Об утверждении перечня организаций, освобождаемых от уплаты подоходного налога, земельного налога и налога на имущество, зарегистрированных и занятых на строительстве в городе Акмоле Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.02.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақмола қаласында тiркелген және қала құрылысына жұмыс iстейтiн табыс салығынан, жер салығынан және мүлiкке салынатын салықтан босатылатын ұйымдардың тiзбесiн бекiту туралы "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 26 қаңтардағы N 2827 Заң күшi бар Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
Тармақ 1
1. "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 26 қаңтардағы N 2827 Заң күшi бар Жарлығына сәйкес келетiн мерзiмде Ақмола қаласында тiркелген және қала құрылысына жұмыс iстейтiн, табыс салығынан, жер салығынан және мүлiкке салынатын салықтан босатылатын ұйымдардың тiзбесi қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Қосымшаға сәйкес Ақмола қаласында тiркелген және қала құрылысына жұмыс iстейтiн ұйымдарды табыс салығын, жер салығын төлеуден босатудың тәртiбi бекiтiлсiн. 📌 ЕСКЕРТУ. Жаңа 2-тармақпен толықтырылды, 2-тармақ 3-тармақ болып саналды - ҚРҮ-нiң 1997.12.12. N 1756 қаулысымен .
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының жоғары және орталық мемлекеттiк органдарын Ақмола қаласына көшiру жөнiндегi мемлекеттiк комиссия жаңа астанадағы объектiлер құрылысына жаңа ұйымдарды тарту шаралары бойынша Ақмола қаласында тiркелген және қала құрылысына жұмыс iстейтiн ұйымдардың тiзбесiн табыс салығынан, жер салығынан және мүлiкке салынатын салықтан босату үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметiне тапсырсын осы қаулымен айқындалған тәртiппен. 📌 ЕСКЕРТУ. 3-тармақ толықтырылды - ҚРҮ-нiң 1997.12.12. N 1756 қаулысымен .
Басқа 4. Ақмола қаласында тiркелген және қала құрылысына жұмыс iстейтiн табыс салығынан, жер салығынан және мүлiкке салынатын салықтан босатылатын ұйымдардың ТIЗБЕСI
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 13 қарашадағы N 1381 қаулысымен бекiтiлген Ақмола қаласында тiркелген және қала құрылысына жұмыс iстейтiн табыс салығынан, жер салығынан және мүлiкке салынатын салықтан босатылатын ұйымдардың ТIЗБЕСI
Тармақ 1
1."Окан Холдинг/Исот" түркия фирмасы.
Тармақ 2
2."Финтрако" түркия фирмасы.
Тармақ 3
3."Қазақстан жолдары" АҚ "Қазжолқұрылыс" фирмасы.
Тармақ 4
4."Целинтрансстрой" АҚ, Ақмола қаласы.
Тармақ 5
5."Ақмолатранстехмонтаж" Ақ, Ақмола қаласы.
Тармақ 6
6."Целинэнергострой" АҚ, Ақмола қаласы.
Тармақ 7
7."Ақ Орда" ЖҚК, Ақмола қаласы.
Тармақ 8
8."Ақмолаагрострой" АҚ, Ақмола қаласы.
Тармақ 9
9."Жаңа-Ақмола құрылыс индустриясы" АҚ, Ақмола қаласы.
Тармақ 10
10."Қазақстан-Полиалпан" АҚ, Ақмола қаласы.
Тармақ 11
11."Ақмоластройинвест" АҚ, Ақмола қаласы.
Тармақ 12
12. Базис-А корпорациясы, Алматы қаласы.
Тармақ 13
13. "Интекс" АҚ, Алматы қаласы.
Тармақ 14
14."Медеустрой" АБ, Алматы қаласы.
Тармақ 15
15. "Келешек" ЖШС, Алматы қаласы.
Тармақ 16
16. "Блок" ЖШС, Ақмола қаласы.
Тармақ 17
17. 28-ЖМК ШКК. Алматы облысы, Қалқаман поселкесi.
Тармақ 18
18. Целинэнергожөндеу ЖЖК, Ақмола қаласы.
Тармақ 19
19. "Степногорск подшипник заводы" АҚ, Степногорск қаласы.
Тармақ 20
20. "Ақмоламрамор" АҚ, Степногорск қаласы.
Тармақ 21
21. "Буландинский карьер" АҚ, Ақмола облысы.
