Об организации тушения пожаров и ликвидации чрезвычайных ситуаций на территории Мендыкаринского района Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.03.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Меңдіқара ауданының аумағында өрттерді сөндіруді ұйымдастыру және төтенше жағдайларды жою туралы Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы № 48 «Өрт қауіпсіздігі туралы» Заңының 8-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Занының 31-бабына сәйкес және өрттерді жою мақсатында Меңдіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Өрттерді сөндіру үшін балансында өрт автомашиналары және дайықты техникасы бар меншік нысанына қарамастан кәсіпорындардын барлық басшылары:
Тармақша 1
1) өрт машиналар жүргізушілерінің тәуліктік күзетін ұйымдастырсын, ерікті өрт құрылымдарының командасын қайтарсын, су мен жанар-жағар майды құйып өрт техникасын түзу ұстасын;
Тармақша 2
2) өрт депосын телефон байланысымен қамтамасыз етсін;
Тармақша 3
3) жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, акционерлік қоғамдардың диспетчерлері, шаруа қожалықтары өрт сөндірудің жедел жоспарына сәйкес өрт, өртке қарсы құрылымдардың күштері мен арын жинау туралы хабарламаларды қабылдауын және тапсыруын жүргізсін;
Тармақша 4
4) елді мекендерде азаматтық қорғаныстың өртке қарсы құрылымдарын құлақтандыру және жинау үшін дыбыстық сигналдарын орнатсын;
Тармақша 5
5) объектілер мен елді мекендерді қорғау жөніндегі барлык өрт және дайықты техниканы өртке қарсы қызмет және жол полиция органдарында тіркесін;
Тармақша 6
6) өртті жойғанда өрт кызметі кызметкерінің және өрт сөндіру басшысы (ӨСБ) рөлін атқарушының барлық талаптарын орындасын.
Тармақ 2
2. Ірі өрттерді жою жөніндегі жедел басшылық пен жұмыстарды ұйымдастыру үшін коса беріліп отырған тізбесі бекітілсін:
Тармақша 1
1) аудан аумағында ірі өрттерді, аварияларды, апаттарды және табиғи зілзаларды жою жөніндегі аудандық жедел штабтың құрамы (1-қосымша);
Тармақша 2
2) Меңдіқара ауданында өрттерді сөндіруге күштер мен құралдарды тарту жоспары (2-қосымша);
Тармақша 3
3) арнайы қызметтерді өрттерді сөндіруге күштер мен құралдарды тарту жоспары (3-қосымша);
Тармақша 4
4) өрттерді, аварияларды, табиғи зілзаларды жоюға іс-әрекет жасайтын кызметтердін негізгі міндеттері (4-қосымша).
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М. Соқытбаевқа жүктелсін.
Басқа 14. Аудан аумағында ірі өрттерді, аварияларды, апаттарды және табиғи зілзалаларды жою жөніндегі аудандық жедел штабтың құрамы
Әкімдіктің 2006 жылғы 20 наурыздағы № 136 қаулысына 1-қосымша Аудан аумағында ірі өрттерді, аварияларды, апаттарды және табиғи зілзалаларды жою жөніндегі аудандық жедел штабтың құрамы Сокытбаев Мейрам Аманжолұлы - аудан әкімінің орынбасары, штабтың бастығы; Қожахметов Байбол Үменұлы - «Меңдіқара ауданының тұргын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы, штаб бастығының орынбасары; Голованова Любовь Михайловна - «Меңдіқара ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, штабтын хатшысы; Келбеков Сапабек Кенжетайұлы - «Меңдіқара аудандык ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы; Ахметов Дәулетбай Көшмырзаұлы - «Меңдіқара аудандық орталық аурухана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны бас дәрігерінің міндетін аткарушы; Құрпасов Батырхан Ыбырайұлы - «Боровской ормандар және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» мемлекеттік мекемесінің директоры; Айсағалиев Мұрат Жәрдембекұлы - Мендікара аудандық телекоммуникациялар торабының директоры; Гизбрехт Валерий Германович - Мендіқара ауданы электр желілерінің бастығы
Басқа 15
Басқа 16
Басқа 17
Тармақ 1
1. Өрттерді, аварияларды, аппаттарды, табиғи зілзалаларды жоюға қатысатын өртке қарсы және басқа қызметтердің күштері мен құралдарын тарту аудандық штаб бастығының және өртті сөндіру басшысының шешімі бойынша туындаған жағдайға байланысты аудандық жедел жоспары бойынша жүргізіледі.
Тармақ 2
2. Өртті, аварияны, апатты, табиғи зілзаланы жоюға келетін қызметтердін, ұйымдардың жауапты басшылары адамдар (тегі, аты, әкесінің аты) және мерзімі мен уақытын көрсетіп техниканың санды құрамы туралы деректерді штабқа сырады.
Тармақ 3
3. Өрттерді сөндіру, аварияларды, апаттарды, табиғи зілзалаларды жою тәртібі, жұмыс істейтін жоюшылардың ауыстыруын ұйымдастыру, олардын тамағы, демалысы, жанар-жағар май материалдарымен техниканы жабдықтау, тартылатын күштер мен құралдармен есеп айырысу аудандық өрт сөндіру жедел штабына жүктеледі, ол осы мәселе бойынша өзара іс-әрекет жасаудын келісілген нұсқаулықтарын және заңды нормативтік актілерді басшылыққа алады.
Тармақ 4
4. Меңдіқара ауданында өрт сөндіру облыстық жоспары бойынша көрші аудандарда ірі орттер жағдайында жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінін ерікгі өрт құрылымдары, Меңдіқара ауданының өртке қарсы қызметінін органдары тартылады. «Боровской ормандар және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» мемлекеттік мекемесінің, Қостанай облысының орман және аншылық шаруашылық басқармасынын, «КазАгро» АӨК жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Боровской учаскесі ерікті өрт құрылымдары тартылады.
Тармақ 5
5. Міндеттерді орындау аяқталғаннан кейін ауданның ТЖ және АҚ жөніндегі штаб бастығымен өрт орнынан оны жіберу уақыты туралы жолдамада белгі қойылады және бүл уақыт штабтың күштері мен құралдарын есепке алу журналында тіркеледі.
Тармақ 6
6. Өрттерді, аварияларды, апаттарды жоюда аудандық жедел штаб жоқ болғанда оларды жоюға қатысатын басқа қалалардың, аудандардың өртке қарсы қызметтің бөлімшелері, ерікті өрт құрылымдары олардың шығу ауданынан тыс жоюға олардың қатысы туралы актіні құрастырады және өртке қарсы нормалары бойынша жанар-жағар май материалдарын жұмсауға төлеуді аныктама-шотты тапсырады. Жоюшылардың жұмысы 5 сағаттан артық болса оларға ыстық тамақ пен демалыс ұйымдастырылады.