О создании областной комиссии по обследованию учебно-курсовых точек и организаций, занимающихся подготовкой кадров водителей транспортных средств Күшін жойған
Басқа 0
Көлік құралдарының жүргізушілерін даярлайтын оқу - курс орындары мен ұйымдарын тексеру жөніндегі облыстық комиссия құру туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Әділет департаментінің 2004 жылғы 20 қыркүйектегі жергілікті мемлекеттік басқару органдарының нормативті құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеуден бас тарту туралы қорытындысымен.
1998 жылы облыс аумағындағы 806 жол – көлік апаты болды, онда 135 адам қаза тапты. Көлікпен жүру тәртібінің төмен болуы, жүргізушілердің қажетті деңгейде даярланбауы, көлік құралдарының қанағаттанарлықсыз техникалық жағдайы, сондай-ақ мемлекеттік дәрежеде тұрғандарды жол қозғалысы Ережелеріне үйрету жөніндегі алдын алу шараларының өткізілмеуі жол апатына себеп болады. Жол-көлік апатына себеп болатын жағдайларды жою мақсатымен, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ұсынымдарын ескеріп:
Тармақ 1
1. Көлік құралдарының жүргізушілерін даярлайтын оқу – курс орындары мен ұйымдарын тексеру жөніндегі облыстық комиссия қосымшаға сәйкес құрамда құрылсын.
Тармақ 2
2. Комиссияның төрағасы комиссияның жұмыс жоспарын дайындап, жол қозғалысы қауіпсіздігі мәселелері жөнінде мемлекеттік аттестациялық комиссияға қажетті есеп беру мерзімдерін келістіретін болсын.
Тармақ 3
3. Осы өкімнің орындалуына бақылау жасау облыс тұрғын үй құрылысы және коммуналдық шаруашылық департаментіне (Ю.Н. Шкреба) жүктелсін. Атқарылған жұмыс туралы хабарлама 2000 жылғы қаңтардың 10-на қарай берілсін.
Басқа 4. Көлік құралдарының жүргізушілерін даярлайтын оқу - курс орындары мен ұйымдарын тексеру жөніндегі облыстық комиссияның құрамы
Облыс әкімі бірінші орынбасарының
1999 жылғы «24» ақпан
№ 2-8-ө өкіміне қосымша
Көлік құралдарының жүргізушілерін даярлайтын оқу - курс орындары мен ұйымдарын тексеру жөніндегі облыстық комиссияның құрамы
Пчелинцов Владимир - облыс ішкі істер басқармасы жол
Витальевич полициясы басқармасы бастығының
орынбасары, төраға
Шкавцкий Анатолий - көлік құралдары жүргізушілері Одағының
Гаврилович блыстық Кеңесінің төрағасы, төрағаның
орынбасары (келісу бойынша)
Комиссия мүшелері:
Велибеков Юрий - облыстық әскери комиссариаттың
Садреддинович екінші бөлімі бастығының орынбасары
Герасин Сергей - облыс тұрғын үй құрылысы және
Викторович коммуналдық шаруашылық
департаменті көлік бөлімінің
меңгерушісі
Забеганов Валерий - Павлодар қаласы «Жүргізуші, автомобиль,
Васильевич жол» қоғамдық қорының төрағасы (келісу
бойынша)
Лебедь Вячеслав - облыс білім департаменті бастығының
Дмитриевич орынбасары