Аудандық «Қорғаншылық және қамқоршылық» комиссиясын құру туралы Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.01.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудандық «Қорғаншылық және қамқоршылық» комиссиясын құру туралы Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы» туралы 1998 жылғы 17 желтоқсандағы № 321-1 Заңының 106 бабына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудан әкімі жанынан «Қорғаншылық және Қамқоршылык» комиссиясы №1 қосымшаға сәйкес құрылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулыға қоса беріліп отырған комиссия туралы Ереже №2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. Комиссияның дербес құрамы Зайсан аудандық мәслихатының кезекгі сессиясында бекітуге ұсынылсын.
Тармақ 4
4. Аудан әкімінің 2001 жылғы 30 наурыздағы № 4-85 өкімінің күші жойылсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Қ.С.Биқадамовқа тапсырылсын.
Басқа 6. Аудандық қорғаншылық және қамқоршылық комиссиясыиың құрамы:
Аудан әкімінің 2006 жылғы 27 қаңтардағы 206 қаулысына №1 қосымша Аудандық қорғаншылық және қамқоршылық комиссиясыиың құрамы: Аппарат басшысы Б.Түстікбаев
Басқа 7. Аудандық қорғаншылық және қамқоршылық комиссиясының Ережесі
Аудан әкімінің 2006 жылғы 27 қаңтардағы № 206 қаулысына № 2 қосымша Аудандық қорғаншылық және қамқоршылық комиссиясының Ережесі 1 .Жалпы ережелер.
Тармақ 1
1. «Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қорғаншылық пен қамқоршылық:
Тармақша 1
1) ата-анасының қайтыс болуының, оларды ата-аналық құқықтарынан айырудың, шектеудің, ата-анасын әрекетке қабілетсіз деп тануды, ата- анасының науқастығының, ата-анасының ұзақ уақыт болмауының, ата- анасының балаларын тәрбиелеуден немесе олардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудан жалтаруының, оның ішінде ата-анасының балаларын тәрбиелеу, емдеу және басқа да осындай мекемелерден алудан бас тартуының салдарынан, сондай-ақ ата-аналық қамқорлық болмаған әзге де жағдайларда балаларды орналастыру, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында:
Тармақша 2
2) әрекетке қабілетсіз немесе кабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдардың мүліктік және мүліктік емес жеке құкықтары мен мүдделерін қорғау үшін белгіленеді.
Тармақ 2
2. Егер қорғаншылық немесе қамкоршылық белгіленген адамның басқа жерде мүлкі болса, онда осы мүлікті басқару үшін қорғаншылық және қамқоршылық органдар оның орналаскан жері бойынша қорғаншылық тағайындай алады. Патронаттық тәрбиешілердің еңбегіне ақы төлеу шарттары заңнамаға сәйкес мемлекеттік білім беру мекемелері тәрбиешілерінің еңбегіне ақы төлеу шарттарына ұксас анықталады.
Тармақ 3
3. Қорғаншылық он төрт жасқа толмаған балаларға, сондай-ак психикалық аурудын салдарынан немесе ақыл-есі кемістігінің салдарынан сот әрекетке кабілетсіз деп таныған адамдарға белгіленеді. Корғаншылық кәмелетке толмаған, әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдардың, қайтыс болған немесе соттың шешімімен қайтыс болды немесе хабар-ошарсыз кеткен деп танылған адамдардың мүлкіне тағайындалады.
Тармақ 4
4. Қамқоршылық он төрттен он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандарға, сондай-ак спиртті ішімдіктерге немесе есірткі заттарға салынуы салдарынан сот әрекет кабілеті шектеулі деп таныған адамдарға белгіленеді.
Тармақ 5
5. Денсаулығы жағдайы бойынша өзінің құқыктарын өз бетінше жүзеге асыра және міндеттерді орындай алмайтын кәмелетке толған әрекетке кабілетсіз адамдардың өтініші бойынша қамқоршылық белгіленуі мүмкін.
Тармақ 6
6. Жергілікті атқарушы органдар қорғаншылык және қамкоршылық орғандары болып табылады. Аудандық атқарушы органдар өздерінің қорғаншылық және қамкоршылық женіндегі функцияларын уәкілетті білім, халықты әлеуметтік қорғау және денсаулык сақтау органдары арқылы жүзеге асырады.
Тармақ 7
7. Қорғаншылық және қамқоршылық органдары өз функцияларын «Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен осы Ереженің негізінде жүзеге асырады.
Тармақ 8
8. Қорғаншылық және қамқоршылық органдарынан басқа жеке және заңды тұлғалардың ата-анасының, қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру жөніндегі қызметіне тиім салынады.
