Об установлении ограничительных мероприятий в связи с неблагополучной эпизоотической ситуацией на территории Каражарского сельского округа Қолданыста
Басқа 0
Қаражар селолық округінің аумағында қолайсыз эпизоотикалық жағдайларға байланысты шек қоятын іс-шаралар орнату туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 Заңына, «Адам және жануарлар үшін ортақ (бруцеллез) ауруларды алдын алу және күресу жөніндегі ветеринарлық-санитарлық және санитарлық-эпидемиологиялық ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 5 қарашадағы № 632 бұйрығымен Атбасар ауданы бас мемлекеттік ветеринарлық инспекторының 2006 жылғы 17 мамырдағы № 01-15-168 ұсынысы негізінде, Қаражар селолық округіндегі колайсыз эпизоотикалық жағдайдың құрылуына байланысты және селолық округ аумағында мал бруцеллезінің таралуын ескерту мақсатымен Атбасар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аурудың эпизоотикалық індет ошағы бар Қаражар селосының аумағын мал брузеллезі бойынша қолайсыз деп санау.
Тармақ 2
2. Село аумағында шек қоятын іс-шаралар белгілеу:
Тармақша 1
1) шектеу белгіленген аумақ арқылы сау малдарды айдап өтуге шектеу қоятын шараларды алғанға дейін союға жіберуден басқа сатуға, әкелуге, әкетуге тыйым салу:
Тармақша 2
2) бруцеллезге күдікті малы анықталған қорадан малды айдап шығуға тиым салу, Бруцеллез болған малдарды сау бастардан бөлектеп ұстау;
Тармақша 3
3) қолайсыз аумақтан басқа аумаққа әкетуге шөп, сабан және басқа мал азығын дайындауға. сондай-ақ мал мен адамдардың жиналуына байланысты шаралар жүргізуге тиым салу;
Тармақша 4
4) бруцеллезбен ауырған сиырды саууга, шектеу шараларын алғанға дейін мал өнімдерін (ет, сүт, басқаларын) сатуға тиым салу;
Тармақша 5
5) жануарлардың өлекселері, іш тасталынған төл міндетті түрде жойылалы немесе утелдеуге жіберіледі;
Тармақша 6
6) малы оң нәтиже берген етке союға тапсырылған ет өңдейтін косіпорындардың иелері санитарлық-ветеринарлық ережені сақтайды.
Тармақ 3
3. Ауыл шаруашылығы Министрлігінің Атбасар аудандық аумақтық басқармасының бас мемлекеттік ветеринарлық инспекторы Ж.И. Ғазизовқа ұсыну (келісім бойынша):
Тармақша 1
1) қатарынан екі рет теріс нәтижелер алынғанға дейін жүйелі диагностикалық зерттеулер жүргізу (қан алу), содан кейін үш айлық бақылауға қойылып, арасына 1-1,5 ай салып диагностикалық зерттеулермен тексеріледі. Бақылау тексерулері кезінде теріс нәтижелер алынып және қорытынды іс-шаралар жүргізілгеннен кейін аурудан таза емес пункттен шектеу алынады.
Тармақша 2
2) бруцеллезге оң нәтиже берген мал қораларына мұқиятты механикаландырылған тазалау жүргізіліп, дезинфекцияланады.
Тармақша 3
3) шектеу шараларының талаптарын орындамаған ауру мал иелеріне әкімшілік ықпал жасау шараларын қолдану.
Тармақ 4
4. Атбасар қаласының, село, ауылдық және селолық округ әкімдеріне аудан аумағында алдағы уақытта жануарлардың бруцеллез ауруының таралмауы бойынша барлық қажетті шараларды қолдансын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Л. Сергеевке жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы әділет басқармасында тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жариялануға жатады.