Об определении перечня предприятий для трудоустройства осужденных к наказанию в виде общественных работ Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.04.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Сотталғандарды қоғамдык жұмыстар түрінде жазалауда жұмысқа орналастыру үшін кәсіпорындардың тізбесін белгілеу туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31- бабына, Қазакстан Республикасы Әділет министрінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы № 151 «Сотталғанды коғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазалауды аткару Нұсқаулығын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Меңдіқара ауданынын әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2006 жылы сотталған адамдарды қоғамдық жұмыстарға тарту үшін жұмыс орындарын беретін кәсіпорындардың тізбесі белгіленсін (қосымша).
Тармақ 2
2. Әкімияттің 2003 жылғы 26 тамыздағы № 196 «Сотталған тұлғаларды қоғамдық жұмыстарға тарту үшін жұмыс орындарын беретін кәсіпорындар тізбесі туралы» тіркеу № 2478, «Меңдікара үні» аудандық газетінде 2003 жылғы 3 қазанда № 40 жарияланған, қаулысының күші жойылды деп есептелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Киікбаевқа жүктелсін.
Басқа 4. Сотталған адамдарды қоғамдық жұмыстарға тарту үшін жұмыс орындарын беретін кәсіпорындардың тізбесі
Әкімдіктің 2006 жылғы 20 сәуірдегі № 166 қаулысына қосымша Сотталған адамдарды қоғамдық жұмыстарға тарту үшін жұмыс орындарын беретін кәсіпорындардың тізбесі «Таза су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны «Қарқын» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Құлан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Ақсай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі