Вопросы Комитета по управлению архивами и документацией Министерства культуры Республики Казахстан Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөніндегі комитетінің мәселелері
Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы N 1130 қаулысымен
📌 Ескерту. Тақырыбында және мәтінінде ", ақпарат және қоғамдық келiсiм" деген сөздер алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2003.11.24. N 1172 қаулысымен .
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған:
Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөніндегі комитеті туралы ереже;
Қазақстан Республикасының Мәдениет Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөніндегі комитетінің қарауындағы ұйымдардың тізбесі бекітілсін.
📌 Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.08.27. N 872 қаулысымен .
Тармақ 2
2. "Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік архиві туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 28 сәуірдегі N 672 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 17, 154-құжат) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 0. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөніндегі комитеті туралы Ереже
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы
7 мамырдағы
N 543 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөніндегі комитеті туралы Ереже
📌 Ескерту. Тақырыбында және мәтінінде ", ақпарат және қоғамдық келiсiм" деген сөздер алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2003.11.24. N 1172 қаулысымен .
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөніндегі комитеті (бұдан әрі - Комитет) Қазақстан Республикасының Мәдениет құзыретінің шегінде мұрағат ісі және құжаттама саласында арнаулы атқарушы және бақылау функцияларын жүзеге асыратын ведомствосы болып табылады.
📌 ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093 қаулысымен .
Тармақ 2
2. Комитет өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын және Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
Тармақ 3
3. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанасындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі мен мөртаңбалары және белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңдарға сәйкес банктерде шоттары болады.
Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Егер Комитетке заңдарға сәйкес уәкілеттік берілген болса, онда ол мемлекеттің атынан азаматтық құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқылы.
Тармақ 4
4. Комитет өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңдарда белгіленген тәртіппен шешімдер қабылдайды, олар Төрағаның бұйрығымен ресімделеді.
Тармақ 5
5. Комитеттің құрылымы мен штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Yкiметі бекiтедi.
📌 ЕСКЕРТУ. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093 қаулысымен.
Тармақ 6
6. Комитеттің қызметі тек республикалық бюджеттен қаржыландырылады.
Комитетке оның функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан кәсіпкерлік субъектілермен шарттық қатынастарға түсуге тиым салынады.
Егер Комитетке заң актілерімен табыс әкелетін қызметті жүзеге асыруға құқық берілген болса, онда мұндай қызметтен түскен табыс республикалық бюджетке жіберіледі.
Тармақ 7
7. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 8
8. Комитеттің заңды мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 480091, Алматы қаласы, Абай даңғылы, 39.
Тарау 2. 2. Комитеттің негізгі міндеттері, функциялары және құқықтары
2. Комитеттің негізгі міндеттері, функциялары және құқықтары
Тармақ 9
9. Комитеттің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) мұрағат ісі және құжаттардың түзілуінде бірыңғай мемлекеттік саясатты қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) Қазақстан халқының тарихи-мәдени мұрасының құжаттық ескерткіштерінің сақталуын, одан әрі қалыптасуын және пайдаланылуын қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын қалыптастыру, сақталуы мен пайдаланылуын ұйымдастыру;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын сақтауды, жинақтауды есепке алуды пайдалануды ұйымдастырудың бірыңғай принциптерін әзірлеу;
Тармақша 5
5) басқа мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, мұрағат ісін және мемлекеттік іс жүргізу жүйесін дамыту және жетілдіру;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының мұрағат ісі саласындағы заңдарының сақталуын бақылау.
