Об установлении ставки за размещение наружной визуальной рекламы на объектах рекламы Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.04.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жарнама объектілерінде сыртқы көрнекі жарнаманы орналастыруға ставкаларды белгілеу туралы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдері туралы» Қодексінің 491-бабының 2) тармақшасына сәйкес және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Қарасу аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Жарнама объектілері бойынша көрнекі жарнаманы орналастыруға ставкалары мынадай мөлшерде белгіленсін: Жергілікті маңызды ортақ пайдаланудағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеулерінде және елді мекендерде орналастыратын жарнама - 100 % айлық есептік көрсеткіштегі - 1030 теңге айына бір шаршы метрге жарнама көлемі.
Тармақ 2
2. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.