Су тасқынына қарсы іс-шаралар туралы Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.04.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Су тасқынына қарсы іс-шаралар туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы Жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабын, «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5 шілдедегі № 19-1 Заңының 5 және 13 баптарына сәйкес және Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2006 жылғы 27 ақпандағы № 539 Қаулысын негізге ала отырып, су тасқынынан халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, аудан экономикасына келетін зиянды азайту мақсатында Зайсан аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2006 жылғы су тасқыны кезінде іс-шараларды жеделдетіп аткару мақсатында аудандық комиссия құрамы бекітілсін (қосымша №1), су тасқынына қарсы іс-шаралар жоспары бекітілсін (қосымша №2), мекемелерде техникалардың, жанар-жағар майдың қорын жасау жоспары бекітілсін (қосымша №3).
Тармақ 2
2. Қала, ауылдық округі әкімдеріне:
Тармақша 1
1) Су тасқыны кезеңіне жұмыс топтарын құрып, олардың тұрақты бару орындарын анықтасын, кезекші көлік бекітсін.
Тармақша 2
2) 2006 жылдың сәуір-мамыр айларында тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырсын, күн сайын аудандық тұрғын үй - коммуналды шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің төтенше жағдай жөніндегі бас маманына ақпарат берсін.
Тармақша 3
3) Су тасқынын апатсыз өткізу және тұрғындарды, малдарды су басуы мүмкін аймақтардан көшіру жөнінде жоспарлар жасап, қажетті техникаларды дайындықта ұстасын.
Тармақ 3
3. «Қазақавтожолы» РМК Шығыс Қазақстан облыстық филиалы ДЭУ-33 мекемесіне (Оқасов С.Ш.) 2006 жылдың 1 сәуіріне дейінгі мерзімінде су тасқыны және мұз бөгеттерін болдырмау үшін автомобиль жолдарындағы инженерлік құрылғыларды тазалау жөніндегі жұмыстарды орындау ұсынылсын.
Тармақ 4
4. Су тасқыны кезеңінде елді мекендерде, Үйдене су қоймасында тұрақты телефон байланысын ұйымдастыру «Қазақтелеком АҚ Зайсан аудандық телекоммуникациялар торабы" мекемесіне (Нұрасылов Ө.И.) ұсынылсын.
Тармақ 5
5. "ШҚ өңірлік энергетика компаниясы» Оңтүстік аймақтық филиалының Зайсан электр желілері бөлімшесіне (Жансейітов Е.У.) су тасқыны кезінде аудан көлемінде электр жүйесінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 6
6. «Шығыс су шаруашылыгы» РМК Зайсан аудандык өндірістік пайдалану бөлімшесіне (Қожекенов Ә.З.) Үйдене су қоймасындагы су деңгейін тұрақты қадағалау, қауіпті деңгейге жеткізбей реттеп отыру, авариялық ашып-жапқыштарды алдын- ала тексеру ұсынылсын.
Тармақ 7
7. Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау департаментінің өкілі (Гайсина Н.К.) зардап шеккен тұрғындарға алғашқы медициналық көмек көрсету үшін аудандық орталықтандырылған дәрі-дәрмектер қорын жасау ұсынылсын.
Тармақ 8
8. Аудандық ауыл шаруашылық бөліміне (Уәли М.Қ.) егістік жерлерді, тоғамдарды су тасқындарынан аман сақтау және су басатын қауіпті аймақтардан адамдарды, малдарды көшіру жұмыстарын ұйымдастыру міндеттелсін.
Тармақ 9
9. Су тасқынына қарсы іс -шараларға жедел басшылық және осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасарына (Зайнулдин С.З.) және аудандық тұрғын үй - коммуналды шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің төтенше жағдай жөніндегі бас маманына (Рахымжанов Қ.Қ.) жүктелсін.
Тармақ 10
10. «Көктемгі су тасқынының алдын алу іс-шаралары туралы» аудан әкімдігінің 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 1365, "Зайсан ауданының әділет басқармасы" мемлекеттік мекемесіның 2005 жылғы 3 мамырдағы тіркелген № 5-11-2 қаулыларының күші жойылды деп саналсын.
Тармақ 11
11. Осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.
