Вопросы Комитета спорта и физической культуры Министерства здравоохранения, образования и спорта Республики Казахстан Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі Спорт және дене тәрбиесі комитетінің мәселелері
Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.11.19. N 1755 қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігінің мәселелері" туралы 1999 жылғы 12 наурыздағы N 233 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігінің Спорт және дене тәрбиесі комитеті туралы ереже;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі Спорт және дене тәрбиесі комитетінің құрылымы;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, білім және спорт
министрлігі Спорт және дене тәрбиесі комитетінің қарауындағы
ұйымдардың тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы
Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің Туризм және спорт
комитеті туралы ережені бекіту туралы" 1997 жылғы 18 желтоқсандағы
N 1789 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж.,
N 56, 508-құжат) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 0. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, білім және спорт
министрлігінің Спорт және дене тәрбиесі комитеті туралы
Ереже
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
1999 жылғы 6 мамырдағы
N 539 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, білім және спорт
министрлігінің Спорт және дене тәрбиесі комитеті туралы
Ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігінің Спорт және дене тәрбиесі комитеті (бұдан әрі - Комитет) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі құзыретінің шегінде арнайы атқарушы және бақылау-қадағалау функцияларын, сондай-ақ спорт пен дене тәрбиесі саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын ведомствосы болып табылады.
📌 ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093 қаулысымен.
Тармақ 2
2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өзінің атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңдарға сәйкес банктерде шоттары болады.
Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Комитеттің, егер заңдарға сәйкес оған уәкілеттік берілсе,
мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы
бар.
Тармақ 4
4. Комитет өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңдарда
белгіленген тәртіппен Төрағаның бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер
қабылдайды.
Тармақ 5
5. Комитеттiң құрылымы мен штат санының лимитiн Қазақстан
Республикасының Yкiметі бекiтедi.
📌 ЕСКЕРТУ. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093
қаулысымен.
Тармақ 6
6. Комитеттің заңды мекен-жайы:
Астана қаласы, М.Әуезов көшесi, 126.
📌 ЕСКЕРТУ. 6-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093
қаулысымен.
Тармақ 7
7. Комитеттің толық атауы: "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау,
білім және спорт министрлігінің Спорт және дене тәрбиесі комитеті"
мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 8
8. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 9
9. Комитеттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен ғана
жүзеге асырылады.
Комитетке өзінің функциясы болып табылатын міндеттерді орындау
тұрғысында кәсіпкерлік субъектілермен шарттық қатынасқа түсуге тиым
салынады.
Егер Комитетке заң актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге
асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер
республикалық бюджеттің кірісіне есептеледі.
Тарау 2. 2. Комитеттің негізгі міндеттері, функциялары және
құқықтары
2. Комитеттің негізгі міндеттері, функциялары және
құқықтары
Тармақ 10
10. Комитеттің негізгі міндеттері:
Тармақша 1
1) спорт және дене тәрбиесі саласында мемлекеттік саясатты
қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының спорт пен дене тәрбиесін дамыту, спорттық резервтер мен халықаралық деңгейдегі спортшыларды даярлау;
Тармақша 3
3) спорт пен дене тәрбиесінің материалдық-техникалық базасын нығайту, олардың инфрақұрылымын дамыту;
Тармақша 4
4) спорттық қозғалысты насихаттау, сондай-ақ өз құзыретінің шегінде спорт саласында ақпараттық-жарнамалық және баспа ісін дамыту;
Тармақша 5
5) өз құзыретінің шегінде Қазақстан Республикасында және шетелдерде спорт ұйымдары үшін мамандар даярлауды ұйымдастыру, олардың біліктілігін арттыру;
Тармақша 6
6) спорттың түрлері бойынша республикалық жарыстар және спорт пен ойындардың Олимпиадалық, ұлттық және халықтық түрлері бойынша кешенді іс-шаралар өткізу болып табылады;
Тармақ 11
11. Комитет Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) спорт және дене тәрбиесі саласында мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады, спорт және дене тәрбиесі саласында мемлекеттік, ұлттық, перспективалық, ағымдағы және мақсатты бағдарламаларды әзірлейді және іске асырады;
Тармақша 2
2) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың, өзге де ұйымдардың қызметін үйлестіреді, сондай-ақ облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен саланың өзекті проблемаларын іс-жүзінде шешуге қатысты мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасасады;
Тармақша 3
3) спорт және дене тәрбиесі саласына, оның ішінде спорт өнімдерін өндіруді дамыту үшін инвестицияларды тарту жөнінде бірыңғай стратегия әзірлейді және іске асырады;
Тармақша 4
4) мүдделі ұйымдармен бірлесіп дене тәрбиесі және спорт саласында зерттеулер жүргізеді;
Тармақша 5
5) халықаралық, аймақаралық және ішкі спорттық байланыстарды жүзеге асырады;
Тармақша 6
6) өз құзыретінің шегінде ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың басшыларымен, мамандармен, жетекші жаттықтырушылармен және спортшылармен келісім шарттар жасасады;
Тармақша 7
7) спорт ғимараттарын пайдалану жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді, спорт ұйымдарын жарақтандырудың нормативтерін және спорттық іс-шараларды, оқу-жаттығу процесін және жиындарды өткізу кезінде меншік нысандарына қарамастан барлық спорт объектілері мен ұйымдары басшыларының орындауы үшін міндетті техникалық қауіпсіздіктің ережелерін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының спорт және дене тәрбиесі мәселелері жөніндегі заңдарын жетілдіру жөнінде ұсыныс енгізеді, саланың халықаралық және аймақаралық шарттарының, үкіметаралық келісімдердің жобаларын дайындауға және іске асыруға қатысады;
Тармақша 9
9) спорт тауарларының республикалық көрмесін дайындауды және өткізуді, сондай-ақ өз құзыретінің шегінде ақпараттық-жарнамалық және баспагерлік қызметті жүзеге асырады;
Тармақша 10
10) мемлекеттік спорт ұйымдарына ұйымдастырушылық және әдістемелік басшылықты жүзеге асырады;
Тармақша 11
11) басқа мемлекеттік органдармен және қоғамдық ұйымдармен бірлесіп ұйымдастыратын спорттық іс-шаралардың жоспарларын үйлестіреді, спорттық іс-шаралардың, жарыстардың бірыңғай күнтізбелік бағдарламасын әзірлейді;
Тармақша 12
12) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын спорттық іс-шаралардың, жарыстардың өткізілуін бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 13
13) Қазақстан Республикасының құрама командаларын даярлауды жүзеге асырады және Қазақстан Республикасы спортшыларының Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдеріндегі, Еуропа, әлем чемпионаттарына, Олимпиадалық және Азиялық ойындарға, басқа да халықаралық жарыстарға қатысуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 14
14) мүдделі мемлекеттік органдармен және қоғамдық ұйымдармен бірлесіп спорттық резервті дайындау жөніндегі жұмысты жүргізеді, спорт клубтары, мектептері, ғимараттары, олимпиадалық даярлау орталықтары жүйесін дамытуды, сондай-ақ оларда оқу-жаттығу процестерін және допинг-бақылауды ұйымдастыруды үйлестіреді;
Тармақша 15
15) спорт пен дене тәрбиесінің негізгі көрсеткіштері бойынша статистикалық деректерді талдайды және қорытынды материалдарды мемлекеттік статистика органына ұсынады.
Тармақша 16
16) өзіне Қазақстан Республикасының заңдарымен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Тармақ 12
12. Комитеттің негізгі міндеттерін іске асыру және өзінің функцияларын жүзеге асыру үшін заңдарда белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіруге;
Тармақша 2
2) спорт пен дене тәрбиесінің мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілердің, саланы әлеуметтік-экономикалық дамыту жоспарларының жобаларын әзірлеуге қатысуға;
Тармақша 3
3) кадрларды даярлаудың, қайта даярлаудың және олардың біліктілігін арттырудың бағдарламаларын бекітуге, симпозиумдар, конференциялар, семинарлар, оқытудың басқа да түрлерін және спорт пен дене тәрбиесі жөніндегі мамандармен тәжірибе алмасуды ұйымдастыруға;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келісім бойынша спорттық іс-шараларға қатысушыларды мемлекеттік материалдық қамтамасыз етудің нормативтерін бекітуге;
Тармақша 5
5) халықаралық, республикалық және аймақаралық жарыстар мен жиындар өткізуге;
Тармақша 6
6) спорттық жарыстар мен жиындарды өткізудің, спорт түрлері бойынша спорттық жіктеудің тәртібін, бағдарламалық-әдістемелік құжаттарды және спорттық жарыстар мен жиындар өткізу жөніндегі жұмыстарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді бекітуге;
Тармақша 7
7) республикалық спорт іс-шараларының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне, спорт ұйымдарының қызметкерлеріне спорттық және құрметті атақтар беру, оларды медальдармен, белгілермен, дипломдармен, жүлделермен, грамоталармен, бағалы сыйлықтармен марапаттау, жаттықтырушы-оқытушылар құрамына спорттық санаттар беру мәселелерін шешуге;
Тармақша 8
8) мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан өз міндетін орындау үшін қажетті ақпарат сұратуға және алуға;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
Тарау 3. 3. Комитеттің мүлкі
3. Комитеттің мүлкі
Тармақ 13
13. Комитеттің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.