Тармақ 9
9. Қорғаншылық және қамқоршылық органдары қорғаншы немесе хамқоршыны белгілеу кезінде ең алдымен қамқорлыққа алынатындардың мүдделеріне сүйенеді.
Тармақ 10
10. Екі жыныстағы кәмслетке толған адамдар:
Тармақша 1
1) сот өрекетке кабілетсіз немесе әрекетке кабілеті шектеулі деп таныған адамдарды;
Тармақша 2
2) сот бойынша ата-аналық құқықтарынан айырылған немесе шектелген адамдарды;
Тармақша 3
3) өзіне заңмен жүктелген міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін қорғаншы қамқоршы) міндетінен шеттетілгендерді;
Тармақша 4
4) егер асырап алу олардың кінәсі бойынша сотпен тоқтатылған болса, бұрынғы бала асырап алушыларды;
Тармақша 5
5) денсаулығы жағдайы бойынша* баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін атқара алмайтын адамдарды қоспағанда қорғаншылар (қамқоршылар) бола алады. *Бала асырап алуға, қорғаншылыққа (қамқоршылыққа), патронатқа алуға болмантын аурулардың тізімі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 24 маусымдағы №842 қаулысымен бекітілген. Егер ол қамқорлыққа алынушының мүдделеріне кайшы келмейтін болса жұбайының ата-анасының, туыстарының немесе қамқорлыққа алынушыға жақын басқа да адамдардың қорғаншы немесе қамқоршы болып тағайындалуға басым болады.
Тармақ 11
11. Егер қамқорлыққа алынушылардың мүдделерінщ арасында қайшылық болмаса, бірнеше адам үшін бір қорғаншы немесе қамқоршы тағайындалуға жол беріледі.
Тармақ 12
12. Ата-анасы әрекетке қабілетсіз және ата-аналық құқықтарынан айырылмаған, бірак оларды тәрбиелеуді жүзеге асыра алмайтын кәмелетке толмаған балаларға қорғаншылық және қамқоршылық тағайындау кезінде қорғаншылар мен қамкоршылар ата-аналардың тілегі ескеріле отырып тағайындалады.
Тармақ 13
13. Қорғаншылық пен қамқоршылықты қорғаншылық пен қамқоршылыққа мұктаж адамдардың тұрғылықты жері бойынша қорғаншылық және қамқоршылық ергандар белгілейді. Жекелеген жағдайларда қорғаншылық (қамқоршылық) қорғаншының (қамқоршынын) тұрғылықты жері бойынша белгіленуі мүмкін.
Тармақ 14
14. Қорғаншыны (қамқоршыны) тағайындау туралы мәселені мына құжаттар:
Тармақша 1
1) адамның қорғаншы (қамқоршы) болғысы келетіндігі туралы өтініші;
Тармақша 2
2) егер жасы кәмелетке толмаған балаға қорғаншы (қамқоршы) болғысы келген адам некеде тұратын болса, жүбайының келісімі;
Тармақша 3
3) қорғаншы (қамқоршы) болғысы келетін адамның денсаулығы жағдайы туралы анықтама;
Тармақша 4
4) егер қорғаншы (қамкоршы) болғысы келетін адам некеде тұратын болса, жұбайының денсаулығы жағдайы туралы анықтама;
Тармақша 6
6) баланы тәрбиелеуге тілек білдірғен адамның тұрмыс жағдайын тексеру актісі;
Тармақша 7
7) қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленетін баланың тұрмыс жағдайын тексеру актісі болған жағдайда қорғаншылық және қамқоршылық органдары шешеді.
Тармақ 15
15. Қорғаншы (қамқоршы) болыл белгіленген адамға қорғаншылық (қамкоршылық) органдарынын шешіміне сәйкес куәлік беріледі.
Тармақ 16
16. Қорғаншылыққа (қамқорлыққа) мұктаж және тиісті тәрбиелік, емдеу мекемелеріндегі және халықты әлеуметтік қоргау мекемелеріндегі адамдардың қорғаншысы мен қамкоршысы осы мекемелердің әкімшілігі болып табылады. Қорғаншының (қамқоршының) баланы мұндай мекемеге уақытша орналастыруы қорғаншының (қамқоршының) осы балаға қатысты құқықтары мен міндеттерін тоқтатпайды.
Тармақ 17
17. Қорғаншылар мен қамқоршылар кез-келген тұлғалармен, оның ішінде соттарда өз қамқорлығындағылардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға арнайы өкілеттіксіз қатысады.
Тармақ 2. 2. Қоғаншылық және қамқоршылық органдарынын құкықтары.
2. Қоғаншылық және қамқоршылық органдарынын құкықтары.
Тармақ 18
18. Қорғаншылық және қамқоршылық органдардың заңдарда белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) қорғаншылар мен қамкоршыларды тағайындауға;
Тармақша 2
2) қамқоршының он алты жасқа толған қамқорлығындағы баладан оның тәрбиесіне, құқықтары мен мүдделеріне қолайсыз әсер етпеуі шартымен бөлек тұруына рұқсат беруге;
Тармақша 3
3) қорғаншыларды (қамқоршыларды), егер олар науқастығына, мүліктік жағлайы өзгеруіне, қамқорлығындағы адаммен өзара түсіністіктің болмауына орай немесе басқа да дәлелді себептер бойынша, олардың өтінімі бойынша оларды өз міндеттерін орындаудан босатуға;
Тармақша 4
4) «Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белғіленген жағдайларда баланы асырап алуға келісім беруге;
Тармақша 5
5) егер асырап алушы баланы тәрбиелеп және оған қамқорлық жасау жөніндегі өзінің міндеттерін дұрыс орындамаса, сондай-ақ баланың мүдделері оны талап ететін басқа да жағдайларды асырап алуды тоқтатуды талап етуге;
Тармақша 6
6) асырап алуды жарамсыз деп тануды талап етуге;
Тармақша 7
7) егер ол балаға зиянды әсер етпесе, ата-аналық құқығынан айырылған ата- ананың (олардыд біреуінің) өтініші бойынша баламен кездесуге рұқсат етуге;
Тармақша 8
8) заңдарда көзделген жағдайларды, егер ол балаға зиянды әсер етпейтін болса, ата-аналық құкықтары сотпен шектелген ата- аналарға баласымен араласуға келісім беруге;
Тармақша 9
9) ата-ананын арасындағы балаларды тәрбиелеу мен білім беруге қатысты мәселелер жөніндегі келіспеушілікті шешуге;
Тармақша 10
10) қорғаншыға (қамқоршыға) қамқорлығындағы адамның мүлкін иеліктен шығару. оның ішінде айырбастау немесе сыйға тарту жөнінде мәміле жасауға (мәміле жасауға келісім беруге) немесе оиың атынан кепілдік шарт жасасуға, оны жалға (арендаға), тегін пайдалануга немесе кепілге беруге, қамқорлығындағы адамның заң бойынша және өсиет бойынша мүраға тиесілі құқығынан бас тартуға әкелетін мәміле жасауға, оның мүлкін бөлуге немесе одан оның үлесін шығаруға, сондай-ак қамқорлығындағы адамның мүлкін азайтуға әкелетін кез-келген басқа да мәмілелерді жасауға рұқсат беруге;
Тармақша 11
11) қорғаншы осы баптың 10-тармағында көрсетілген мәмілелердің нәтижесінде алған қаражаттың қалай жұмсалуы қажет екендігін айқындауга;
Тармақша 12
12) қамқорлығындағы адамның қорғаншыға (қамқоршыға), оның жұбайына немесе туыстарына осы адам қорғаншы (қамқоршы) болып тағайындалғанға дейін пайда болған қамқорлықтағы адамның қарыздарын төлеуіне рұқсат етуге;
Тармақша 13
13) белгіленген тәртіппен қайтыс болған немесе хабар-ошарсыз кеткен деп танылған адамдардың мүлкіне қорғаншылық тағайындауға;
Тармақша 14
14) баланы асырап алуды жарамсыз деп табуды талап етуге;
Тармақша 15
15) баланы асырап алуды жоюды талап етуге;
Тармақша 16
16) ата-анасын немесе олардың біреуін ата-аналық құқықтарынан айыру туралы іс қозғауға;
Тармақша 17
17) қорғаншылар мен қамқоршылардың іс-әрекетіне шағымдары қарастыруға;
Тармақша 18
18) қорғаншы немесе қамқоршы озіне жүктелген міндеттерді дұрыс орындамаған, оның ішінде олар қорғаншылык пен қамқоршылықты жеке басының мақсатына пайдаланылған кезде немесе қамқорлығындағы адамды бақылаусыз және қажетті көмексіз қалдырған жағдайларда, қорғаншылар мен қамкоршыларды бұл міндеттерді орындаудан шеттетуге;
Тармақша 19
19) қамқорлыққа алынған адамға оны ұстауға жеткілікті қаражат болмаған жағдайда, жәрдемақы тағайындауға;
Тармақша 20
20) кәмелетке толмаған балалардың, сондай-ак кәмелетке толған әрекетке кабілетсіз немесе кабілеті шектеулі адамдардың мүліктік және мүліктік емес жеке кұқықтары мен мүдделерін қорғау үшін басқа да қызметтерді жүзеге асыруға құқығы бар.
