Об утверждении «Правил благоустройства и содержания территории населенных мест Атбасарского района» Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.05.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Атбасар ауданының елді мекен аймақтарын көркейту және ұстау Ережесін» бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағы 8 тармақшасына сәйкес, Атбасар ауданы әкімдігінің 06.05.2006 ж. № 01-557 ұсынысы негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Ұсынылған «Атбасар ауданының елді мекен аймақтарын көркейту және ұстау Ережесі» бекітілсін.
Тармақ 2
2. Бақылау аудандық мәслихаттың бюджет, экономика, коммуналдық шаруашылық көркейту және халыққа қызмет жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім Ақмола облысы әділет Департаменті Атбасар ауданының әділет Басқармасында мемлекеттік тіркелгеннен соң күшіне енеді.
Басқа 4
Атбасар аудандық мәслихатының 2006 жылғы 12 мамырдағы ««Атбасар ауданының елді мекен аймақтарын көркейту және ұстау Ережесін» бекіту туралы № С 30/5 шешімімен БЕКІТІЛГЕН қосымша Атбасар ауданының елді-мекен аймақтарын көркейту және ұстау ЕРЕЖЕСІ Негізгі ережелер Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңы бойынша әзірленген және Атбасар ауданы мен Атбасар қаласының аймақтарын көркейту, санитарлық тазалау мен жинау жұмыстарын ұйымдастыру саласында жеке және заңды тұлғалардың қатынастарын реттейді. Негізгі Ережелердің мақсаты жазғы және қысқы кезеңдерде қала аймағының жинау тәртібін анықтау,жаяу жүрушілердің және көліктердің кауіпсіздік қозғалысын қажетті шаралармен, жолдардың тазалығын қамтамасыз ететін жинау жұмыстарды орындауға талаптар белгілеу.Нысандардың сыртқы жарықтандыруын, жарнамаларын, жасыл егістерін, ғимараттар және аудан мен қала инфраструктураның басқа да нысандардың санитарлық ұстау ережелерін бұзған үшін жауаптыққа тарту. Осы Ережелерді Атбасар ауданы мен Атбасар қаласының аймағында орналасқан барлық ведомстволар, кәсіпорындар, ұйымдар, кооперативтер, нысан жалдаушылар, құрылыс жүргізушілер, ғимараттар мен құрылыстардың иелері міндетті түрде қолдануға тиісті.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер.
1. Жалпы ережелер.
Тармақ 1
1. Осы ережелер заңды тұлғаларға кәсіпорындар, ұйымдар, барлық кызметтерге, сонымен катар жеке тұлғаларға тарайды.
Тармақ 2
2. Аудан және қала аймақтарын санитарлық жинау мен тазалау жүйесі тұрмыстық қалдықтарды тиімді жинау, тез кетіру, сенімді зарарсыздандыру (шаруашылық - тұрмыстық, соның ішінде тұрғын және қоғамдық ғимараттардан,сауда кәсіпорындардан,қоғамдық тамақтандыру және тұрмыстық - мәдени сала нысандарындағы тағам қалдықтары: канализацияланбаған ғимараттардан сұйық қалдықтар: көшелердегі қоқыс, смет және аудан мен қала аймақтарында жиналатын басқа тұрмыстық қалдықтар) экономикалық тиімді пайдалануын көздейді,сонымен катар көпшілік қолданатын орындар (қала жолдарын, жаяусоқпақтарды, махалла ішіндегі кіреберістерді, аула аймақтарды, жағажайларды, базарларды, саябақтарды, бактарды) аймақтары мен үй-жайлардың қысқы және жазғы жинау жұмыстарды ұйымдастыруын енгізеді.
Тармақ 3
3. Аудан және қала аймақтарын тиісті санитарлық тазалық деңгеймен қамтамасыз ету үшін және арнайы машиналарды сапалы пайдалану мақсатында аудан мен қала аймақтарындағы тұрмыстық қалдықтары жинау мен кетіру жұмыстарын ұйымдастыруы біртүтас орталықтандырылған жүйеге (жоспарлы - үнемі және тапсырмалы),белгіленген тариф тәртібіне және басқа нормативтік деректерге бағынуға тиісті. Қала подъездарының жинау жұмыстары мамандандырылған коммуналдық ұйымдарға (арнайы автошаруашылықтарға, жол - пайдалану басқармасына және т.б.),сонымен қатар әр түрлі коммуналдық емес шаруашылық субъекттерге (өнеркәсіп кәсіпорындарына, құрылыс ұйымдарына, АҚ*. ЖШС* және т.б.), солай-ақ жеке үй иелері мен пәтер меншіктерлер кооперативіне (ары қарай мәтін бойынша ПМК) жүктеледі. Жеке үй иелері және ПМК оларға бекітілген аймақ жинауын және қоқыс шығаруын өз күштерімен немесе шарт негізінде мамандырылған кәсіпорындардың қатысуымен өндіре алады. Жер комитеті және жергілік орындаушы органдар шешімімен,сонымен катар ұйымдар мен жергілік орындаушы органдарымен жасалған шарт бойынша әр ұйымға жинау үшін шекарасы белгіленген бөлек аймақ бекітіледі. Подъезд жолдарың, аула аймақтарын жинауы ПМК жүктеледі. Кең көшелер, махалл ішіндегі жолдар, жасыл егіс аймақтары, жаяусоқпактарды жинау жұмыстары мамандырылған *Сілтеме:АК- акционерлік қоғам; ЖШС - жауапкерлігі шектелген серіктестік - пайдаланушы ұйымдарға жүктеледі; аймақтар және жаяусоқпақтар - оларға жақын орналасқан ұйымдарға, кәсіпорындарға, басқармаларға; бак және саябақ жолдары - саябақ,бақ,бульварлар пайдаланатын ұйымдарға жүктеледі. ЖҚС* 100м. радиуста қосылатын аймақтарда тазалық сақтау, жинауы және жарықтандыру ЖҚС персоналымен жүзеге асырылады. Дүңгіршек, дүкеншек, шатыр, базар, дүкендер және басқа қоғамдық тамақтандыру мен сауда орындарына 15м. радиуста қосылатын аймақтардың жинауы мен тазалау жұмыстарды ұйымдастыруын сауда ұйымдарының басшылары қамтамасыз етеді.Өнеркәсіп кәсіпорындар аймақтары, құрылыс алаңдары, қоймалар, базарлар, аймақтарына кіреберіс жолдары осы ұйымдардың күштерімен.каржыларымен немесе жасалған шарт негізінде мамандырылған ұйымдармен жиналады; басқа қала аймақтарды (стадиондар, базарлар, жәрменеке өткізетін орындар ашық автомобиль тұрақтары ауылшаруашылық су-жайлары және т.б.) таза ұсталуына жауаптылық жер қолданушыларға жүктеледі. Құрылыс нысандарына жақын аймақтардың таза ұсталуы мен жинауына, ағымды және күрделі жөндеуі осы жұмыстарды атқаратын ұйымдарға жүктеледі. Төмен тұрған учаскелердің нөсел немесе сел суларымен батар жағдайларының мүмкіндігін алдын ала ескерту мақсатында маусымда екі рет бақылау және жаңбыр қабылдау құдықтардың, сонымен қатар қалалық махалл ішіндегі суағыш жүйесінің тазалауы осы құрылыстарды балансқа қойған пайдалану қызметтері өткізеді. Жеке меншік үйлердің аймақтары мен оған қарасты 1 5 метр радиустағы аймақтын тазалауы мен жинауы үй иесіне жүктеледі.