Тармақ 22
22. "Стройконструкция" АҚ Ақмола қаласы
Тармақ 23
23. "Құрылыс материалдары комбинаты" АҚ, Ақмола қаласы.
Тармақ 24
24. "Ақмола силикат заводы" АҚ, Ақмола қаласы.
Тармақ 25
25. "КЭМОНТ "Қазэлектромонтаж" АҚ, Алматы қаласы.
Тармақ 26
26. "Мабетекс проджект инжиринг СА" фирмасы, 1996 жылғы 1 тамыздағы N 24031796-АҚМОЛ және 1997 жылғы 17 қаңтардағы N V-243 АҚМОЛ келiсiм-шарттарына сәйкес.
Тармақ 27
27. "TechnoART" фирмасы, 1997 жылғы 24 қаңтардағы келiсiм-шартқа сәйкес.
Тармақ 28
28. "Фитцпатрик Интэрнэшнл Лимитед" фирмасы, 1996 жылғы 30 желтоқсандағы келiсiм-шартқа сәйкес.
Тармақ 29
29. "Қазақтранстехмонтаж" АҚ, Ақмола қаласы 1996 жылғы 20 маусымдағы, 1996 жылғы 5 тамыздағы, 1996 жылғы 15 қазандағы, 1996 жылғы 15 қарашадағы, 1996 жылғы 20 қарашадағы және 1996 жылғы 10 желтоқсандағы шарттарға сәйкес.
Тармақ 30
30. "Домостроитель" АҚ, Ақмола қаласы, 1996 жылғы 20 қыркүйектегi N 169, 1997 жылғы 15 қаңтардағы N 2 ЖД-1 және 1997 жылғы 17 қаңтардағы шарттарға сәйкес.
Тармақ 31
31. "Электромонтаж" АҚ, Алматы қаласы, 1996 жылғы 22 қазандағы N 3-21 және 1996 жылғы 18 желтоқсандағы N 21-29-96 шарттарға сәйкес.
Тармақ 32
32. "Имсталькон" АҚ, Алматы қаласы, 1996 жылғы 29 мамырдағы және 1996 жылғы 8 тамыздағы шарттарға сәйкес.
Тармақ 33
33. "Найза" ЖШС концернi, Ақмола қаласы, 1996 жылғы 26 маусымдағы N 1, 2, 3, 4 және 1997 жылғы 23 қаңтардағы N 7 ЖД-1 шарттарға сәйкес.
Тармақ 34
34. "НЕГIЗ" құрылыс компаниясы" ЖҮАҚ, Алматы қаласы, 1997 жылғы 21 қаңтардағы N 4 ЖД-1 және 1997 жылғы 21 қаңтардағы N 4 ЖД-2 шарттарға сәйкес.
Тармақ 35
35. Тың темiр жолының "Дорстройтрест" АҚ, Ақмола қаласы, 1996 жылғы 20 ақпандағы, 1996 жылғы 1 наурыздағы, 1996 жылғы 2 сәуiрдегi, 1996 жылғы 24 шiлдедегi, 1996 жылғы 15 қазандағы және 1996 жылғы 17 қазандағы шарттарға сәйкес.
Тармақ 36
36. "Ақмолаагроспецстрой" АҚ, Ақмола қаласы, 1996 жылғы 10 желтоқсандағы, 1996 жылғы 11 желтоқсандағы және 1997 жылғы 27 қаңтардағы шарттарға сәйкес.
Тармақ 37
37. "Целиндорстрой" АҚ, Ақмола қаласы, 1996 жылғы 15 қарашадағы шартқа сәйкес.
Тармақ 38
38. "Ақмоластрой" АҚ, Ақмола қаласы, 1996 жылғы 18 маусымдағы N 4, 1996 жылғы 16 шiлдедегi N 7, 1996 жылғы 18 желтоқсандағы , 1996 жылғы 25 желтоқсандағы, 1997 жылғы 8 қаңтардағы және 1997 жылғы 21 қаңтардағы шарттарға сәйкес.
Тармақ 39
39. "Ай-Су-Астана" ЖШС, Ақмола қаласы, 1996 жылғы 27 маусымдағы N 37 шартқа сәйкес.
Тармақ 40
40. "Көкшетаусельстрой N 2" СФК, Көкшетау қаласы, 1997 жылғы 15 қаңтардағы N 8 ЖД-1 шартқа сәйкес.
