О местах таможенного оформления природного газа, перемещаемого трубопроводным транспортом Күшін жойған
Басқа 0
Құбырлы көлік арқылы өткізілетін табиғи газдарды кедендік ресімдеудің жерлері туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Жарлығының 154 бабына сәйкес батыс және оңтүстік жүйеден құрылған, Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы табиғи газдың өтілуін жүзеге асыратын магистральды газ құбырларының орналасу ерекшеліктеріне байланысты Бұйырамын:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өтілетін табиғи газды кедендік ресімдеу табиғи газды өткізетін тұлғаны қай жерде тіркелгеніне қарамастан, табиғи газды тұтынуға (жөнелтуге) шығаратын қызмет аймағындағы кеден органдары жүргізсін.
Тармақ 2
2. Жер астындағы газ қоймаларына құйылатын табиғи газдарды кедендік ресімдеу:
"Базой" - Ақтөбе облысы бойынша Кеден басқармасында жүргізілсін.
"Полторацкое" - Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Кеден басқармасында жүргізілсін.
"Ақыр-төбе" - Жамбыл облысы бойынша Кеден басқармасында жүргізілсін.
Тармақ 3
3. "Интергаз Орталық Азия" ЖАҚ-ның транзитпен және жеке мұқтаждық пен шығынға (ЖМПШ) тасымалданып өткізілетін табиғи газды кедендік ресімдеу:
батыс жүйесі бойынша ("Бұхара-Орал", "Орта-Азия-Орталық", "Одақ", "Мақат-Солтүстік Кавказ", "Орынбор - Новопсковск" газ құбырлары) - Батыс Қазақстан облысы бойынша Кеден басқармасында жүргізілсін;
оңтүстік жүйесі бойынша ("Бұхардың газ айдау аудандары - Ташкент-Бішкек-Алматы", "Газли-Шымкент" газ құбырлары) - Алматы қаласы
бойынша Кеден басқармасында жүргізілсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың мәтіндік мәліметі кеден басқармаларына, кедендерге жеткізілсін.
Тармақ 5
5. Бұйрықтың орындалуын қадағалау Энергиялық қорларға кедендік бақылауды ұйымдастыру басқармасына (А. Садықов) жүктелсін.