Тармақ 3. 3. Қорғаншылық және қамқоршылық органдарының міндеттері.
3. Қорғаншылық және қамқоршылық органдарының міндеттері.
Тармақ 19
19. Қорғаншылық және қамқоршылык органдар заңдарда белгіленген тәртіппен.
Тармақша 1
1) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтауға, олардың тұрмыс жағдайларын тексеруге, мұндай балалардың есебін жүргізуге және ата- анасының қамқорлығынан айырылуының нақты жағдайларына қарай балаларды орналастырудың нысандарын таңдауға, сондай-ақ олардың күтімі, тәрбиесі және білім алуы жағдайларын одан әрі бақылауды жүзеге асыруға;
Тармақша 2
2) ата-анасының қамқорлығьтнсыз қалаған балалар туралы мәлімет алған күннен бастап үш күннің ішінде баланың құқықтары мен мүдделерін қорғауды және бір айдың ішінде оны орналастыруды қамтамасыз етуге. Баланы отбасына тәрбиелеуге беру мүмкін болмаған жағдайда, ол туралы мәліметті баланы есепке алу және кейіннен Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасынын азаматының отбасына тәрбиелеуге орналастыруға жәрдемдесу үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің білім беруді басқару органына жолдауға;
Тармақша 3
3) қорғаншылар мен қамқоршылардың қызмегін бақылауды жүзеге асыруға, ол үшін жылына кемінде екі рет олардың өз міндеттерін орындауын тексеруге, сондай-ак жыл сайын қорғаншылардың қамқорлығындағы адамның денсаулық жағдайы туралы, оларды төрбиелеу жөніндегі жұмыстары туралы есеп беруін талап етуте;
Тармақша 4
4) ата-аналық құқықтарынан айыру немесе шектеу, ата-аналық құкықтарын калпына келтіру, бала асырап алудың күшін жою немесе жарамсыз деп тану, жасы кәмелетке толмағандармен некені жарамсыз деп тану, сондай-ак «Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес басқа да істер қаралған кезде сотқа қатысуға;
Тармақша 5
5) бала мен оны тәрбиелеуге тілек білдірген адамдардың тұрмыс жағдайларын тексеру;
Тармақша 6
6) он жасқа толған баланың асырап алуға келісімін анықтауға және ол үшін ұғынымды нысанда асырап алудың мәнін түсіндіруге;
Тармақша 7
7) баланың асырап алудың құпиясын сақтауға;
Тармақша 8
8) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмаған балалардың, белгіленген тәртіппен жүйкесі ауру немесе ақыл-есі жетімсіз немесе әрекетке кабілеті шектеулі деп танылған адамдардың мүлкінің қаттауын, сондай-ақ селгіленген тәртіппен, қайтыс болған немесе хабар-ошарсыз кеткен деп танылған және денсаулығы жағдайы бойынша өз бетінше өзінің құқықтарын корғай алмайтын және озінің міндеттерін атқара алмайтын кәмелетке толған адамдардың мүлкінің қаттауын жасауға;
Тармақша 9
9) қатталған мүлікті қорғау шараларын қабылдауға;
Тармақша 10
10) қорғаншылар мен қамкоршылардан өздерінің міндеттерін жүзеге асыруды талап етуге міндетті;
Тармақ 4. 4. Қорғаншылық және қамқоршылық органдарының шешімдеріне шағымдану.
4. Қорғаншылық және қамқоршылық органдарының шешімдеріне шағымдану.
Тармақ 20. 5. Жұмысты ұйымдастыру
20. Қорғаншылық және қамқоршылық органдарының барлық мәселелер женіндегі шешімдеріне сот тәртібімен мүдделі адамдар шағымдануы мүмкін. 5. Жұмысты ұйымдастыру
Тармақ 21
21. Комиссия отырыстары материалдардың түсу шамасы және қажеттілік бойынша өткізіледі. Комиссия отырыстарына, оның мүшелерінің жартысынан кем емес мүшелері қатысса шын болып есептеледі.
Тармақ 22
22. Комиссия шешімдері отырысқа қатысқан комиссия мүшелерінің жалпы санынан ашык түрде көп дауыс бергендердің сайлауымен қабылданады.
Тармақ 23
23. Комиссия құзырына енетін жеке мәселелерді қарастыру үшін кажеітілігінше жұмыс топтары кұрылады. 24.Комиссия хатшысы қажет қүжатгарды, отырыстардың күн тәртібін дайындайды, комиссия мүшелерінің өзара байланысын ұйымдастырады және іс жүргізуге жауап береді. Аппарат басшысы Б. Түстікбаев