Тармақ 4
4. Құрылыс жүргізіліп жатқан аудандарда жоспарлы - үнемі тазалау кезектігі жергілікті басқару органдары мен санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мекемелер келісімімен белгіленеді. Қайта құрылыс жүргізіліп жатқан тұрғын шағын аудандарда ғимарат салу кезіңде құрылыстық қоқыстың жинауын үй тапсырыс беруші қамтамасыз етеді. орталықтандырылған жоспарлы - үнемі тазалау ғимаратты пайдалануға берген кезде ұйымдастырылуы керек.
Тармақ 5
5. Автокөлік кәсіпорындардың қуаты коммуналдық шаруашылық органдармен тұрғын қордың нақты даму жағдайын есепке ала отыруымен белгіленеді.
Тармақ 6
6. Жоспарлы - үнемі тазалау санэпидқызмет мекемесінен келісімі бойынша қоқыстарды шығарумен айналасатын ұйым және тұрмыстық органмен жасалған шарт-кесте бойынша жүргізіледі.
Тармақ 7
7. Автомашинаның әр рейсі қалдықтарды қоймалау полигонының әкімшілігімен жолдама қазағында белгіленеді.
Тармақ 8
8. Қоқыс және қалдықтарды өз бетінше шығарған жағдайда талондық жүйе қолданады.
Тармақ 9
9. Түйір және сұйық тұрмыстық қалдықтар арнайы берілген учаскелерде немесе «Түйір және сұйық тұрмыстық қалдықтарға арналған полигондардың ұстауы мен жабдықтауы» және «Сұйық қалдықтарға арналған құйылыс станцияның ұстауы мен жабдықтауы» СанЕжН* белгіленген талаптарға сай зиянсыздандыру мен өңдеуге арналған құрылыста өткізіледі. Қалдықтарды осы мақсатқа арналмаған жерлерге шығаруға, сонымен қатар ауыл шаруашылық өрістерге қазып тастауға тыйм салынады.
Тармақ 10
10. Көркейту және аймақтарды жинау жұмыстар қысқы және жазғы мезгілдерге бөлінеді, бұл жұмыстар жүйелі, кезеңді және апатты тәртіпте жүргізіледі. Жүйелі жинауға келесі жұмыстар жатады: сыпыру, жуу, су себу, қар күреу, кар сыпыру, мұзды жапқышты кетіру Кезеңді: топырақтарды және түскен жапырақтарды жинау, нөсер канализацияны су тұндырмасынан тазалау, жол шетіндегі шөптерді қырқу. Апатты:- (қар жауған, көктайғақ, боран болған кездерде) - жолдың үстін топырақ-тұз қоспасымен, хлорид және басқа химиялық реагенттермен өңдеу; қарды сыпыру және күреу, жол қиылыстардағы, қалалық көлік аялдамаларындағы, қақпаға кіреберіс жолдардағы қар омбыларын сыпыру. * Сілтеме: ЖҚС - жанармай құю стансасы; СанЕжН - санитарлық ереже және норма.
Тарау 2. 2. Көпшілік қолданатын орындардың ұстауы мен жинауы.
2. Көпшілік қолданатын орындардың ұстауы мен жинауы.
Тармақ 11
11. Саябақ, демалыс аймақтары, көпшілік қыдыратын және қолданатын орындардың аймақтары осы ереженің талаптарына сай ұсталуына тиісті.
Тармақ 12
12. Барлық алаңдар мен көшелерде, бақтар мен базарларда, вокзалдар мен әуежайларда, қалалық көлік аялдамалары мен т.б. орындарда қажетті көлемде сауыттар қою керек. Сауыттардың аралығы даңғылы (аймақ) пайдалану үдемелігіне байланысты коммуналдық шаруашылық органдармен белгіленеді, бірақ сергекті көшелерде 40 м, ал көп адам жүретін көшелерде 100 м астам болмау керек. Қалалық көлік аялдамаларында сауыттар міндетті түрде орнатылуға тиісті. Сауыт толған сайын тазартып тұру қажет. Сауыттың орнатуы мен таза ұстауына, бекітілген аймақтың жинауын жүзеге асыратын ұйым, кәсіпорын, мекеме жауапты.
Тармақ 13
13. Саябақ, бульварлар, бақтар, үй-жай, офис, сауда бөлімдердің, шатырлар, дүкен иелерімен сауыттар ғимараттың алдынғы жағында (кіреберісте) орнатылады. Сауыттарды түзеу және таза ұстау қажет, сауыт толған сайын қоқыстан тазартып, күніне бір рет жуып, залалсыздандыру керек, жылына екі рет бояу қажет.
Тармақ 14
14. Дүңгіршек, шатырлар, ұсақ бөлшек павильондар және дүкендер алдында ыдыс және тауар қорын, сонымен қатар нысанға қарасты аймақты қойма үшін пайдалануға тыйым салынады.
