Об утверждении инструкции об организации и финансировании общественных работ Күшін жойған
Басқа 0
Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі нұсқаулығын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7, 20-баптары, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабы негізінде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысына сәйкес, Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы нұсқаулығы бекітілсін.
Тармақ 2
2. "Қостанай қаласы әкімиятының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Солодова Ф.Г.) қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырғанда осы қаулыны басшылыққа алсын.
Тізбеде анықталған кәсіпорындардың басшылары 2004 жылы қоғамдық жұмыстардың жүргізілуін ұйымдастырсын және "Лисаков қалалық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы" мемлекеттік мекемесімен қоғамдық жұмыстарды орындауға шарттарды жасау үшін жұмыстардың нақты түрлері мен көлемдерін анықтасын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қостанай қаласы әкімінің орынбасары А. Нұрғазиновқа жүктелсін.
Басқа 4
Қостанай қаласы әкімдігінің
2006 жылғы 30 мамырдағы
№ 1068 қаулысымен бекітілген
Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы нұсқаулық
Осы Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы нұсқаулығы (бұдан әрі - Нұсқаулық) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру ережесіне сәйкес әзірленген.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Нұсқаулық ұйымдастыру тәртібі және ақылы қоғамдық жұмыстарды өткізу үшін уақытша жұмыс орындарын беретін ұйымдармен есеп айырысу жүйесін реттейді.
Тармақ 2
2. Осы Нұсқаулықта пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
Тармақша 1
1) қоғамдық жұмыстар - азаматтардың уақытша жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету үшін жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның жолдамасы бойынша олармен орындалатын және әлеуметтік пайдалы бағдары бар, қызметкердің алдын-ала кәсіби даярлығын талап етпейтін жергілікті атқарушы органдармен ұйымдастырылатын еңбек ету түрлері;
Тармақша 2
2) жергілікті атқарушы орган - тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды өз құзырының шегінде жүзеге асыратын қала әкімі басқаратын әкімдік;
Тармақша 3
3) нысаналы топтар - жұмысқа орналасуда қиындық көріп жүрген және әлеуметтік қорғауды қажет ететін адамдар ретінде Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңымен белгіленген адамдар тобы;
Тармақша 4
4) жұмыс беруші - қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру үшін жұмыс орындарын беретін ұйым.
Тарау 2. 2. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру тәртібі
2. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру тәртібі
Тармақ 3
3. "Қостанай қаласы әкімиятының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган) қоғамдық жұмыстарды орындауға қызмет көрсету жөніндегі жұмыс берушімен келісім-шарт жасасады.
Тармақ 4
4. Қоғамдық жұмыстар ұйымдарда уақытша жұмыс орындарын құру арқылы өткізіледі және қалалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылады.
Тармақ 5
5. Жергілікті атқарушы орган, қалалық бюджет қаражаты есебінен ақылы қоғамдық жұмыстарға қатысушыларға еңбек ақы төлеуге арналған қаражатты тиімді пайдалануын және жұмыссыздарды уақытша жұмыс орындарымен қамтамасыз ету мақсатында келесі іс-шараларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) қоғамдық жұмыстарға сұраным мен ұсынысты белгілейді;
Тармақша 2
2) қоғамдық жұмыстарды орындау шарттары, көлемі және түрлерінің, қоғамдық жұмыстар өткізілетін ұйымдардың тізбесін бекітеді.
Тармақ 6
6. Уәкілетті орган, жергілікті атқарушы органның шешімімен бекітілген тізбеге сәйкес, жұмыссыздарды ұйымдарға қоғамдық жұмыстарға жібереді.
Тармақ 7
7. Қоғамдық жұмыстарға қатысуда нысаналы топтарға кіретін жұмыссыздар басымдық құқыққа ие.
Тарау 3. 3. Қоғамдық жұмыстарды қаржыландырудың шарттары және көздері
3. Қоғамдық жұмыстарды қаржыландырудың шарттары және көздері
Тармақ 8
8. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға еңбек ақы төлеу жеке еңбек шартының талаптарына сәйкес ай сайын жүзеге асырылады және жұмыс берушімен орындалатын жұмыстың күрделілігі мен сапасына, санына байланысты болады.
Тармақ 9
9. Қоғамдық жұмыстарға қатысушылардың еңбекақысына, тиісті жылға республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген ең төменгі жалақының бір жарымдық көлемінде төленген, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік салық қорына әлеуметтік аударымдарға жұмыс берушілердің шығыны қалалық бюджет қаражатынан өтеледі. Бюджет қаражаты жұмыс берушілердің есеп шотына аударылады.
Тармақ 10
10. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға қалалық бюджет қаражатынан төленетін еңбек ақыға заңнама белгіленген тәртіппен салық салынады.
Тармақ 11
11. Жұмыс берушілер қалалық бюджеттен түскен ақшаны мақсатты тағайындауға пайдаланады.
Тармақ 12
12. Жұмыс берушілер еңбек ақыға төлеген шығынын ақшаны қалалық бюджеттен қайтару үшін уәкілетті органға ай сайын жұмысқа қабылданған бұйрықтың көшірмесін, жұмыс уақытының есеп табелін, еңбек ақы есептеу тізбесін, орындалған жұмыстың кесімін беріп отырады. Қоғамдық қатысушы азаматтарға жалақы нақтылы істелген жұмыс үшін төленеді.
Тармақ 13
13. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес қоғамдық жұмыстарға қатысушы жұмыссыздарға уақытша жұмысқа жарамсыздығына, жарақатталғанына немесе денсаулығына келтірілген өзге де зақымдалуына өтеу бойынша әлеуметтік жәрдемақы төлеу жұмыс берушімен жасалады.
Тарау 4. 4. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін бақылау
4. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін бақылау
Тармақ 14
14. Қоғамдық жұмыстарын ұйымдастыру мен қаржыландыруға бақылау заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдар жүзеге асырады.