Об организации общественно - оплачиваемой работы Қолданыста
Басқа 0
Ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының «Жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 20 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы №836 қаулысына сәйкес және қоғамдық жұмыстардың түрлері мен тізбесін кеңейту мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған қоғамдық жұмыстар жүргізілетін мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың тізбесі, жұмыссыздарды уақытша жұмыспен қамтуды ұйымдастыруға арналған қоғамдық жұмыстардың негізгі түрлерінің (жобаларының) тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары М.Қ. Жылқамановка жүктелсін.
Басқа 3
Аудандық әкімдіктің
2006 жылғы 23 мамырдағы
№ 155 қаулысымен
БЕКІТІЛГЕН
Мәртөк ауданы бойынша 2006 жылы қоғамдық жұмыстар
жүргізілетін мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар
ТІЗБЕСІ
Тармақ 1
1. Байторысай селолық округі MM
Тармақ 2
2. Хазрет селолық округі MM
Тармақ 3
3. Қарашай селолық округі MM
Тармақ 4
4. Қызылжар селолық округі MM
Тармақ 5
5. Қаратоғай селолық округі MM
Тармақ 6
6. Мәртөк ауыл аймағы MM
Тармақ 7
7. Тәңірберген ауылдық округі MM
Тармақ 8
8. Байнассай ауылдық округі MM
Тармақ 9
9. Аққұдық ауылдық округі MM
Тармақ 10
10. Родников селолық округі MM
Тармақ 11
11. Құрмансай ауылдық округі MM
Тармақ 12
12. Хлебодар селолық округі MM
Тармақ 13
13. Жайсан селолық округі MM
Тармақ 14
14. Аудандық прокуратура
Тармақ 15
15. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі MM
Тармақ 16
16. Қорғаныс істер бөлімі MM
Тармақ 17
17. Аудан мектептері
Тармақ 18
18. Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық. Облыстық филиалының Мәртөк аудандық бөлімшесі
Тармақ 19
19. Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау жөніндегі инспектурасы
Тармақ 20
20. Аудандық ауыл шаруашылық бөлімі MM
Тармақ 21
21. Мәртөк аудандық емханасы
Тармақ 22
22. Аудандық соты
Тармақ 23
23. Аудандық ішкі істер бөлімі
Тармақ 24
24. Аудандық орман шаруашылығы
Тармақ 25
25. Аудандық мәдениет бөлімі
Тармақ 26
26. Аудандық тарихи - өлкетану мұражайы
Тармақ 27
27. Аудандық әкімият
Тармақ 28
28. Аудандық әділет бөлімі
Тармақ 29
29. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аудандық бөлімі
Тармақ 30
30. № 1 «Тополек» балабақшасы
Басқа 34
Аудандық әкімдіктің
2006 жылғы 23 мамырдағы
№ 155 қаулысымен
БЕКІТІЛГЕН
Мәртөк ауданы бойынша 2006 жылы жұмыссыздарды уақытша жұмыспен қамтуды ұйымдастыруға арналған қоғамдық жұмыстардың негізгі түрлерінің (жобаларының) ТІЗБЕСІ
«Құрылыс бригадасы»
Су, газ, кәріз құбырларын және басқа коммуникация жүйелерін төсеу және жөндеу. мектеп, балабақша, аурухана және басқада бюджеттік сала объектілерін жөндеу. Құрылыс аяқталмаған, жартылай қираған ғимараттарды қалпына келтіру.
«Жолдар»
Жаңа жолдарды төсеу және қолданыстағы жолдарды және жол жиектерін, тротуарларды шөптен тазартуға, жөндеуге. жолға төселген материалдарды бекітуге. ұзақ жолға жүретін коғамдық көліктің тұрағын көркейтуге көмек көрсету.
«Көркейту»
Аулаларды, гүлзарларды, парктерді. елді мекендерді көркейту. Екпе ағаштарды отырғызу және күту, гүлзарларды отырғызу, парктерді бөлу. Балаларға арналған ойын және спорт алаңдарын ұйымдастыру.
