстау
Тармақ 5
5. Жануарлардың иелері санитарлық-гигиеналық және мал дәрігерлік нормасын және үй жануарларын ұстау ережесін сақтауға міндетті:
Тармақ 6
6. Иттерді аулада ұстаған кезде иелері олардың қашуын болдырмауға және көршілер ауласынан қашық ұстауға міндетті. Ауланың кіре берісіндегі қақпада иттің бары туралы тақтайша болу керек. Иттер мен мысықтарды ұстау шектелмейді, бірақ көршілер үшін ыңғайсыздық болмау керек.
Тармақ 7
7. Көшедегі және басқа да қоғамдық орындарда иттерді тұлғалар ертіп жүрмесе, бұдан басқа иелерімен дүкен, аурухана және басқа мекеме алдында тұмылдырықпен, байлауда қалдырғандардан басқасы, қаңғып жүрген деп есептеліп, аулауға жатады жатады.
Тарау 3. 3. Иттер мен мысықтар иелерінің міндеттері
3. Иттер мен мысықтар иелерінің міндеттері
Тармақ 8
8. Иелері міндетті:
Тармақша 1
1) жануарларды олардың биологиялық талаптарына сай ұстауға, адамгершілікпен қарауға, қараусыз, азықсыз және сусыз қалдырмауға, ауырған жағдайда мал дәрігерлік көмекке жүгінуге;
Тармақша 2
2) бекітілген мерзімде міндетті малдәрігерлік шаралар өткізуге, жануарлардың карантиндік тәртібін сақтауға, жұқпалы ауруларды жою бойынша шаралар өткізуге;
Тармақша 3
3) айналадағылардың кауіпсіздігін, тыныштығын сақтауға, санитарлық ережені қамтамасыз етуге қажетті шаралар қолдануға. Қоғамдық пайдалану орнына барған кезде алдын ала сақтану ережесін сақтауға;
Тармақша 4
4) қоғамдық пайдалану орнын ластауын болдырмау (аулаларды, кіреберістерді, баспалдақ бөліктерін, лифттерді, балалар алаңдарын, жолдарды, жаяу соқпақтарды, саябақтарды, бактарды, демалыс орындарын), ластаған жағдайда - арнайы бейімдеу көмегімен (пакет, қалақша) міндетті түрде жинауды жүзеге асыруға;
Тармақша 5
5) адамдарды немесе жануарларды ит немесе мысық тістеп алған жағдайда ол туралы медициналық мекемелерге, қалалық ветеринарлық станцияларға шұғыл хабарлауға, жануарларды қарау және карантиндік іс-шаралар қолдану үшін қалалық ветеринарлық станцияларға тез жеткізуге;
Тармақша 6
6) жануарлар өлігін қалдықтар жинау орнынан тыс тастамауға, өлген жануарлар өлігі өндеуге жатады;
Тармақша 7
7) жануарларда қараусыз қалдырмауға, олардың қаңғушылығын болдырмауға;
Тармақша 8
8) иттерді серуендетуді тұмылдырықпен арнайы бөлінген жерлерде жүзеге асыруға;
Тармақша 9
9) жануарды одан әрі ұстау мүмкіндігі болмаса, басқа адамға беру немесе ветеринарлық мекемеге өткізуіне.
Тармақша 4
Тарау 4. 4. Осы ережемен тыйым салынған іс әрекеттер
4. Осы ережемен тыйым салынған іс әрекеттер
Тармақ 9
9. Жануарлар иелеріне тыйым салынады:
Тармақша 1
1) иттерді аумақтың арнайы бөлінбеген жерлерінде серуендетуге, иттер нәжісін артынан жинамауға;
Тармақша 2
2) жануарларды балалардың аула алаңдарында, балалардың мектепке дейінгі мекемелерінде. мектептер мен оқу орындарында, денсаулық сақтандыру нысандарында, спорт алаңдарында, бақтарда, сутартқыларында мен қалалық жағажай аумақтарында серуендетуге;
Тармақша 3
3) мас күйіндегі адамдарға коғамдық орындарда жануарларды серуендетуге және олармен көлікке отыруға;
Тармақша 4
4) жануарларды қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарына, сауда және азық-түлік дүкендерінің өндіріс залдарына әкелу мен ұстауға;
Тармақша 5
5) жалпы қолдану орындарында, кіреберістерде, баспалдақ бөліктері мен төбелерде, жертөлелерде, жатақханалардың дәліздерінде жануарларды ұстауға;
Тармақша 6
6) Атбасар ауданының елді мекен және қала шекарасында иттер төбелесін өткізуге.
Тармақша 5
Тарау 5. 5. Осы ережелерді сақтамағаны үшін иттер мен мысықтар иесінің жауапкершілігі
5. Осы ережелерді сақтамағаны үшін иттер мен мысықтар иесінің жауапкершілігі
Тармақ 10
10. Осы Ережені бұзған заң және жеке тұлғалары Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексіне және Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңына сәйкес жауапқа тартылады.
Айыппұл салу туралы қаулыны аудандық ішкі істер бөлімінің өкілі немесе ветеринарлық қызмет өкілі жазып береді.
Тармақ 11
11. Жануарлардың өліміне немесе мертігуіне әкеп соғатын, қатыгез қарым-қатынасы үшін олардың иесі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 276 бабына сәйкес қылмыстық жауапқа тартылады.