О корректировании средней урожайности (продуктивности) и цен для исчисления доходов от личного подсобного хозяйства при назначении ежемесячного государственного пособия на детей до восемнадцати лет Қолданыста
Басқа 0
Он сегіз жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақылар тағайындағанда, жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін орташа түсімді (өнімділікті) және бағаларды түзету туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 қарашадағы № 1092 «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» қаулысымен бекітілген, балаларға арналған жәрдемақы алуға үміткер отбасының жиынтық табысын есептеу Ережесінің 30-тармағына сәйкес Алтынсарин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 10 %-ға азайту жолымен даланың аймағында жеке қосалқы шаруашылықтан алынған табысты есептеу үшін нормативтік карточкада келтірілген орташа түсімділіктің (өнімділіктің) есепке алынуын түзету белгіленсін.
Тармақ 2
2. 10 %-ға азайту жолымен он сегіз жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақылар тағайындағанда жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін статистика органдары
2006 жылға ұсынатын бағаларды түзету белгіленсін.
Тармақ 3
3. «Алтынсарин ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (М.Қ. Есенбаева) он сегіз жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы алуға үміткерлердің жеке қосалқы шаруашылығынан алынған табыстарды есептегенде осы қаулыны басшылыққа алсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің бірінші орынбасары Г.А. Кукобаға жүктелсін.