Тармақ 14
14. Комитетке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
Тармақ 15
15. Комитеттің өзіне бекітілген мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе өзге де тәсілдермен оған билік етуге құқығы жоқ.
Комитетке Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда және шектерде мүлікке билік ету құқығы берілуі мүмкін.
Тарау 4. 4. Қызметін ұйымдастыру
4. Қызметін ұйымдастыру
Тармақ 16
16. Комитетті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, білім және спорт министрінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төраға басқарады.
Төрағаның, оның ұсынуы бойынша, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, білім және спорт министрі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын екі орынбасары болады.
Тармақ 17
17. Төраға Комитеттің жұмысына басшылық жасайды және Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауаптылықта болады.
Тармақ 18
18. Төраға осы мақсатта:
Тармақша 1
1) өзінің орынбасарлары мен Комитеттің құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Комитеттің қызметкерлерін, ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 3
3) заңдарда белгіленген тәртіппен Комитеттің қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;
Тармақша 4
4) Комитеттің бұйрықтарына қол қояды, өз құзыретінің шегінде
Комитеттің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағыныстағы
ұйымдардың орындауы үшін міндетті нұсқаулар береді;
Тармақша 5
5) Комитеттің құрылымдық бөлімшелері туралы ережені бекітеді;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де
өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тармақ 19
19. Комитетте Төрағаның, Төрағаның орынбасарларының, бөлім
бастықтарының құрамында алқа құрылады. Алқаның құрамына өзге адамдар кіре
алады.
Алқаның сандық құрамын Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау,
білім және спорт министрі, ал жеке құрамын Комитеттің төрағасы белгілейді.
Тарау 5. 5. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
5. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 20
20. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан
Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Басқа 1. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, білім және
спорт министрлігі Спорт және дене тәрбиесі комитетінің
құрылымы
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
1999 жылғы 6 мамырдағы
N 539 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, білім және
спорт министрлігі Спорт және дене тәрбиесі комитетінің
құрылымы
Басшылық
Спорт бөлімі
Дене тәрбиесі-сауықтыру жұмыстары бөлімі
Мемлекеттік тапсырыс бөлімі
Бұқаралық-ұйымдастыру және кадр жұмыстары бөлімі
Басқа 2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, білім және
спорт министрлігі Спорт және дене тәрбиесі комитетінің
қарауындағы ұйымдардың
Тізбесі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
1999 жылғы 6 мамырдағы
N 539 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, білім және
спорт министрлігі Спорт және дене тәрбиесі комитетінің
қарауындағы ұйымдардың
Тізбесі
Тармақ 1
1. Республикалық спорттың бұқаралық түрлерінен жоғары спорттық
шеберлік мектебі.
Тармақ 2
2. Спорттың ойындық және қысқы түрлері бойынша республикалық
жоғары спорттық шеберлік мектебі.
Тармақ 3
3. Республикалық спорттың қолданбалы түрлері бойынша жоғары
спорттық шеберлік мектебі.
Тармақ 4
4. Су спортының түрлері бойынша олимпиядалық резерв республикалық
балалар және жасөспірімдер мектебі.
Тармақ 5
5. Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы спорттағы дарынды балаларға
арналған республикалық мектеп-интернат.
Тармақ 6
6. Кәркен Ахметов атындағы спорттағы дарынды балаларға арналған
республикалық мектеп-интернат
Тармақ 7
7. Республикалық спорт колледжі.
Тармақ 8
8. Қазақ мемлекеттік спорт және туризм академиясы.
Тармақ 9
9. "Монтажник" спорттық-сауықтыру кешені.
Тармақ 10
10. Биік таудағы "Медеу" спорт кешені
Тармақ 11
11. Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайы.
Тармақ 12
12. "Достық" оқу-спорттық кешені.
Тармақ 13
13. "Бутаковка" оқу-спорттық базасы.
Тармақ 14
14. Орталық жүзу бассейні.
Тармақ 15
15. "Қазспортқамтамасыз ету" басқармасы.
Тармақ 16
16. Штаттық ұлттық командалар дирекциясы.
Тармақ 17
17. Спорт резервтерін даярлау жөніндегі республикалық оқу-жаттығу
орталығы.
Тармақ 18
18. Республикалық спортшылардың допингке қарсы лабораториясы.
Тармақ 19
19. "SPORT & KS" газетiнiң редакциясы.
📌 ЕСКЕРТУ. 19-жолмен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 1999.08.27. N 1264
қаулысымен.