Басқа 15. 2006 жылғы су тасқыны кезінде іс-шараларды атқару жөніндегі аудандық комиссия
Аудан әкімдігінің № 317 6 сәуірдегі 2006 жылғы қаулысына қосымша № 1 2006 жылғы су тасқыны кезінде іс-шараларды атқару жөніндегі аудандық комиссия Қ ¥ Р А М Ы 2006 жылғы су тасқыны кезінде іс-шараларды жеделдетіп атқару мақсатында аудандық комиссия төмендегі құрамда құрылсын: ЗАЙНУЛДИН СЕРІК ЗИНАБЕКҰЛЫ - комиссия төрағасы, аудан әкімінің орынбасары УӘЛИ МАРАТ ҚАЛИСҚАРҮЛЫ - комиссия төрағасының орынбасары, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі Комиссия мүшелері: ТОЖЫБАЕВ ДОЛДАН ИБРАЙҰЛЫ - қала әкімі ОҚАСОВ САМАТ ШӘРІПХАНҰЛЫ - «Қазақавтожолы» РМК Шығыс Қазақстан облыстық филиалының ДЭУ-33 мекемесінің бастығы (өз келісімімен) КӨНБАЕВ МАРАТ - аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі меңгеруідісінің міндетін уақытша атқарушы ЖАНСЕЙІТОВ ЕРБОЛ УАЛХАНҮЛЫ - "ШҚ өңірлік энергетика компаниясы» Оңтүстік аймақтық филиалының Зайсан электр желілері бөлімшесінің бастығы (өз келісімімен) ҚОЖЕКЕНОВ ӘСЕТ ЗАКАРИЯҰЛЫ - «Шығыс-су шаруашылыгы» РМК Зайсан аудандық өндірістік пайдалану бөлімшесінің бастығы НҰРАСЫЛОВ ӨМІРБЕК ИКЕПҰЛЫ - «Қазақтелеком» АҚ Зайсан аудандық телекоммуникациялар торабы мекемесінің бастыгы (өз келісімімен) РАХЫМЖАНОВ ҚУАНЫШХАН ҚҰСМАНҮЛЫ - аудандық тұрғын үй-коммуналды шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс жөніндегі бас маманы ӨТЕБАЕВ НАҚҚАЖЫ АКРАМҮЛЫ - ТЖМ "Қазселденқорғау" Зайсан аудандық бөлімшесінің бастыгы (өз келісімімен) Аппарат басшысы Б.ТҮСТІКБАЕВ
Басқа 16. 2006 жылға арналған су тасқынына қарсы іс-шаралардың
Аудан әкімдігінің № 317 6 сәуірдегі 2006 жылғы қаулысына қосымша №2 2006 жылға арналған су тасқынына қарсы іс-шаралардың ЖОСПАРЫ № Шаралар Орындалу мерзімі Орындаушылар 1 2 3 4 1 Ауданда қардың, өзен мұздарының ашылуына байланысты су алу каупі бар аймақтарда орналасқан елді мекендерді бақылауға алуды ұйымдастыру наурыз мамыр 2006ж Қала, ауыл әкімдері 2 Су тасқынын апатсыз өткізу және тұрғындарды, малдарды су басуы мүмкін аймактардан көшіру жөнінде іс-шаралар жосппарын жасау. 05.04. 2006ж Қала, ауыл әкімдері; аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі 3 Төтенше жағдайдың алдын алу мен жою жөніндегі аудандық ведомствоаралық комиссияға қар қорының және қардың еру жағдайы туралы жүйелі хабарлау. Қар көшкіні мен су тасқынының қаупі туралы дер кезінде ескертуді қамтамасыз ету. Күн сайын ТЖМ "Қазселденқорғау" Зайсан аудандық бөлімшесі (келісім бойынша) 4 Қар көшкіні мен су басуы мүмкін жерлерде тұратын тұрғындарды сақтандыру шараларымен таныстыру және қауіп- қатерді алдын ала хабарлап отыруға жауапты адамдарды тағайындау. 10.04. 2006ж Қала, ауыл әкімдері, ТЖМ "Қазселденқорғау" Зайсан аудандық бөлімшесі (келісім бойынша), «Шығыс-су шаруашылығы» РМК Зайсан аудандық өндірістік пайдалану бөлімшесі (келісім бойынша) 5 Автожолдардың, тұрғын үйлердің және кұрылыстардың жанындағы кәріздік су ағызатын астауларды, автомобиль жолдарындағы су өткізетін инженерлік құрылғыларды тазартуды жүргізу. 