Тармақ 10
10. Комитет негізгі міндеттерге сәйкес заңдарда белгіленген тәртіптер бойынша мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) мұрағат ісі және құжаттама жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің жобалары дайындалуын қамтамасыз етеді және әзірлейді;
Тармақша 2
2) мұрағат ісін дамыту және құжаттаманы жүргізудің мемлекеттік бағдарламасының жобаларын әзірлейді және іске асырады;
Тармақша 3
3) Ұлттық мұрағат қорының құжаттары бойынша ақпарат жүйесі мен деректер банкін құру және жетілдіру жөніндегі жұмыстарды жүргізеді;
Тармақша 4
4) құжаттардың, мұрағаттардың, мұрағат қорлары мен коллекциялардың құндылығына ғылыми және практикалық сараптаманы ұйымдастырады, құжаттары Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қорының құрамына енгізілуге тиіс мемлекеттік органдар мен өзге де заңды, сондай-ақ жеке тұлғалардың тізбесін айқындайды, құжаттардың сақтау мерзімін көрсетіп, бірыңғай үлгілік тізбесін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 5
5) мұрағат ісі мен іс қағаздарын жүргізудің жай-күйін талдайды, үрдістер мен заңдылықтарын зерделейді, тұжырымдамалары мен олардың даму стратегияларын айқындайды;
Тармақша 6
6) жергілікті жерлердегі мұрағат ісін басқару және жүргізу органдарының қызметіне басшылық жасайды және үйлестіреді, олардың жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қорының орталықтандырылған мемлекеттік есебін жүргізеді және оның құрамы мен мазмұны туралы ақпарат пен қамтамасыз етуді ұйымдастырады, Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын пайдаланудың тәртібін айқындайды;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының мемлекеттік есебінің тәртібін белгілейді, ол құжаттардың орталықтандырылған мемлекеттік есебін жүргізеді;
Тармақша 9
9) мұрағат құжаттарын аса құнды және бірегей құжаттарға жатқызу тәртібін, сондай-ақ сақтандыру көшірмелерін жасау мен сақтаудың тәртібін айқындайды;
Тармақша 10
10) мемлекеттік мұрағаттардағы Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын пайдаланудың тәртібін анықтайды, ведомстволық және жеке мұрағаттарды пайдалану тәртібін келіседі, Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қорының құрамы мен мазмұны туралы, мұрағат құжаттарын, анықтамалық-ақпараттық әдебиетті басып шығаруды ұйымдастыруды;
Тармақша 11
11) ведомстволық мұрағаттардың жұмысына және мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың іс жүргізу жай-күйіне салааралық ұйымдастырушылық-әдістемелік басшылық және бақылау жасайды;
Тармақша 12
12) сақтау мерзімі бар құжаттардың ведомстволық тізбелерін, мұрағат ісі мен іс қағаздарын жүргізу мәселелері жөніндегі салалық стандарттарды, нұсқаулықтар мен оқу бағдарламаларын келіседі;
Тармақша 13
13) мемлекеттік, ведомстволық, жеке мұрағаттарда мұрағат ісі жөніндегі заңдардың сақталуына мемлекеттік тексеру жүргізеді;
Тармақша 14
14) заңды және жеке тұлғаларға Қазақстан Республикасының аумағында құжаттық ескерткіштер жинауға, Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге уақытша әкетуге арнаулы рұқсаттар береді;
Тармақша 15
15) мұрағаттану, құжаттану және археография саласында мұрағат органдары мен мекемелердің ғылыми-зерттеу және әдістемелік жұмыстарын ұйымдастырады және үйлестіреді;
Тармақша 16
16) мемлекеттік мұрағаттарды техникамен жарақтандыру, мұрағаттық технологияларды, оның ішінде деректер базасын, автоматтандырылған ақпараттық-іздестіру жүйесі мен енгізу саласындағы саясатты айқындайды;
Тармақша 17
17) Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің және басқа да шетелдердің мұрағат ұйымдарымен белгіленген тәртіппен өзара іс-қимыл жасайды;
Тармақша 18
18) Қазақстан Республикасының заңдарымен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады;
Тармақ 11
11. Комитеттің өзінің негізгі міндеттерін іске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру мақсатында белгіленген тәртіппен мынадай құқықтары болады:
Тармақша 1
1) мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан мұрағат жұмысы және іс жүргізудің жағдайы туралы қажетті мәліметтерді сұрау және алу;
Тармақша 2
2) мұрағат жұмысының мәселелері бойынша және құжаттардың іс жүргізу жай-күйінің мәселесі бойынша мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың өкілдерін тыңдау;
Тармақша 3
3) өз құзыретінің шегінде мұрағат ісі және іс жүргізу жөнінде барлық ұйымдардың орындауы үшін міндетті нормативтік құқықтық актілер шығару;
Тармақша 4
4) барлық жеке және заңды тұлғалардың мұрағат ісін және іс қағаздарын жүргізу жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді орындауына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қорының құжаттары мен тарих пен мәдениеттің құжаттық ескерткіштерін қорғауы мен пайдалануына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 5
5) мұрағат ісімен іс жүргізу жөніндегі халықаралық ұйымдардың жұмысына, сондай-ақ өз өкілеттіктері мен құзыретінің шегінде мұрағат ісі саласындағы ынтымақтастық туралы келіссөздер жүргізуге қатысу;
Тармақша 6
6) өз құзыретінің шегінде ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың қызметіне басшылық жасау;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
Тарау 3. 3. Комитеттің мүлкі
3. Комитеттің мүлкі
Тармақ 12
12. Комитеттің жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі болады.
