Балалардың жазғы демалысын өткізу туралы Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.05.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Балалардың жазғы демалысын өткізу туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Қазақстан Республикасындағы азаматтардың денсаулығын сақтау туралы» Заңдарының негізінде ауданда жазғы кезенде балалар мен жасөспірімдердің демалысына, сауықтыруына, жұмыспен қамтылуына, олардың ақыл-ойларының дамуына қажетті жағдайлар жасау кәмелетке толмаған балалардың арасындағы құқық бұзушылығы мен қылмыс жасауының, олардың қараусыз және панасыз қалуының алдын алу мақсатында әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Балалардың жазғы демалысын өткізуге әзірлік шараларын ұйымдастыру жөніндегі аудандық комиссия қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Комиссия жазғы демалыс кезеңінде мектептер, мектептен тыс ұйымдар жанынан лагерлер және демалыс лагерлерінің ұйымдастырылу кестесін жасақтап, бекітетін болсын.
Тармақ 3
3. Демалыс лагерлерінде бірінші кезекте мүгедек, жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған отбасылардың және мүмкіндігі шектеулі балалардың демалуы қамтамасыз етілсін.
Тармақ 4
4. Балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын, жергілікті бюджетте балалармен мәдени шаралар өткізуге қаралған қаржы есебінен, демеушілік және қайырымдылық көмек тарту арқылы, сондай-ақ, ұйымдастырылатын болсын.
Тармақ 5
5. Балалар мен жасөспірімдердің бос уақыттарын көпшілік мәдени- спорттык шаралар арқылы тиімді ұйымдастыру аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі (Утешев) мен аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне (Құсайынов) тапсырылсын.
Тармақ 6
6. Аудандық білім беру бөліміне (Қадыралиев), ауданның төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау бөліміне (Касмуханов) және аудандық ішкі істер бөліміне (Наурзалиев) балалардың өмірі мен денсаулығын сақтауды, олардың судағы қауіпсіздігін, балаларды сауықтыру орындарында өрт қауіпсіздігін, сондай-ақ, балаларды тасымалдау қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпті қорғау шараларын қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 7
7. Балалар мен жасөспірімдерге дәрігерлік қызмет көрсетуді, олардың тамақтандыруы және сауықтырылуын ұйымдастыруды бақылау, жазғы демалыс орындарының санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкестілігін тексеру, балалар орналасқан орындардың санитарлық-экологиялық қолайлығын тиісті деңгейде қадағалауды қамтамасыз ету аудандық аумақтық медициналық бірлестігі (Мұсағалиев) мен аудандық мемлекеттік санитарлық – эпидемиологиялық қадағалау басқармасына (Айтпекова) ұсынылсын.
Тармақ 8
8. Қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Қ.Тарғыновқа жүктелсін.
Басқа 9. Балалардың жазғы демалысын өткізуге әзірлік шаралар ұйымдастыру жөніндегі аудандық комиссияның құрамы.
Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 15 мамырдағы № 172 қаулысымен бекітілді Балалардың жазғы демалысын өткізуге әзірлік шаралар ұйымдастыру жөніндегі аудандық комиссияның құрамы. Тарғынов Елғон Құсайынұлы - аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы. Қадыралиев Қабиболла Бисенгалиұлы - аудандық білім беру бөлімінін меңгерушісі, комиссия төрағасының орынбасары. Сарбалина Бағида Диясқызы – аудандық білім беру бөлімінін бас маманы, комиссия хатшысы. Айтпекова Гүлзада Қабдрешқызы - аудандық мемлекеттік санитарлық-эпидимиологиялық қадағалау басқармасының бастығы (келісім бойынша) Кадимов Тахир Зинурұлы - мектептен тыс жұмыстар орталығының директоры Касмуханов Мирболат Мерекеұлы - Жәнібек ауданының төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау бөлімінің бастығы Құсайынов Даулеткерей Атауұлы - аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің меңгерушісі Мусағалиев Тимур Капезұлы - аудандық аумақтық медициналық бірлестігінің бас дәрігері (келісім бойынша) Наурзалиев Нұрғали Мергенұлы - аудандық ішкі істер бөлімінін бастығы (келісім бойынша) Өтешев Тимур Ерденбекұлы - аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің меңгерушісі Хабиев Еділ Буланайұлы - аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінін меңгерушісі (келісім бойынша)