01.04. 2006ж Қала, ауыл әкімдері, «Шығыс-су шаруашылығы» РМК Зайсан аудандық өндірістік пайдалану бөлімшесі (келісім бойынша), аудандық тұрғын үй-коммуналды шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, «Қазақавтожолы» РМК Шығыс Қазақстан облыстық филиалының ДЭУ-33 мекемесі (келісім бойынша) 6 Электр берілісі және байланыс желілеріне зерттеу жүргізу, қар көшкіні мен су тасқыны кезінде олардың сақталуы жөніндегі шараларды қабылдау. 10.04. 2006ж "ШҚ өңірлік энергетика компаниясы» АҚ Оңтүстік аймақтық филиалының Зайсан электр желілері бөлімшесі (келісім бойынша), «Қазақтелеком» АҚ Зайсан аудандық телекоммуникациялар торабы (келісім бойынша) 7 Ауданда 15 тн дизель отыны, 10 тн бензин; 1 тн мотор майы есебінен жанар-жағар майдың резервтык қорын жасау. 10.04. 2006ж Аудандық тұрғын үй-коммуналды шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы 9 Қала және ауылдық округі әкімшіліктерінде, 2006ж Қала, ауылдық округі әкімдері, ТЖМ мекемелерде тәулік бойы кезекшілік "Қазселденқорғау" Зайсан аудандық ұйымдастыру, жағдайды күнделікті бөлімшесі (келісім бойынша), аудандық тұрғын үй-коммуналды «Шығыс-су шаруашылығы» РМК шаруашылық, жолаушы көлігі және Зайсан аудандық өндірістік пайдалану автомобиль жолдары бөлімінің төтенше бөлімшесі (келісім бойынша), "ШҚ жағдайлар жөніндегі бас маманына хабарлап өңірлік энергетика компаниясы» АҚ отыру, тел: 21-273. Аудан әкімі аппаратының Оңтүстік аймактық филиалының кезекші телефондары: 21-301, 21-857. Зайсан электр желілері бөлімшесі (келісім бойынша), «Қазақтелеком» АҚ Зайсан аудандық телекоммуникациялар торабы (келісім бойынша) Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің төтенше жағдайлар жөніндегі бас маманы Қ. РАХЫМЖАНОВ
Басқа 17. ЖОСПАР
Аудан әкімдігінің № 317 6 сәуірдегі 2006 жылғы қаулысына косымша № 3 ЖОСПАР 2006 жылғы су тасқыны кезінде қажетті техникалар мен жанар-жағар май дайындау жөнінде № Ме­ке­ме ат­та­ры Адам са­ны Ке­ректі жа­нар-жа­ғар­май Су тас­кы­ны­на дай­ын­да­ла­тын тех­ни­ка­лар Ав­то- грей­дер Ав­то по­груз чик Кім­нің ка­ра­ма­ғы­на Бен­зин тн Со­ляр­ка тн Мо­тор тн Трей лер Буль до­зер Эк­с­ко- ва­тор Са­мо свал Ав­то кран 1. Жа­у­ап­кер­ші­лік шек­те­улі се­рік­те­стік «Зай­сан» құ­ры­лыс ком­па­ни­я­сы 20 1,0 2,0 0,1 1 2 1 2 1 1 Аудан тө­тен­ше жағ­дай ко­мис­си­я­сы 2. «Қа­зав­то­жо­лы» РМК Шы­ғыс Қа­зақ­стан об­лы­стық фи­ли­а­лы­ның ДЭУ-33 ме­ке­ме­сі 10 1,0 2,5 0,1 1- 1 2 3. «Шы­ғыс Қа­зақ­стан ай­мақ­тық энер­ге­ти­ка ком­па­ни­я­сы» ЖАҚ Зай­сан фи­ли­а­лы­ның ме­ке­ме­сі 10 1,0 1,0 0,2 1 1 1 4. «Шы­ғыс-су ша­ру­а­шы­лы­ғы» РМК Зай­сан аудан­дық өн­ді­рі­стік пай­да­ла­ну бө­лім­ше­сі 5 0,5 1,5 0,3 1 1 5. «Шы­ғыс» ша­руа қо­жа­лы­гы 10 1,0 2,0 0,3 1 1 2 1 1 1 6. ТОО «Сай­хан» 5 1,0 1,0 0,2 2 БАР­ЛЫ­ҒЫ 60 5,5 10,0 1,2 1 8 1 3 6 3 3 2 Аппарат басшысы Б. ТҮСТІКБАЕВ