Тармақ 41
41. "Сирена-С монтаждау-технологиялық орталығы" ЖШС, Қарағанды қаласы, 1997 жылғы 24 қаңтардағы N 1қ шартқа сәйкес.
Тармақ 42
42. "Қаздизайн" АҚ, Алматы қаласы, 1997 жылғы 15 қаңтардағы N 2/97 бас шартқа сәйкес.
Тармақ 43
43. "Алматыгорстрой" МАК, Алматы қаласы, 1997 жылғы 28 қаңтардағы N 5 ЖД-1 шартқа сәйкес.
Тармақ 44
44. "Алматықұрылыс" ХК, Алматы қаласы, 1997 жылғы 27 қаңтардағы N 9 ЖД-1 шартқа сәйкес.
Тармақ 45
45. "Қарағандыжилстрой" АҚ, Қарағанды қаласы, 1997 жылғы 15 қаңтардағы N 6 ЖД-1 шартқа сәйкес.
Тармақ 46
46. "Степногор құрылыс басқармасы" АҚ, Степногор қаласы, 1997 жылғы 15 қаңтардағы N 12 ЖД-1 және 1997 жылғы 28 қаңтардағы N 12 ЖД-2 шарттарға сәйкес.
Тармақ 47
47. "Кварц" АҚ, Қарағанды қаласы, 1996 жылғы 30 қыркүйектегi N 720 және 1996 жылғы 4 қазандағы N 7725 шарттарға сәйкес.
Тармақ 48
48. "Целинсантехмонтаж" АҚ, Ақмола қаласы, 1996 жылғы 23 қаңтардағы N 4, 1996 жылғы 26 сәуiрдегi N 18, 1996 жылғы 17 тамыздағы N 41, 1996 жылғы 10 қазандағы N 24, 1996 жылғы 14 қазандағы, 1997 жылғы 16 қаңтардағы N 1 шарттарға сәйкес.
Тармақ 49
49. "AHSEL INSAAT TAAHHUT VE TICARET А.S." фирмасы, 1997 жылғы 28 ақпандағы N 13 ЖД шартқа сәйкес.
Тармақ 50
50. "Ақмола жолдары" АҚ, Ақмола қаласы, 1997 жылғы 18 наурыздағы және 1997 жылғы 17 сәуiрдегi шарттарға сәйкес.
Тармақ 51
51. "Көлiктемiрбетон" АҚ, Ақмола қаласы, 1996 жылғы 23 желтоқсандағы, 1997 жылғы 6 ақпандағы N 31, 1997 жылғы 1 наурыздағы, 1997 жылғы 5 наурыздағы N 34 және 1997 жылғы 25 наурыздағы шарттарға сәйкес.
Тармақ 52
52. "Интекс" ЖШС, Ақмола қаласы, 1997 жылғы 4 сәуiрдегi N 10, 1997 жылғы 14 сәуiрдегi N 10-1 және 1997 жылғы 24 сәуiрдегi N 7 шарттарға сәйкес.
Тармақ 53
53. "Синтез" ЖШС, Ақмола қаласы, 1996 жылғы 10 шiлдедегi, 1996 жылғы 25 шiлдедегi N 114, 1996 жылғы 2 тамыздағы, 1996 жылғы 25 қыркүйектегi N 18, 1996 жылғы 26 қыркүйектегi және 1996 жылғы 15 қазандағы N 60 шарттарға сәйкес.
Тармақ 54
54. "Эверест" ШЖК, Ақмола қаласы, 1997 жылғы 10 ақпандағы N 1/2, 1997 жылғы 10 наурыздағы N 5/1 және 1997 жылғы 25 сәуiрдегi N 7/24 шарттарға сәйкес.
Тармақ 55
55. "Мехколонна - 56" КК, Ақмола қаласы, 1997 жылғы 28 наурыздағы N 1 және 1997 жылғы 26 мамырдағы N 2 шарттарға сәйкес.
Тармақ 56
56. "Мотив-Ақмола КФ" ЖШС, Ақмола қаласы, 1997 жылғы 4 мамырдағы N 200 келiсiм-шартқа сәйкес.
Тармақ 57
57. "Ақмола қала құрылысы" ЖШС, Ақмола қаласы, 1997 жылғы 24 қаңтардағы және 1997 жылғы 5 мамырдағы N 9 шарттарға сәйкес.