«Туған өлке»
Отынды дайындай, қүдықтарды, бұлақтарды тазарта отырып, отырғызылған ағаштарды тазарту. Көпшіліктің шомылуына пайдаланатын өзендер мен су қоймаларының жағалауларын қоршау.
«Ауыл шаруашылығы жұмыстары»
Ауыл шаруашылығы өнімдерін өсіруге, дайындауға және жинауға маусымдық көмек көрсету (көкөніс және бақша өнімдері). Қосалқы шаруашылығы бар мекемелерде мал бордақылау, жас малды өсіру, малды өріске жаю мен күзету.
«Тәлімбақ»
Ағаштардың, гүлдердің көшеттерін аумақтарды жасыл желектендіру және абаттандыру кезінде одан әрі пайдалану мақсатында өсіру.
«Санақ»
Аз камтылған отбасылардың әлеуметтік карталарын жасау. Республикалық, аймақтық науқандарды (түрлі сынақтар, әскерге шақыру) ұйымдастыруға қатысу. Әлеуметтік қорғауға мұқтаж халықтың әр түрлі санаттарының деректер базасын жүргізу, үйлестіру және құжаттарды әзірлеу бойынша техникалық жұмыстады жүргізуде көмек көрсету Мақсатты топтағы азаматтардың құжаттарын рәсімдеуде әлеуметтік көмек көрсету.
«Іс шаралар өткізуге септесу»
Мәдени мақсаттағы ауқымды іс-шараларды (спорттық жарыстар, халыктық мерекелер) ұйымдастыру кезінде көмек көрсету.
«Жады»
Тарихи - сәулеттік ескерткіштерді, қорықтық аймақтарды қалпына келтіру, оларды күзету және күту. Молаларды, бауырластар зираттарын абаттандыру. тазалау және күзету.
«Кітапқа - екінші өмір»
Қалалар мен аудандардағы мектептердің кітапханаларындағы, көпшілікке арналған кітапханалардағы кітап қорларын қалпына келтіру. Кітаптардың жекелеген беттері мен мұқабаларын алмастыра отырып жаңғырту.
«Мейірбан медбике»
Денсаулық сақтау мекемелері мен үйде ауру және қарт адамдарды күту.
«Педагог - тәрбиеші»
Жасөспірімдер мен балаларға арнап мәдени - көпшілік іс - шаралар өткізу. Ұзартылған күн тобы үлгісінде қосымша сабақ өткізу.
«Тігінші»
Ауруханаларда, мектептермен мектеп - интернаттарда. балалар үйлерінде. еңбекпен түзеу мекемелерінде, әлеуметтік көмек көрсету бөлімдерінде төсек - жаймалармен киім -кешектерді қайта тігу.
«Эколог»
Тұрмыстық, қатты қалдықтарды көмуді ұйымдастыруға көмектесу және көму.
«Кеңесші»
Аз қамтылған азаматтарға әртүрлі құқықтық мәселелер жөнінде ақысыз кеңес беру.
«Сарбаздар»
Қоғамдық тәртіпті сақтау. Кент және елді мекендерде құқық тәртібін күзетуде көмек көрсету.
«Мектептерде ертеңгілік ас әзірлеу»
«Суға батушыны құтқарушы»
Суға түсуге арналган арнайы орындарда балалардың және басқа адамдардың суға түсуін қадағалау, суға батушыны құтқару.
«Газет журналдарға жазылу және оны тарату»
Газет, журналдарға жазылу науканында көмектесу және оны халыққа таратуға үлес қосу.
«Жас мамандар»
Жас мамандарды оқу бөлімдерін бітіріп келгеннен кейін мамандықтары бойынша жұмысқа тарту. қабілетін күшейту, мамандығына іс жүзінде көмектесу.
«Құс тұмауы»
Құс тұмауын алдын алу мақсатында округ жерлеріндегі су қоймаларын тексеру, жабайы құстардың тұрақтайтын жерлерін және қүстың өлімі болған жағдайда оны анықтап, дер кезінде аудандық штабқа хабарлау, үй кұстарының жабайы құстармен орналасуына жол бермеу.
Басқа жобалар.