Об установлении стоимости разовых талонов Күшін жойған
Басқа 0
Бір жолғы талондардың бағасын белгілеу туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдері туралы» Кодексінің 373-бабының 2-тармағына сәйкес және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңыңың 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Қарасу аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Орналасқан жерін, қызметті жүзеге асырудың түрін, жағдайын, кіріс түсетін нысанының, сапасын және алаңын, сондай-ақ қызметпен тиімді айналысуға әсер ететін басқа да факторларын ескере отырып ең төменгі көрсеткіштін пайызына бір жолғы талондардың бағасын белгілеу туралы қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Бір жолғы талонның құнын белгілеу туралы» Қарасу аудандық мәслихатының 2005 жылғы 3 наурыздағы № 90 шешімінің күші жойылды деп танылсын (3380 мемлекеттік тіркеу нөмірі, «За изобилие» 2005 жылғы 25 наурыздағы № 10).
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қарасу ауданы бойынша салық комитетінің төрағасы Шоқметов Ғылымбек Қабдешұлына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
Басқа 5