Зайсан ауданында бір жолғы талондардың құндарын белгілеу туралы Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.02.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Зайсан ауданында бір жолғы талондардың құндарын белгілеу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» № 148 Заңының 6 бабына, «Салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер туралы» 2001 жылғы 12 маусымдағы № 209-ІІ Қазақстан Республикасы Кодексінің 372 және 373 баптарына сәйкес аудандық мәслихат сессиясы ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Зайсан ауданында бір жолғы талондардың құндары № 1 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Зайсан ауданында бір жолғы талондардың құндарын белгілеу туралы» аудандық мәслихаттың 2002 жылғы 10 қаңтардағы № 17-3 (тіркеу № 721 01.03.2002), 2002 жылғы 29 сәуірдегі № 19-5 (тіркеу № 822 07.05.2002) шешімдерінің күші жойылсын.
Басқа 3. Зайсан қаласының базарларына тауар өткізетін азаматтарға біржолғы талондардың құны (әр сатушыдан бір сауда күні үшін теңгемен) Зайсан қаласы бойынша ара-тұра сипаттағы қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаларға біржолғы талондардың құны
Аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 20 ақпандағы № 21 - 5 шешіміне № 1 қосымша Зайсан қаласының базарларына тауар өткізетін азаматтарға біржолғы талондардың құны (әр сатушыдан бір сауда күні үшін теңгемен) Зайсан қаласы бойынша ара-тұра сипаттағы қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаларға біржолғы талондардың құны Зайсан қаласы бойынша ара-тұра сипаттағы қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаларға біржолғы талондардың құны Жеке меншік автокөлігімен аудан ішінде жолаушы тасу үшін берілетін бір жолғы талонның бір күндік құны. Кісі тасымалдау (мысал ушін Өскемен-465 км) Кіріс 16000 теңге (8 адам*2000 теңге) Шығындар: -жанар жағар май (барып- қайтқаны) 95 л*60 теңге=5700 теңге -тамақ, ремонт 2000 теңге Таза кіріс 16000-5700-2000=8300 теңге Салық сомасы 8300 теңге*5%= 415 теңге Бір күндік бір жолғы талонның құны - 400 теңге Аудан ішінде (Биржан 45 км) Кіріс 1600 теңге (8 адам*200 теңге) Шығындар: жанар жағар май (барып-қайтқаны) 8 литр*60 теңге=480 теңге Таза кіріс 1600-480=1120 теңге Салық сомасы 1120 теңге*5%= 56 теңге Бір күндік бір жолғы талонның құны - 80 теңге Соңғы бекітілген ставка 80 теңге болғандықтан өзгерізсіз қалдырылды. Жүк тасымалдау ушін жеке жүк автокөлік иелерінен алынатын бір жолғы талонның құны. Мысал үшін: «Сайқан» карьерінен Зайсан қаласына көмір тасу. Жүк көтергіштігі 5 тоннаға дейін: Табыс: 5 х 3500 = 17500 теңге - сату бағасы. Шығын: 5 х 1478 = 7390 теңге карьерден көмірді алу бағасы (1 тоннаға 1478 теңге). 200 км жүк автокөлігі 87 литр жанар жағар май жұмсайды (1 литр 58 теңге). яғни 87 х 58 = 5046 теңге. Таза табыс = 17500 - 7390 - 5046 = 5064 теңге. Жеке тұлғаның табысы 5% салық ставкасымен 5064 х 5% =253 теңге. Бір күндік бір жолғы талонның құны - 250 теңге. Жүк көтергіштігі 10 тоннаға дейін: Табыс: 10 х 3300 = 33000 теңге - сату бағасы. Шығын: 10 х 1478 = 14780 теңге карьерден көмірді алу бағасы (1 тоннаға 1478 теңге) 200 км ге жүк автокөлігі 120 литр, қала ішінде 10 литр (1 литр 58 теңге ) дизель отынын жұмсайды, яғни 130 х 58 = 7540 теңге. Таза табыс = 33000 - 14780 - 7540 = 10680 теңге. Жеке тұлғаның табысы 5% салық ставкасы бойынша 10680 х 5% = 534 теңге. Бір күндік бір жолғы талонның құны - 500 теңге. Жүк көтергіштігі 10 тоннадан жоғары: Табыс: 15 х 3300 = 49500 теңге - сату бағасы. Шығын: 15 х 1478 = 22170 теңге карьерден көмірді алу бағасы (1 тоннаға 1478 теңге) 200 км ге жүк автокөлігі 120 литр, қала ішінде 20 литр дизель отынын жұмсайды (1 литр 58 теңге), яғни 140 х 58 = 8120 теңге. Таза табыс =49500 - 22170 - 8120 = 19210 теңге. Жеке тұлғаның табысы 5% салық ставкасы бойынша 19210 х 5% = 960 теңге. Бір күндік бір жолғы талонның құны - 900 теңге. Жеке комбайындардын иелерімен ауылшаруашылықта қызмет көрсету Комбайын қызметі: Табыс 1 күнге : 10 га х 2000 теңге (2000 теңге 1 га бағасы) = 20000 теңге - қызмет бағасы. Шығын: (15 л. дизель отыны 1 га) 150 л. х 58 теңге = 8700 теңге (1 л,- 58 теңге). Таза табыс = 20000 - 8700 = 11300 теңге. Жеке тұлғаның табысы 5% салық ставкасымен 11300 х 5% =565 теңге. Бір күндік бір жолғы талонның құны - 500 теңге Жеке меншік адамдардың малдарын бағу үшін берілетін бір жолғы талоның бір күндік құны Мал бағу Кіріс: 100 бас * 500 теңге (1 ірі қарға 1 айға - 500 теңге)= 50000 теңге Шығын:-- Таза табыс 1 күнге 1666 теңге ( 50000 теңге / 30 күнге) Салық сомасы 1666*5%= 83 теңге Бір күндік бір жолғы талонның құны - 80 теңге