Тармақша 1
1) Көкөніс пен жеміс, тез бұзылмайтын өнімдерді сату үшін дүкенше, дүңгіршек және жаймаларды орнатуға санэпидстанцияның келісімін алу керек. Сауда кәсіпорнына қарасты 5 м радиустағы аймақтың жинауы сауда орынның иесімен жүзеге асырылады.
Тармақша 2
2) Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорны дарында, ашық алаңдарда, кәуәпханаларда, дүңгіршектерде, сауда павильондарда және т.б.. персонал мен келушілер үшін стационарлық әжетхана болмаса міндетті түрде тасымалдау әжетхана (био әжетхана) орнату қажет .
Тармақ 15
15. Көліктің жөндеуі мен пайдалануына байланысты қала аймағын ластауға, балалар алаңдарына, тұрмыстық қалдықтарды шығару мен механизаттандырылған жинауға кедергі жасайтын үй аймағындағы жолды бөлігіне көлікті қоюға тыйым салынады.
Тармақ 16
16. Ведомстволық меншіктікке байланыссыз жасыл егістер мемлекеттің қол сұқпайтын қорын құрайды және заңмен қатал қорғауға алынады. Бекітілген аймақта заңды және жеке тұлғалар жасыл егістердің сақтауын қамтамасыз етуге міндетті. Сол себептен агротехникалық шаралардың толық кешенін өткізу керек, әсіресе: су себу, кесенді жасау, кепкен шөптерді кию, аймақты апатты және қураған ағаштардан жинау, діңгектерді тазалау, діңгек және түб үстіндегі шөптерді жұлу, тынатқыш енгізу, жас ағаштардың астына діңгектік қуыс жасау. жараларды сылау және залалсыздандыру, арам шөптерді жою бойынша механикалық өңдеу жүргізу.
Тармақша 1
1) Ауыл шаруашылық зиянкелтірушілер мен аурулармен, карантиндік арам шөптермен, өз күштерімен немесе өсімдіктерді қорғау станциялармен келісілген шарт бойынша жүйелі күрес өткізу. Жасыл егістер отырғызылған жерлерде, саябақтарда, көгалдарда көлік қоюға тыйым салынады.
Тармақша 2
2) Жапырақтар түскен кезде уақытында түскен жапырақтарды жинау. Жинаған жапырақтарды арнайы берілген участкелерге немесе жайғастыратын алқапқа шығару керек. Тұрғын құрылыс, саябақ және бактар аймағында жапырақтарды жағуға тыйым салынады.
Тармақша 3
3) Жер жамылғысының бұзылуына әкеліп соқтыратын өнеркәсіптік немесе басқа құрылыс жұмыстарды жүргізетін және меншіктік нысанға байланыссыз басқа ұйымдар жердің құнарлы жамылғысын егу құрылысына сақтауға міндетті. сонымен қатар құрылыс жұмысы аяқталғаннан кейін өндіріс жұмыстарды жүргізген кезінде бұзылған егістерді дереу өз қаржыларымен қалпына келтіруге тиісуі.
Тарау 3. 3. Оқшаланған аймағы бар нысандарды жинау.
3. Оқшаланған аймағы бар нысандарды жинау. Оқшаланған аймағы бар нысандарда (базарлар, жағажайлар, емдеу - профилактикалық мекемелер) санитарлық-эпидемиологиялық станцияның келісімісіз санитарлық қондырғыларды қайта жабдықтауға және салуға,автокөлікті жууға, ыдыс пен отынды бұл мақсатқа арналмаған орындарда сақтауға тыйым салынады.
Тармақ 17
17. Жағажайлар.
Тармақша 1
1) Техперсонал жағажай жабылғаннан кейін су жиегін, киінетін бөлмені, әжетхана, жасыл аймақты жинап, ыдыс жуып, әжетханаларды залалсыздандыру керек. Күндіз патрульдік жинау жұмысын жүргізу керек. Жинаған қалдықтарды таңғы сағат 8.00 дейін шығару қажет.
Тармақша 2
2) Сауыттарды жасыл егістер жолынан 3-5м аралығында және су жағасынан 10 м кем қылмай орнату керек. Сауыттар жағажайдың 1600 кв.м. аймағында бір сауыт есебінде орнату керек. Орнатылған сауыттардың аралығы 40 м аспау қажет.
Тармақша 3
3) 0,75 куб.м. сыйымды контейнерлер жағажайдың 3500-4000 кв.м. алаңында бір контейнер есебінен орнату керек.
Тармақша 4
4) Жағажай аймақтарында бір орын 75 қатынасқа есептелген қоғамдық әжетханалар орнатылуға тиіс. Қоғамдық әжетханалар мен суға түсу орын аралығы 50 м кем және 200 м аспау қажет.
Тармақша 5
5) Жағажай аймағында “Ауыз су” Мемлекеттік стандарт талаптарына сай ауыз сумен қамтамасыз ететін су атқыш орнату қажет.
Тармақша 6
6) Ашық және жабық киінетін бөлмелерді, шешінуге арналған павильондарды, сыртқы киім қабылдайтын орындарды күн сайын дезертіндімен жуу қажет.
Тармақша 7
7) Жыл сайын жағажайға таза топырақ төсеу керек.
Тармақша 8
8) Топырақты жағажайларда арнайы механизм болса аптасына бір рет топырақтың сыртқы текшесінің механизаттандырылған қопсытуын жүргізу керек. Қопсытқаннан кейін топырақты түзеу керек.
Тармақша 9
9) Шомылуға арналаған жерлерде киім жууға және жануарларды жуындыруға тыйым салынады.
Тармақ 18
18. Базарлар.
Тармақша 1
1) Базар аймағының (соның ішінде.шаруашылық алаңдар. кіреберіс жолдар) қалын бүркеуі болуы керек (асфальт, булыжниктер). бүркеудің жауын және ерген судың ағуын қамтамасыз ететін ылди болу керек. Базарлардың орналастыруын Оқшаланған аймақтары бар тұрмыс құрылысынан 50 м кем емес санитарлық үзіліспен және № 3.01.007.97 "Елді мекен аймақтардың ұстау" СанЕжН қойылған талаптарды есепке алумен көздеу керек. Аланы 0,2 га базарларда 3 см. кем емес жерді міндетті түрде топырақ төсеген тығыздалған үстіріт жасауға рұқсат беріледі.
