О размерах ставок фиксированного суммарного налога и акциза на объекты игорного бизнеса Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.05.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ойын бизнесі объектілері акциздердінің және тіркелген жиынтық салық ставкалырының мөлшері туралы Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемелекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабы Ітармағының 4 тармақшасының, Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)» Кодексінің 258, 394 бабтарының, ақшасыз үтыс ойын автоматтарының хронометражды тексеру актілері және салық комитетінің есебі негізінде Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Ойын бизнесі обьектілері акциздерінің және жиынтық салық ставкаларының жылдық мөлшері бекітілсін:
Тармақша 1
1) ақшалай ұтысы бар ойын автоматтары: тіркелген жиынтық салығы - 72 АЕК; акциз - 48 АЕК;
Тармақша 2
2) ақшасыз ұтысы бар ойын автоматтары: тіркелген жиынтық салығы - 20 АЕК;
Тармақша 3
3) казино (бір ойын стөлі) тіркелген жиынтық салығы - 2040 АЕК; акциз - 300 АЕК;
Тармақша 4
4) бильярд (бір бильярд стөлі) тіркелген жиынтық салығы - 33 АЕК;
Тармақша 5
5) боулинг (бір ойын жолы) тіркелген жиынтық салығы - 130 АЕК.
Тармақ 2
2. Екібастұз қалалық мәслихатының (III шақырылған кезекті XIII сессиясы) 2005 жылғы 25 наурыздағы «Ойын автоматтарына, бильярд стөлі мен боулинг акциздерінің және тіркелген жиынтық салық ставкаларының мөлшері туралы" (нормативтік күқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу Реестрінде 2005 жылдың 6 сәуірде 2981 нөмірімен тіркелген, 2005 жылғы 14 сәуірдегі № 15 «Вести Экибастуза», 2005 жылғы 14 сәуірдегі № 16 «Отарқа» газеттерінде жарияланған) № 3.180 шешіміне, Екібастұз қалалық мәслихатының (III шақырылған кезектен тыс XV сессиясы) 2005 жылғы 7 маусымдағы "Екібастұз қалалық мәслихатының (III шақырылған кезектен тыс XIII сессиясы) 2005 жылғы 25 наурыздағы «Ойын автоматтарына, бильярд стөлі мен боулинг акциздерінің және тіркелген жиынтық салық ставкаларының мөлшері туралы" № 3.180 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (нормативттік күқықтық актілерінің тіркеу Реестрінде 2005 жылдың 21 маусымында 12-3-21 нөмірімен тіркелген, 2005 жылдың 30 маусымында № 26 «Вести Экибастуза», 2005 жылдың 30 маусымында № 27 «Отарқа» газеттерінде жарияланған) № 200/15 шешімінің күші жойылған деп танылсын.
Тармақ 2
2. Аталмыш шешім оның ресми жарияланған күнінен кейін, он күнтізбелік күні өткенде қолданысқа енеді.