Малыбай селолық округінде ірі қара малдың сарып ауруы бойынша шектеу салу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағы 18 тармақшасына, 2002 жылғы 10 маусымдағы «Ветеринария туралы» Заңының 10 бабы 2 тармағы 9 тармақшасына және 27 бабына сәйкес Лебяжі ауданының бас мемлекеттік мал дәрігері инспекторының ұсынысы негізінде, ірі қара малдың сарып ауруын жою мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Малыбай селолық округінде ірі қара малдың сарып ауруы бойынша шектеу салу туралы от 12.06.2006 г. № 182/6 (Малыбай селолық округінде ірі қара малдың сарып ауруы бойынша шектеу салу туралы)
0
1
1. Лебяжі ауданының Малыбай селолық округінде ірі қара малдың сарып ауруы бойынша шектеу салынсын.
2
2. Малыбай селолық округінің әкімі:
ауылшаруашылығы малдарын басқа аймаққа айдау, жеткізу, әкелу, әкетуге;
сүт өнімдерін әзірлеу, сату және ауылдан шығаруға;
басқа шаруашылықтарға шығару үшін шөп және басқа дақылдарды дайындауға;
ауылшаруашылығы көрмелері мен жәрмеңкелерін өткізуге шектеу салу бойынша шаралар қабылдасын.
3
3. Мемлекеттік мал дәрігері инспекторы (келісім бойынша) селолық округ әкімімен бірлесе ауру малдарды жекелеу шараларын қабылдасын.
4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары В.В. Дубовицкийге.