Тармақша 2
2) Базар аймағында канализация және су құрбы болу керек.
Тармақша 3
3) Канализацияландырылмаған базарларда күреулі қоғамдық әжетханаларды сауда орнынан 50 м. аймағында орнату керек. Олардың есеп саны 50 сауда орынға бір әжетхана болу керек.
Тармақша 4
4) Шаруашылық алаңдарды сауда орынан 30 м. аймағында орналастыру қажет.
Тармақша 5
5) Сауыттар санын анықтаған кезде базар алаңының әр 50 кв.м, бір сауыт болу керек екенің естен шағармау керек, сонымен катар сауда орны мен сауыт аралығы 10 м. аспау керек. Сыйымдылығы 100 л. сауыттардың санын анықтағанда 200 кв.м. базар алаңына бір қоқыс жинақтағыш есебінен шығу керек және Олардың аралығы 20 м. аспау керек. Тағам қалдықтарын тастау үшін арнайы ыдыстар болу қажет.
Тармақша 6
6) 0,2 га және одан астам базар алаңдарында жиналған қалдықтарды Сыйымдылығы 0,75 куб.м, контейнерлерде сақтау керек.
Тармақша 7
7) Базардың жұмыс уақытты жергілікті басқару органдар шешімінің негізінде бекітіледі.Базар аймағын, сауда орындарды.дүкеншіктерді.үстелдерді. жабдықтарды жинау және залалсыздандыру мақсатында аптасына бір күн санитарлық болып жарияланады.
Тармақша 8
8) Техперсонал базар жабылғаннан кейін аймақтын негізгі жинауын өткізуге тиісті. Күндіз қалдықтарға толған сауыттардың путрульдік жинауын және тазалауын өткіз керек.
Тармақша 9
9) Жылдың жылы мезгілінде қатты бүркеуі бар базар аймағын күн сайын жуу қажет.
Тармақ 19
19. Саябақтар.
Тармақша 1
1) Ауысымды қоқыс жинақтар орнатуға берілген учаскелері бар шаруашылық аймақтар көпшілік жиналатын орындардан (би алаңдары. су атқыштар, эстрада, басты саяжолдар, көрініс павильондар) 50 м жақын орналаспау керек.
Тармақша 2
2) Сауыт санын анықтағанда саябақтын 800 кв.м алаңына бір сауыт есебінен шығу керек. Әр дүкеншек, дүңгіршек манында сыйымдылығы 10 л кем емес сауыт ортау керек.
Тармақша 3
3) Көпшілік жиналатын орындарда қалдықтарды жинауға қолайлы жағдай жасау үшін қалдықтарды уақытша сақтайтын аралықтандырылған жинақтар орнату қажет.
Тармақша 4
4) Шаруашылық алаңдар үшін контейнерлер санын анықтағанда 3 күндік қалдықтардың орта жиналу көлемінен шығу керек.
Тармақша 5
5) Қоғамдық әжетханалар мен көпшілік жиналатын орындардың аралығы 50 м жақын болмау керек. Бір орын 500 қатынасқа есептелген.
Тармақша 6
6) Негізгі жинауды саябақ жабылғаннан кейін таңғы 8.00 дейін өткізу керек. Күндіз қалдықтар және түскен жапырақтарды жинауын, патрульдік тазалау, жасыл егістерге су кию қажет.
Тарау 4. 4. Қала жолдарының жинауы мен ұстауы.
4. Қала жолдарының жинауы мен ұстауы.
Тармақ 20
20. Жергілікті орындаушы органдар шешімімен қала жолдарын жинауға ұйымдар бекітіледі. Жазғы жинау.
Тармақша 1
1) Жазғы жол жинау 15 сәуірден 15 қарашаға дейін жол бүркеуіне су себетін машиналар көмегімен және сыпыру - жинау машина көмегімен сыпыру арқылы жүзеге асырылады. Жууды екі күндебір рет түнгі уақыт 22.00 ден таңғы сағат 7.00 дейін өткізу керек.Таңғы сағат 7.00 ден кешкі сағат 21.00 дейін күніне бір рет су шашып сыпыру қажет. Күн ыстық кездерде (20-25 С кес емес) ауанын төменгі бүркеуінің шанын азайту және жол бүркеуінің қызуын төмендету мақсатында күніне үш рет 11.00 мен 19.00 сағат аралығында су шашу қажет.
Тармақша 2
2) Түнгі уақытта жұмыс істеген кезде шудан сақтандыратын ережелерді сақтау қажет. Жинау машиналардың қозғалу барысында жол қозғалысының ережелерін сақтау керек.
Тармақша 3
3) Жазғы маусымда кемелдендірілген бүркеу бар аландар мен көшелердің адамдар жүретін бөлігін жоспарлы түрде жуу және сыпыру қажет.
Тармақша 4
4) Жол бүрекулерін жуған кезде жолдын жайма жағында жиналған кір су тасқынын жасыл егістер бағытына немесе жаяусоқпақтарға шашпау керек
Тармақша 5
5) Ауанын шаңның төмендету үшін және кірді азайту мақсатында жамбырлы канализациясы жоқ жүргінші көше бөлігін технологияға сай сыпырып-жинайтын машиналармен жинау қажет.
Тармақша 6
6) Жасыл егістер мен коғалдарға су себуі қалалық су кұбыры жүйесіндегі суаттардан сан-эпид басқармасының келісімі бойынша өндіріледі.
Тармақша 7
7) Су себу-жуу және сыпыру-жинау машиналардың су себуі сан-эпид басқармасының келісімі бойынша қалалық су кұбырынан және суаттардан өндіріледі.
Тармақ 21
21. Қысқы жинау.