Тармақ 58
58. "Алматы қала құрылысы" бiрлестiгi" ЖШС, Ақмола қаласы, 1997 жылғы 5 мамырдағы N 4, 1997 жылғы 5 мамырдағы N 5 және 1997 жылғы 8 мамырдағы шарттарға сәйкес.
Тармақ 59
59. "Аккра-1" ЖШС, Ақмола қаласы, 1997 жылғы 24 қаңтардағы N 1 және 1997 жылғы 5 мамырдағы N 7 шарттарға сәйкес.
Тармақ 60
60. "Алма-1" ЖШС, Ақмола қаласы, 1997 жылғы 24 қаңтардағы N 2 және 1997 жылғы 5 мамырдағы N 8 шарттарға сәйкес.
Тармақ 61
61. "Сайран-1" ЖШС, Ақмола қаласы, 1997 жылғы 1 сәуiрдегi N 3 және 1997 жылғы 5 мамырдағы N 6 шарттарға сәйкес.
Тармақ 62
62. "ТБК" АҚ, Ақмола қаласы, 1996 жылғы 2 қарашадағы, 1996 жылғы 30 желтоқсандағы N 10Б, 1997 жылғы 20 ақпандағы N 1 , 1997 жылғы 31 наурыздағы, 1997 жылғы 4 сәуiрдегi, 1997 жылғы 8 сәуiрдегi, 1997 жылғы 14 сәуiрдегi, 1997 жылғы 20 мамырдағы шарттарға және 1997 жылғы 28 наурыздағы N 97/1А келiсiм-шартқа сәйкес.
Тармақ 63
63. "Астана-2" ЖШС, Ақмола қаласы, 1997 жылғы 9 маусымдағы N 1-П/97, 1997 жылғы 10 маусымдағы N 2-П/97, 1997 жылғы 10 маусымдағы N 3-П/97, 1997 жылғы 2 шiлдедегi N 45, 1997 жылғы 3 шiлдедегi N 3, 1997 жылғы 4 шiлдедегi N 4-11/97, 1997 жылғы 19 шiлдедегi N 4-СМ/97, 1997 жылғы 20 қыркүйектегi N 32, 1997 жылғы 24 қыркүйектегi N 7-П/97 және 1997 жылғы 24 қыркүйектегi N 34 шарттарға сәйкес.
Тармақ 64
64. "LUKOVA" фирмасы, 1997 жылғы 29 тамыздағы N 2р келiсiм-шартқа сәйкес.
Тармақ 65
65. "Артем" жай серiктестiгi, Ақмола қаласы, 1997 жылғы 7 сәуiрдегi N 14, 1997 жылғы 15 шiлдедегi N 26 және 1997 жылғы 18 шiлдедегi шарттарға сәйкес.
Тармақ 66
66. "Ақмолаинжқұрылыс" АҮАҚ, Ақмола қаласы, 1997 жылғы 12 маусымдағы, 1997 жылғы 25 тамыздағы және 1997 жылғы 18 қыркүйектегi N 116 шарттарға сәйкес.
Тармақ 67
67. "Автожолсервис" ЖШС, Алматы қаласы, 1997 жылғы 14 наурыздағы келiсiм-шартқа сәйкес.
Тармақ 68
68. "Қостанайжолқұрылысы" АҚ, Қостанай қаласы, 1997 жылғы 14 наурыздағы келiсiм-шартқа сәйкес.
Тармақ 69
69. "Қазаэронавигация" РМК, Алматы қаласы, 1997 жылғы 6 наурыздағы N 14-П-97/101-14, 1997 жылғы 30 сәуiрдегi N 4, 19/5-131, 1997 жылғы 26 маусымдағы N 31, 1997 жылғы 8 шiлдедегi N 163 және 1997 жылғы 7 тамыздағы N 176 шарттарға сәйкес.
Тармақ 70
70. "Қазаэрожоба" институты, Алматы қаласы, 1997 жылғы 30 қаңтардағы N 3-97, 1997 жылғы 14 ақпандағы N 2-97, 1997 жылғы 21 ақпандағы N 10-97 және 1997 жылғы 12 наурыздағы N 4-97 шарттарға сәйкес.
Тармақ 71
71. "Агрожол" өндiрiстiк кооперативi, Қарағанды қаласы, 1997 жылғы 18 наурыздағы шартқа сәйкес.