Тармақ 13
13. Комитетке бекітіліп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.
Тармақ 14
14. Комитеттің өзіне бекітіліп берілген мүлікті өз бетімен иеліктен алуға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Комитетке заңдарда белгіленген жағдайлар мен шектерде мүлікке билік ету құқығы берілуі мүмкін.
Тарау 4. 4. Комитеттің қызметін ұйымдастыру
4. Комитеттің қызметін ұйымдастыру
Тармақ 15
15. Комитетті Қазақстан Республикасы Мәдениет министрінің ұсынуымен Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайды және қызметтен босататын Төраға басқарады.
Тармақ 16
16. Комитет Төрағасының орынбасары болады, оны Комитет төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Мәдениет
министрі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Тармақ 17
17. Төраға Комитет жұмысын ұйымдастырады және басқарады және Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін жеке жауап береді.
Тармақ 18
18. Осы мақсатта Комитет төрағасы:
Тармақша 1
1) өз орынбасары мен Комитеттің құрылымдық бөлімшелері басшыларының өкілеттіктері мен міндеттерін белгілейді;
Тармақша 2
2) Комитет қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 3
3) өз құзыретінің шегінде Комитет қызметкерлерінің орындауы үшін міндетті бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді;
Тармақша 4
4) жергілікті уәкілетті органдардың басшыларын және облыстық мемлекеттік мұрағат директорларын қызметке тағайындау мен қызметтен босатуды келіседі;
Тармақша 5
5) Комитетті заңдарға сәйкес мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда білдіреді;
Тармақша 6
6) Комитеттің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
Тармақша 7
7) өз құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешім қабылдайды.
Тармақ 19
19.
📌 Ескерту. 19-тармақ алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2003.08.27. N 872 қаулысымен .
Тармақ 20
20. Комитетке сандық құрамын Министр, ал жеке құрамын Төраға белгілейтін консультативтік-кеңесші орган - Алқа құрылады.
Тармақ 21
21. Комитеттің жанында:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасындағы мұрағат ісінің ғылыми проблемаларын қарайтын Ғылыми кеңес;
Тармақша 2
2) Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының құрамын айқындауға және құжаттардың құндылығын сараптауға байланысты мәселелерді қарайтын Орталық сараптау-тексеру комиссиясы (ОСТК);
Тармақша 3
3) Әдістемелік кеңес жұмыс істейді;
Кеңестер мен комиссиялар туралы ережелерді және олардың құрамын Комитет төрағасы бекітеді.
Тармақ 22
22.
📌 Ескерту. 22-тармақ алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2004.04.21. N 445 қаулысымен .
Тарау 5. 5. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
5. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 23
23. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Басқа 1. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөніндегі комитетінің Құрылымы
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
1999 жылғы 7 мамырдағы
N 543 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөніндегі комитетінің Құрылымы
📌 Ескерту. Тақырыбында ", ақпарат және қоғамдық келiсiм" деген сөздер алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2003.11.24. N 1172 қаулысымен .
Басшылық
Мұрағат ісін ұйымдастыру, үйлестіру және оның әдістемесі бөлімі
Ұлттық мұрағат қорын қалыптастыру, мұрағаттар мен құжаттарды тексеру бөлімі
Мұрағаттық технологиялар, Ұлттық мұрағат қорын мемлекеттік есепке алу және пайдалану бөлімі
Қаржы және бухгалтерлік есеп бөлімі
Басқа 2. Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөніндегі комитетінің қарауындағы ұйымдардың Тізбесі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы
7 мамырдағы
N 543 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөніндегі комитетінің қарауындағы ұйымдардың Тізбесі
📌 Ескерту. Тақырыбында ", ақпарат және қоғамдық келiсiм" деген сөздер алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2003.11.24. N 1172 қаулысымен .
Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2004.04.21. N 445 қаулысымен .
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөнiндегi комитетiнiң Орталық мемлекеттiк мұрағаты.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгi Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөнiндегi комитетiнiң Орталық мемлекеттiк кинофотоқұжаттар мен дыбыс жазбалары мұрағаты.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгi Мұрағаттар
мен құжаттаманы басқару жөнiндегi комитетiнiң Орталық мемлекеттiк ғылыми-техникалық құжаттамалар мұрағаты.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгi Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөнiндегi комитетiнiң Мемлекеттiк мұрағаттардағы құжаттық материалдардың шағын фотокөшiрмелерiн жасау және қалпына келтiру орталық зертханасы.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгi Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөнiндегi комитетiнiң Құжаттану және мұрағат iсi жөнiндегi ғылыми-техникалық ақпарат орталығы.