Тармақша 1
1) Қала жолдарының қысқы жинауы 15 қарашадан 15сэуірге дейін жүзеге асырылады. Табиғаттың апатты құбылыстарының болжаусыздығына байланысты және жүру жолдарды кардан тазарту және көктайғақты тез мерзімде кетіру операцияларын өткізуге байланысты коп аймақтарда пайдаланатын учаскелерде күн-түні мамандандырылған машиналар кезекшілігі бекітіледі. Машиналар дереу шығуға әр дайым даяр болу керек.
Тармақша 2
2) Қар түсісімен немесе көктайғақ пайда болған кездерде хлорид араластырған топырақ шашуды дереу бастау қажет, бір рет кар түсу алдында, қайтадан әр сыпырудан кейін қар жауып біткенше дейін және қажеті кезерде. Көктайғақ пайда болған уақытта бірінші кезекте төмен түсетін жолдар, көтерілістер, жол қиылыстары, қоғамдық көліктердің аялдамаларын, жүргінші аралықтарды, жаяусокпақтары бүркеу керек.
Тармақша 3
3) Қар түсісімен торт сағаттан кейін жолдағы кар қабаты 4-5 см аспайтындай, кар жаудың аяғанда және кар жауы жалғасқан уақытта күреу мен сыпыру осындай аралықпен өткізілу керек. Қар тазалау механизмдердің технологиялық бағдарын үдемелі қозғалысы көп көшелерден бастау қажет.
Тармақша 4
4) Омбыға сыпырылған карды арнайы қар жинауға берілген орындарға шығарады. Басқа жерлерге қарды төгуге тыйым салынады.
Тармақша 5
5) Шатырлар үстінен қар тазалау және мұзды сүмелектерді кетіруі құрылыс иелерінің міндеттеріне кіреді және осы жұмыстарды атқарған кездерде сақтандыру шаралырын пайдалану керек (кезекшілік құру. жаясоқпактарды қоршау). Шатырдан түскен қарды дер кезде жинап, қажет кезде шығару керек.
Тармақша 6
6) Арнайы қызметтермен жиналатын жол үстіндегі қарды шығарар алдында шатырлардан қар түсіріп және жалпы омбыға жиыстырып қою қажет. Шатырлардан түсірілген қардын шығаруы арнайы қызметтерге жүктеледі.
Тармақша 7
7) Қар шығаруы келесі мерзімдерде өндіріледі: -маңызды даңғылдарда түскен қар жапқышының қалыңдығы 6 см кем болмаса - екі күнен аспау керек, басқа жерлерде - төрт күнен аспау керек. -түскен қардың қалыңдығы 6 см асса - төрт, жеті күнен аспау керек.
Тарау 5. 5. Үй-жайлардың жинау мен ұстауы.
5. Үй-жайлардың жинау мен ұстауы.
Тармақ 22
22. Ведомстволық бағынуына және меншіктік түрлеріне байланыссыз үй-жайларды үнемі жоспар бойынша тұрмыстық қалдықтардан жинап отыру қажет.
Тармақ 23
23. Үй-жай аймақтарында контейнерлер орналастыру үшін көліке қалдықтарды шығаруға кедергі келтірмейтін арнайы алаңдар бөлу керек. Алаң ашық, су өтпейтін жапқышпен және жасыл егістермен қоршалуға тиісті.
Тармақ 24
24. Қоқыс жинақтауыштардың, (контейнерлер) санын анықтау үшін қоқыс жиынтығымен пайдаланатын тұрғындар санынан, қалдықтардың толу нормаларынан, қалдықтарды сақтау мерзімінен шығу керек. Қоқыс жиынтығының есеп көлемі қалдықтардың нақты жиналуына, олардың пайда болу мерзімдеріне сәйкес болуға тиісті.
Тармақ 25
25. Түйір тұрмыстық қалдықтар қоқыс шығаратын көлікпен, ал канализацияланмаған үй-жайлардан сұйық қалдықтар-ассенизациялық вакуумдық көлікпен шығарылады.
Тармақ 26
26. Тұрғындарды шусыз саямен қамтамасыз ету мақсатында тұрмыстық және тағам қалдықтары таңғы сағат 7.00 ерте және түнгі сағат 23.00 ден кеш шығармау керек.
Тармақ 27
27. Тұрмыстық қалдықтар мен қоқыс жинақтауыштарды (контейнерлерді) уақытша сақтауға арналған алаңдардың иелері қоқысты уакытында өз күштерімен немесе мамандандырылған ұйымдармен келісілген шарт бойынша шығаруға, іріктеу жасауға және контейнерлік алаңдарды залалсыздандыруға міндетті. Тұрмыстық қалдықтарды уакытында шығармаган меншіккер жауапқа тартылады. Жеке меншіккерде мамандандырылған ұйыммен тұрмыстық қалдықтар мен қоқысты шығаруға, атқарған жұмысына ақы төлеу туралы жасалған шарт, қоқыстарды шығару кестесі болса уақытында шығарылмаган қоқыс үшін жауаптық шарт жасаған мамандандырылған ұйымға жүктеледі.
Тармақ 28
28. Аула жиынтықтарында қалдықтарды уақытша сақтаған кездерде қалдықтардын шіруіне жол бермеу қажет. Сондықтан жылдың суық кезінде (қызуы 0 және төмен (сақтау мерзімі үш күннен, ал жылы кезде (плюстік қызуда)- бір күннен аспау керек (күн сайын шығару қажет). Әр елді мекенде түйір тұрмыстық қалдықтардын ағымдық жоюы жергілік санэпид қызмет мекемелерімен келісу керек.
Тармақ 29
29. Түйір тұрмыстық қалдықтарды жинау үшін тұрмысқа жайлы тұрғын үйлер қорында үлгіге қалыпты темір контейнерлер (0.75куб.м.) қолдану қажет. Канализацияланбаған үй-жайларда темір жинақтарды қолдануға болады.