Тармақ 72
72. "Жамбыл жол құрылысы" АҚ, Тараз қаласы, 1997 жылғы 14 наурыздағы шартқа сәйкес. 📌 ЕСКЕРТУ. Тiзбеден 6,19,26,28,30-реттiк нөмiрлерi алынып тасталды, 7,8,9,10,11,12,13,14,15,16,17,18,20,21,22,23,24,25,27,29 реттiк нөмiрлерi 6,7,8,9,10,11,12,13,14,15,16,17,18,19,20,21,22,23, 24,25 реттiк нөмiрлерi болып саналды және 26-49 реттiк нөмiрлерiмен толықтырылды - ҚРҮ-нiң 1997.03.25. N 411 қаулысымен. ЕСКЕРТУ. Тiзбе 50-72-жолдармен толықтырылды - ҚРҮ-нiң 1997.12.12. N 1756 қаулысымен .
Басқа 77. Ақмола қаласында тiркелген және қала құрылысына жұмыс iстейтiн ұйымдарды табыс салығын, жер салығын және мүлiкке салынатын салықты төлеуден босатудың тәртiбi
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 13 қарашадағы N 1381 қаулысына қосымша 📌 ЕСКЕРТУ. Қаулы жаңа қосымшамен толықтырылды - ҚРҮ-нiң 1997.12.12. N 1756 қаулысымен . Ақмола қаласында тiркелген және қала құрылысына жұмыс iстейтiн ұйымдарды табыс салығын, жер салығын және мүлiкке салынатын салықты төлеуден босатудың тәртiбi
Тармақ 1
1. Осы Тәртiп "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 26 қаңтардағы N 2827 Заң күшi бар Жарлығына сәйкес кезеңге арналған Ақмола қаласында тiркелген және қала құрылысына жұмыс iстейтiн ұйымдарды табыс салығынан, жер салығынан және мүлiкке салынатын салықтан босатудың тетiгiн айқындайды.
Тармақ 2
2. Ақмола қаласында тiркелген және қала құрылысына жұмыс iстейтiн ұйымдардан табыс салығынан, жер салығынан және мүлiкке салынатын салықтан босату туралы өтiнiмдер жылына екi рет (15 сәуiрге және 15 қазанға) Қазақстан Республикасының Жоғарғы және орталық мемлекеттiк органдарын Ақмола қаласына орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясына (бұдан әрi - Комиссия) ұсынылады.
Тармақ 3
3. Ақмола қаласына тiркелген және қала құрылысына жұмыс iстейтiн ұйымдар табыс салығынан, жер салығынан және мүлiкке салынатын салықтан босатылуы үшiн комиссияға мынадай құжаттарды: - ұйым тапсырысшымен немесе бас мердiгермен жасасқан олардың құнын көрсету арқылы жұмысты орындауға арналған мердiгерлiктiң келiсiм-шартын немесе шартын немесе белгiленген тәртiппен расталған, көрсетiлген құжаттардың көшiрмесiн; - заңды тұлғаның Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Ақмола қаласындағы аумақтық органында тiркелгендiгi туралы құжатты ұсынады.
Тармақ 4
4. Комиссия ұсынылған құжаттарды қарағаннан кейiн табыс салығынан, жер салығынан және мүлiкке салынатын салықтан босатылған ұйымдардың тiзбесiн жасайды және келiп түскен материалдармен бiрге оларды Қазақстан Республикасы қаржы министрлiгiнiң Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгiне және Ақмола қаласының әкiмiне келiсуге енгiзедi.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгi, Қаржы министрлiгi мен Ақмола қаласының әкiмi бiр апта мерзiм iшiнде ұсынылған ұйымдардың көрсетiлген тiзбесiн, сондай-ақ келiп түскен материалдарды қарайды және Комиссияға жазбаша қорытынды ұсынады.
Тармақ 6
6. Комиссия ұйымдардан ұсынылған құжаттардың және Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгi, Қаржы министрлiгi мен Ақмола қаласы әкiмiнiң қорытындыларының негiзiнде Қазақстан Республикасының Үкiметiне жасалған келiсiм-шарттарға сәйкес табыс салығынан, жер салығынан және мүлiкке салынатын салықтан босату үшiн Ақмола қаласында тiркелген және қала құрылысына жұмыс iстейтiн ұйымдардың тiзбесiн қалыптастыру жөнiнде ұсыныс енгiзедi.