О службах гражданской обороны и чрезвычайных ситуаций Аккольского района Қолданыста
Басқа 0
Ақкөл ауданының Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлары қызметтері туралы
Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғаныс туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасының «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Заңына сәйкес, Ақмола облысы әкімінің 2005 жылғы 12 мамырдағы № 15 «Ақмола облысының азаматтық қорғанысы және төтенше жағдайлар қызметтері туралы» шешімінің және Ақмола облысы әкімінің 2005 жылғы 7 қыркүйектегі № 17 «Ақмола облысы әкімінің 2005 жылғы 12 мамырдағы № 15 «Ақмола облысының азаматтық қорғанысы мен төтенше жағдайлар қызметтері туралы» шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» шешімдерінің негізінде, аудан әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Аудандық Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлары қызметтері, оларды құру базаларының тізбелері бекітілсін (1-қосымша).
Тармақ 2
2. Аудандық Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар қызметтерінің басшылығына мекемелер мен ұйымдардың лауазымды тұлғалары, 2-қосымшаға сәйкес, тағайындалсын.
Тармақ 3
3. Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар қызметтерінің базасы негізінде құрылған мекемелер мен кәсіпорындардың, ұйымдардың басшылары, қызметті ұйымдастыруға және оның іс-қимыл қызметіндегі қажетті құралдар мен күштер санына, олардың жеке құрылымдарын жасақтауға, техникамен, мүлікпен жарақтандыруға жеке жауапты болсын.
Тармақ 4
4. Аудан әкімінің 2006 жылғы 25 қаңтардағы № 3 «Ақкөл ауданының азаматтық қорғанысы және төтенше жағдайлары қызметтері туралы» шешімі күшін жойсын.
Тармақ 5
5. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.П.Лиге жүктелсін.
Басқа 6
1-қосымша Аудан әкімінің «23» ақпан
2006 жылғы № 7 шешімімен БЕКІТІЛДІ
«Ақкөл ауданының азаматтық қорғаныс
және төтенше жағдайлар
қызметтері туралы»
Аудандық Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтері мен оларды құру базасының тізбелері
Тармақ 1
1. Медициналық қызмет
Ақкөл аудандық орталық аурухана базасының негізінде құрылды (келісіммен);
Тармақ 2
2. Қоғамдық тәртіпті қорғау қызметі
Ақкөл аудандық ішкі істер бөлімі базасының негізінде құрылды (келісіммен);
Тармақ 3
3. Өртке қарсы қызмет
Ақкөл аудандық төтенше жағдайларды мемлекеттік бақылау және қадағалау бөлімі базасының негізінде құрылды (келісім бойынша), ӨБ-нің келісімдері бойынша құрылды;
Тармақ 4
4. Байланыс қызметі
«Қазақтелеком» АҚ-ның аудандық телекоммуникациялар байланысы базасының негізінде құрылды (келісім бойынша);
Тармақ 5
5. Көлік қызметі
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар тасымалдау көліктері мен автомобиль жолдары бөлімінің базасы негізінде «Автотранс» ЖШС, «Автомобилист» ЖШС-нің келісімдері бойынша құрылды;
Тармақ 6
6. Жануарлар мен өсімдіктерді қорғау қызметі
Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы Министрлігінің аудандық аумақтық басқармасы базасының негізінде құрылды (келісім бойынша);
Тармақ 7
7. Инженерлік қызмет
Сәулет және қала құрылысы бөлімінің базасы негізінде «Ақкөлқұрылыссервис» ЖШС, ӨЖБ-нің келісімдері бойынша құрылды;
Тармақ 8
8. Апатқа қарсы техникалық қызмет
«Ақкөл-Коммун-Сервис» ШЖҚ МКК-ның базасы негізінде (келісіммен) «Тепловодсервис» ЖШС, «Камила» ЖШС, «Алексеевкарайгаз» ЖШС, Ақкөл АЭЖ-нің келісімдері бойынша құрылды;
Тармақ 9
9. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету қызметі
Ақкөл аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің базасы негізінде «Орс-Нод» ЖШС. «Ақкөл» СТК, № 1 «Астық базасы», «Ақкөл нефтебазасы» ЖШС, «Тепловодсервис» ЖШС-нің келісімдерімен құрылды.
Аббревиатуралардың мағынасын ашу:
ӨЖБ – өндірістік жол басқармасы;
ЖШС – жауапкершілігі шектеулі серіктестік;
ӨБ – өрт сөндіру бөлімі
АҚ – акционерлік қоғам;
ШЖҚ МКК – шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын;
АЭЖ – аудандық электр желілері;
АТБ – аудандық телефон байланыстары жүйесі;
ТЖМБҚ – төтенше жағдайларды мемлекеттік бақылау және қадағалау;
СТК – селолық тұтынушылар кооперативі.
Басқа 16
2-қосымша Аудан әкімінің «23» ақпан
2006 жылғы № 7 шешімімен БЕКІТІЛДІ
«Ақкөл аудандық азаматтық қорғаныс
және төтенше жағдайлары
қызметтері туралы»
Ақкөл ауданының мекемелері мен ұйымдарының лауазымды тұлғаларының аудандық Азаматтық қорғаныс және Төтенше жағдайлар қызметтерінің басшылығына тағайындалған ТІЗІМІ
Болат Ғаббасұлы Жүнісов - медициналық қызмет
Ақкөл аудандық орталық
аурухананың бас дәрігері
(келісім бойынша)
Талғат Боранбайұлы Ескенов - қоғамдық тәртіпті қорғау
Ақкөл аудандық ішкі істер
бөлімінің қызметі бастығы
(келісім бойынша)
Манарбек Қайыргелдіұлы Шапағатов - өртке қарсы қызмет
Ақкөл аудандық төтенше жағдайлар
қызметінің мемлекеттік бақылау
және қадағалау бөлімінің
бастығы (келісім бойынша)
Алтай Ғалымұлы Малдыбаев - байланыс қызметі
«Қазақтелеком» АҚ-ның
аудандық телекоммуникация
байланыс жүйесінің директоры
(келісім бойынша)
Лидия Антоновна Шереметова - көлік қызметі
тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылық, жолаушылар
көліктері мен автомобиль
жолдары бөлімінің бастығы
Асан Исабекұлы Салыбеков - жануарлар мен өсімдіктерді қорғау қызметі
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
Министрлігінің аудандық
аумақтық басқармасының
бастығы (келісім бойынша)
Ирина Ивановна Карпова - инженерлік қызмет
сәулет және қала
құрылысы бөлімінің бастығы
Валентин Иванович Дятлов - апатқа қарсы-техникалық
«Ақкөл-Коммун-Сервис»
ШЖҚ МКК-ның директоры
(келісім бойынша)
Ольга Михайловна Лисина - материалдық-техникалық қамтамасыз ету қызметі
Ақкөл аудандық экономика
және бюджетті жоспарлау
бөлімінің бастығы