Тармақ 30
30. Контейнерлер орнатылған аландар тұрғын және қоғамдық ғимараттардан, спорт алаңдардан және халықтың демалатын орындарынан 20м кем емес, 6ірақ 100 м аспайтын аралыққа алыс болуға тиісті. Контейнер мен алаң шетінің аралығы 1 м кем болмау керек. Қалдықтардың уақытша сақтау орындарының орналастыруы, әсіресе тұрғын аймақта аудан сәулетшісімен және санэпид станциясымен келісілуге тиісті. Айрықшалық жағдайларда құрылыс жүріп жатқан аудандарда аула әжетханаларымен қалдықтарды уақытша сақтау орындарының белгіленген аралығын сақтауға мүмкіндігі болмаса бұл аралықтар комиссия арқылы (аудан сәулетшісі, тұрғынды-пайдалану ұйым, санитарлық дәрігер қатысуымен) бекітіледі. Комиссия акттары жергілік басқарушы органдармен бекітілуге тиісті. Жеке үй-жайлар аймақтарында қоқыс жиынтығы, аула әжетханалары, жуынды тесіктері үй иелерімен анықталу керек, аралығын 8-10 м дейін қысқартуға болады. Қактығыс жағдайларда бұл мәселе қоғамдық өкілдермен, аймақтық орган басқармасының әкімшілік комиссиясымен қарастырылуға тиісті.
Тармақ 31
31. Темір қалдық жиынтықтарды жазғы мезгілде жуып отыру қажет (ауысымсыз жүйеде 10 күнде бір рет ауысымды-жиынтытықты босатқан соң), ағаш жиынтықтарды залалсыздандыру қажет (босатқан сайын). Энтомологиялық көрсеткіштер бойынша дезинсекция өткізу қажет.
Тармақ 32
32. Қалдық жиынтықтардан және қоқыс шығаратын көліктерден шикізат (тоқыма, шынылар) таңдауына тыйм салынады.
Тармақ 33
33. Қайтадан құрылып жатқан 5 қабатты және одан да аса үйлерде қоқыс құбырларын құру қажет.
Тармақ 34
34. Қоқыс қабылдау камераға кіру есігі ғимарат және басқа белмешелерге кіру есігінен бөлек болу керек. Камера едені асфальтанған кіреберіспен бірдей болу керек. Тұрмыстық қалдықтарды қоқыс құбырынан қоқыс кабылдау камеранын еденіне лақтыруына тыйм салынады (қоқыс қабылдау камерада контейнерлер немесе контейнерлерде ыдыстардың бір күндік қоры болу керек). Қалдықтары бар ыдыстарды қоқыс жиынтық бөлменің ішіне өз уақытынан бұрын (бір сағаттан бұрын) арнайы автокөлік келмей тұрып шығаруға болмайды.
Тармақ 35
35. Канализацияландырылмаған аулалық және қоғамдық әжетханалар тұрғын және қоғамдық ғимараттардан, балалар ойнайтын және халық демалатын орындардан 20м ден кем емес және 100м аспайтын аралықта болу керек.
Тармақ 36
36. Аула әжетханаларда жерді бөлік және шұңқыр болуға тиісті. Жерді бөліктерді әкелінген тығыз шикізаттардан (тайяқтар, кірпіштер, блоктар және т.б.) құрады. Шұңқыр су өткізбейтін болу керек, көлемділігің әжетханамен пайдаланатын тұрғындардын санынан шыға есептейді. Шұңқырдың тереңдігі жер суының деңгейіне байланысты, бірақ Зм астам болмау керек. Шұңкырдың толуы жер бетінен 0.35м астам болмау керек.
Тармақ 37
37. Шұңқырды толған сайын, бірақ жарты жылда бір реттен кем қылмай тазалау қажет.
Тармақ 38
38. Аула әжетханалардың бөлмелері таза ұсталынуға тиісті. Одардың жинауын күн сайын өткізу керек. Аптасына бір рет бөлмелерді ыстық сумен залалсыздандыратын ертіндімен жуу қажет. Жуындылардың жерді бөлігі мен аула әжетханалары тышқан мен құрт-құмырсқалар өтпейтіндей болу керек. Канализацияландырылмаған әжетханаларды және шұңқырларды келесі құрам ертіндісімен залалсыздандырады хлорлық ақ (10%), натрий гидрохлориды (3-5%), натрий метасиликаты ( 10%), лизол (5%), нафтализол ( 10%), креолин (5%). Осы ертінділерді ағаштан жасалған қоқыс жиынтықтарын залалсыздандыру үшін қолданады. Байланыс уакытты 2 мин. кем болмау керек. Құрғақ хлорлық ақты қолдануға тыйм салынады (айырықшылықты тәгам нысандары және медициналық емдеу-профилактикалық мекемелер құрайды). Масаларға қарсы дезинсекцияны этомологиялық көрсеткіштер бойынша жүзеге асырады.
Тарау 6. 6. Елді мекен аймақтарында кіші сәулет нысандардын ұстау және құру тәртібі.
6. Елді мекен аймақтарында кіші сәулет нысандардын ұстау және құру тәртібі.
Тармақ 39
39. Нысанның сыртқы көркейту барлық элементтері, соның ішінде ғимараттын алдынғы жағының әрлеуі, аймақта құрлыс жургізу ережелерінін тәртіптеріне жауап беруге тиіс.
Тармақ 40
40. Қоршау, шарбақ, көгалдар, дүкеншек, шатырдар, павильондар, дуңгіршектер, жарнама стендттері, маңдайшадағы жазуын рәсімдеу, әр түрлі көрнекі және басқа құралдар, саябақтарда орындықтардың құруы тек қана белгіленген тәртіпте келісілгенден кейін рұқсат етіледі. Кіші сәулет нысандардың барлық құрлыстары түзеу жағдайда ұсталынута тиісті, жылына бір рет боялу керек.
Тармақ 41
41. Көшедегі шамдар, жарық жарнамалар және жарық маңдайшалардағы жазудар кіреберістер шамдар қараңғы түсісімен жағынуға тиісті.
Тармақ 42
42. «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сай тұрғын, қызмет, өндіру және басқа ғимараттар мен құрлыстардың иелері үйлердің номерлік белгілерін, көше көрсеткіштерін, солай-ақ маңдайша жазуларын (солардың ішінде жарнама түрдегі ) қазақ және орыс тілдерде жазып, түзеу халде ұстауға тиісті.
Тарау 7. 7. Байланыс жолдар мен инженерлік құрлыстардың тазалау және ұстау тәртібі.
