Об утверждении количества территориальных формирований Гражданской обороны Аккольского района Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.02.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақкөл ауданындағы Азаматтық қорғаныстың аумақтық құрылымдарының санын бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғаныс туралы» Заңына Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңындағы 33-бапқа, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар Агенттігінің 2000 жылғы 23 маусымдағы № 139 «Азаматтық қорғаныстың құрылымдарын құру және оларды материалдық-техникалық құралдармен жабдықтаудың (тізімдеудің) шамамен алынған нормалары туралы» Нұсқаулықты бекіту» бұйрығына сәйкес және Ақмола облысы әкімінің 2005 жылғы 1 қазандағы № 21 «Ақмола облысындағы Азаматтық қорғаныстың аумақтық құрылымдарының санын бекіту туралы» шешімінің негізінде, аудан әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Ақкөл ауданындағы Азаматтық қорғаныстың аумақтық құрылымдарының саны бекітілсін.
Тармақ 2
2. Ақкөл қалалық, селолық және село әкімдеріне, меншік нысанына қарамастан кәсіпорындар мен ұйымдардың басшыларына, бейбітшілік пен соғыс кезеңінде Азаматтық қорғаныс құрылымдарының табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайдағы іс-қимылын тұрақты қолдауды қамтамасыз етсін, көрсетілген Нұсқаулыққа сәйкес, олардың сандық жасақталуына дейін, қажетті техникамен, мүлікпен жабдықтауға дейінгі іс-шараларды қабылдасын. Ұйымдастыруды және құткаруды жаттықтыру, басқа да кезек күттірмейтін мәселелер үнемі оқу-жаттығу жұмыстарымен өтеліп, өткізілсін.
Тармақ 3
3. Аудан әкімінің 2006 жылғы 25 қаңтардағы № 4 «Ақкөл ауданындағы Азаматтық қорғаныстың аумақтық құрылымдарының санын бекіту туралы» шешімі күшін жойсын.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.П.Лиге жүктелсін.
Басқа 5
Қосымша Аудан әкімінің «23» ақпан 2006 ж. № 6 шешімімен Бекітілді «Ақкөл аудандағы Азаматтық қорғаныстың аумақтық құрылымдарының санын бекіту туралы» Азаматтық қорғаныстың аумақтық құрылымдары туралы Мәлімет Құ­ры­лым­дар­дың ата­у­ла­ры, ұй­ым­дар Құ­ры­лым­дар­ды құ­ру негіз­де­рі Құ­ры­лым­дар сан­да­ры Дай­ын­дық та бо­лу уа­қы­ты Же­ке адам са­ны­мен жа­сақ­та­луы Тех­ни­ка са­ны, мар­ка­сы Деректі Штат бойынша % 1. Медициналық қызмет Ақкөл аудандық орталық ауруханасы 1.1 Мед. көмек көрсетудің Мамандандырылған командасы Аккөл АОА 2 тұрақты 5 5 100 2 УАЗ - 452 2. Инженерлік қызмет Сәулет және қала құрылысы бөлімі 2.1 Жол-көпір командасы ӨЖБ 1 тұрақты 7 7 100 Автогрейдер ДЗ-98 ЗК-700 автобус КАВЗ 2.2 Инженерлік барлау командасы «Ақкөлқұрлыссервис» ЖШС 1 тұрақты 3 3 100 а/кран МАЗ - КС 4361 бульдозер 3. Өртке қарсы қызмет ТЖМБҚ 3.1 Өрт сөндіру командасы 5 – Өрт сөндіру бөлімі 1 тұрақты 30 30 100 Урал-375 Зил-131 4. Апатқа қарсы техникалық қызмет «Акколь- Коммун- Сервис» ШЖҚМКК 4.1 АТЗ-қамтамасыз ету Ақкөл РЭС-і 1 тұрақты 8 8 100 2 ГАЗ-66 4.2 АТЗ-газбен қамтамасыз ету «Алексеевкарайгаз» ЖШС 1 тұрақты 2 2 100 1 ГАЗ-53 4.3 АТЗ-сумен қамтамасыз ету «Тепловодсервис» ЖШС 1 тұрақты 1 1 100 1 водовоз ЗИЛ-130 4.4 АТЗ-жылумен қамтамасыз ету «Камила» ЖШС 1 тұрақты 5 5 100 3 К-700 экскаватор 3323 Камаз 55111 5. Байланыс қызметі Ақкөл РУТ 5.1 Апатты қалпына келтіру командасы Ақкөл РУТ 1 тұрақты 8 8 100 УАЗ 6. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету қызметі Экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі 6.1 Жылжымалы тамақтандыру пунктінің командасы «Орс-Нод» ЖШС 1 тұрақты 4 4 100 2 ГАЗ-52 ИЖ2715 6.2 Жылжымалы азық-түлікпен қамтамасыз ету «Аккольский» СТК 1 тұрақты 12 12 100 1 ГАЗ-52