7. Байланыс жолдар мен инженерлік құрлыстардың тазалау және ұстау тәртібі.
Тармақ 43
43. Жер астындағы жүйелере ие басқармалар газды люктер, канализация, су құбырының, жауынды және де басқа құдықтардың жапқыштары жол жапқышымен бірдей және әр уақытта түзеу болуын қадағалауға міндетті.
Тармақ 44
44. Кұрлыс және жер астындағы байланыс жолдарын салу жобасын құрастырған кезде жобалау ұжымдар салу участкесінде бар ағаштар мен құыстардың сақталуын қамтамасыз ететін жұмыс тәртібін ұйымдастыруға міндетті, құру жұмыс сметаларында жасыл егістердің қалпына келтіру бағасын, ал қайта отырғызу жағдайларында - қосымша отырғызу жұмыстарының төлемін қарастыру қажет.
Тармақ 45
45. Көшелерден және жол үстерінен суларды кетіруге арналған арықтардың, құбырлардың және жауынды канализация коллекторларының, жаңбыр қабылдайтын құдыктардың жинауы мен тазалауы қажетті жағдайларда дереу қоқыс шығарумен өнімделеді. Қоймалар, баздар, тосқауыл, құрылыс алаңдар және басқа нысандардың иелері қамтамасыз етеді: а) кіреберіс жолдарды, көлік бұрылатын алаңдарды түзеу күйде ұстауын. Шығу және құрлыс ішіндегі жолдарда қатты бүркеу болуға тиісті; ә) көшеге белгіленген нысаннан кірленген автомашиналар мен құру механизмдерді шығармай дөңғалақ және көліктің кузовын жуу. Күн сайын кірден тазалау үшін құрлып жатқан нысаннан сол және басқа жагтарына 600м ұзындыгы бойынша негізгі даңғылдың жол участкесі салу жұмыстары жүрген кезенде құрылыс ужымына бекітіледі.
Тармақ 46
46. Сырып тастаған құрлыстар орнындағы құрлыс алаңдары құрлыстын сыру жұмысын бастаған уақытқа дейін белгіленген үлгімен барлық периметрі бойынша тығыз шарбақтармен қоршалануға тиісті. Қоршауларда жолдар саны мүмкіндігінше аз болуга тиісті. Жолдар екінші қызметтегі көшелерге шығуына және шлагбаумдармен жабдықтануга тиісті.
Тармақ 47
47. Көшелерде, даңғылдарда, қала махаллсы ішіндегі аймақтарда жер өнімдеу және салу жұмыстарын бастауын прейскурант бойынша төленетін осындай жұмыстарға рұқсат ордерін беретін үәкілді органның келісімімен белгіленген тәртіп бойынша заңды және жеке тұлғалармен жүзеге асырылады.
Тармақ 48
48. Көлік иелері, жеке автокөлік жүргізушілері көліктерді таза ұстауға міндетті. Кірленген көліктерде қала бойынша жүруге рұксат берілмейді. Көшелерді кірлету мүмкіндігіне жол бермеу үшін көшелерді кірлете алатын сепкіш және басқа тасымалы заттарды мққият жабу қажет.
Тарау 8. 8. Елді мекен аймақтарының санитарлық ұсталуына уәкілді органдар мен қызметтердің міндеттері.
8. Елді мекен аймақтарының санитарлық ұсталуына уәкілді органдар мен қызметтердің міндеттері.
Тармақ 49
49. Қазақстан Республикасы Заңның негізі бойынша көшелердің, аулалардың және қаланың басқа аймақтарының, сонымен қатар көпшілік қолданатын орындардың және жағажайлардың ұсталуының, санитарлық Ережелердің сақталуын қадағалау полиция органдары санитарлық қадағалау органдарымен бірлесіп жүзеге асырады.
Тармақ 50
50. Жергілік орындаушы органдармен бекітіледі: механизаттандырылған жинауға тиісті жолдар, алаңдар мен көшелердің тізбесі, сонымен қатар жаз және қыс мезгілдерде олардың жинау кезектері; - бір адамға жылына түйір қалдықтың жинау нормасы; - меншіктік нысанға байланыссыз жинауға тиісті ұжымдар, кәсіпорындар және ведомстволар, қала аймақтарының тізбесі: - қоршаған ортаны ластаудан, табиғи байлықтарды сақтау бойынша шаралар; жағалар, бақтар, саябақтар, жүргінші жүретін жолдар, қызметті-техникалық ғимараттар мен құрлыстар, құрлыс алаңдары, сауда мен көрнекі мекемелер және т.б.санитарлық тазалауына жауапты ұжымдар.
Тармақ 51
51. Ғимаратты пайдаланатын мекемелер, кәсіпорын және мекемелердің тұрғын бөлімдері, үй басқарушылары мен комендаттар, пәтерлер (үйлер) меншіктерлер копперативтері, сонымен қатар пәтер және жеке үй-жайлардың иелері міндетті: -тұрмыстық қалдықтарды уақыттында кетіруге шарт жасау, -елді-мекен аймақтарының ұстау, санитарлық ережелердің сақтау бойынша шараларды - орындау үшін тұрғындарға түсіндіру және ұйымдастыру жұмыстарын өткізу; -қоқыс жинақтарға су өткізбейтін алаңдар жабдықтау; -көше және аула сметаларынын тағам қалдықтарын жинау үшін қолданатын құрал; жабдықтармен қамтамасыз ету; -қоқыс жннайтын камералардың, жиынтық астындағы ыдыстар мен алаңдардың және қалдық жинақтарын үнемі жуу, залалсыздандыру мен дезинсекциялау бойынша шаралар қолдану.
Тармақ 52
52. Тұрмыстық-коммуналдық шаруашылықтар Департаменті және басқа да коммуналдық кәсіпорындар міндетті: -үйлер, ұйымдар, мекемелер мен кәсіпорындар аймақтарынан түйір және сұйық қалдықтардың шығаруын уақытында орындау (шарт бойынша); -әр арнайы мышинаға багдар кестесін құру: -пайдалану шарттардың өзгеруі бойынша бағдар кестелерін түзеу; -бекітілген бағдар кестелердің міндетті орындалуын қамтамасыз ету; -меншіктік құқық бойынша азаматтарға қарайтын құрлып жатқан үйлер аудандарында аптасына екі реі түйір тұрмыс қалдықтардан тазалауын жоспарлы - үнемі жүйесін жүзеге асыру.
Тармақ 53
53. Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мекемелерінің мамандары келесі мәселелердің орындалуын қамтамасыз етуге тиісті: -елді мекендерде санитарлық тазалауын ұйымдастыру бойынша жергілік басқарма органдар шешімдерінін жобасын дайындауына қатысу; -қаланың санитарлық тазалау кестесін, өнеркәсіптік және түйр тұрмыстық қалдықтар полигондарын жобалау және орналастыру деректерін қарастыруға және келісімдеуге; -елді мекендерде санитарлық жағдайларга байланыс халықтың ауруларың талдау және зерттеу; - аймақтардың эпидемиологиялық жағдайға байланысты жинауы мен тазалауын тексеру рейдтерін өткізу туралы тұрмыстық коммуналдық шаруашылық органдарының басшыларына ұсыныстар беру; -жоспар бойынша қоғамдық санитарлық инспекторларының оқуын өткізу, оларға кеңес беру және жұмыстарына басшылық ету; -елді мекен аймақтарынын санитарлық жағдайларын ұдайы бақылауын іске асыру.
Тармақ 54
54. АІІБің участкелік инспекторлары міндетті: -белгіленген участок аймағында санитарлық жағдайдың ұдайы бақылауын іске асыру; -санитарлық тәртіпті бұзатын тұлғаларды айқындау және белгіленген тәртіпте тиісті органдарға олардың мәліметтерін табыс етуге; -тұрғындарға, кәсіпорындарға және ұйымдарға меншіктік нысанға байланыссыз өз еркімен аулаларда, көшелерде қоқыс жинақтарын жасауға және оларды өртеуге тыйым салуға.
Тармақ 55
55. Қала аймақтарынын жоспарлы-үнемі жинауын ұйымдастырған кезде күштегі нормативтік құжаттармен басшылық ету қажет: -түйір тұрмыстық қалдықтарға арналған полигондарды пайдалану және жобалау жөніндегі нұсқаулық; -елді мекен аймақтарын механизаттандырылған жинау технологиясы мен ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық; -тағам қалдықтарын жинау тәртібі және малдарды семіртуі үшін қалдықтарды пайдалану туралы малдәрігерлік-санитарлық ережелермен; -тағам қалдықтарын жинау және шығару туралы нұсқаулық.
Тармақ 56. Негізгі Ережелермен тыйым салынған іс-әрекеттер.
56. Осы Ережелерді бұзуына кінәлі болған жеке және заңды тұлғалар әкімшілік бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексімен белгіленген тәртіпте жауапқа тартылады. Негізгі Ережелермен тыйым салынған іс-әрекеттер. Тыйым салынады: - мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдардың келісімісіз тұрмыстық қоқыс жинауға арналған алаңдар орнатуға; -белгіленген тәртіпте келісілген тұрмыстық және тағам қалдықтарды шығару тізбесін бұзуға; -көшелерде, жаяусоқпақтарда, көғалдарда, үйлердің алдыңғы жақтарында құрылыс саймандарды, отындарды, көмірді, сабан, улы химикаттарды, темір, минералды тыңайтқыштарды және басқа шикізаттарды қоймалауға; -көшелерді, жаяусоқпақтарды, суаттарды, жағалаларды, құрылыстан бос және жасыл егісті аймақтарды, көпшілік қолданатын орындарды әр түрлі қоқыспен (шылым, шыны, қағаз және т.б.).тұрмыстық қалдықтармен ластауға; -санитарлық аймақтардағы өзен және суаттарға, солай-ақ құдықтарға, артезияндық ұңғымаға жақын көлік пен киім жууға және жануарларды шомылдыруға; -жолдың жүргінші бөлігінде және жаяусоқпақтарда қоршалмаған газды канализация, су құбырларының, жамбыр мен басқа құдыктардың жабқыштарың ашық қалдыруға; -көшелерде, саябақтарда, бақтарда, орман бақтарында, стадиондарда, мектеп учаскелерінде және басқа көпшілік қолданатын орындарда мал мен құсты шығару және бағуға; -иттерді арнайы бекітілмеген аймақтарда серуендетуге, иттердің дәреттерін жинамай қалдыруға; -көпшілік қолданатын жасыл егіс аймақтарын көкөніс және басқа ауыл шаруашылық дақылдарын егу үшін пайдалануға; -жабдықтандырылмаған арбаларда, кузовы жөнделмеген автомашиналарда шашылатын және сұйық заттарды тасуға; -бар құрылыстарға (жолдың бүркеуі, бордюрлар, құдықтардың жапқыштары, су ағатын торлар, жаймалар, кювейттер, геодезиқалак таңбалар,және т.б. ), жасыл егістерге қазу мен жол жұмыстарын өткізген кезде зақым келтіруге, солай-ақ егістерді топырақпен жабуға; -жеке участкелерде, тұрғын махаллдарда, көғал мен көшелерде, ұйымдар мен кәсіпорындар аймақтарында жапырақ пен қоқысты жағуға; Жасыл егістер аймақтарында өз еркімен хабарламалар, жарнамалар, хабарландырулар жапсыруға тыйым салынады. -көғал үстімен жүру, жасыл егістерді жұлу немесе кесу; -автомашинада, мотоциклде, велосипедте және басқа көліктерде (арнайы көліктен басқа) жүруге; -өсімдік қоршауларының және көғалдардың қастарында жолаушы көліктердің аялдамаларын орнатуға; -от жағу, басқа отқа қарсы ережелерді бүзуға; -ағаштарды алтыбақан, сымдар, электроқұбырларды бекіту үшін пайдалануға; -«Жасыл құрылыс» қызметтерімен келісілген кесу ережелерін сақтаусыз және белгіленбеген мезгілдерде ағаштардың діңгектерін кесуге; -Қоршаған ортаны қорғау Ақмола облыстық аймақтық Басқармасы келісімісіз қуысты егістерді және ағаштарды өз еркімен кесуге;