Об утверждении Правил содержания животных и птицы Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.04.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Малдар мен құстарды ұстау туралы Ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағының 8 тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексінің 3 бабы 2 тармағына, «Ветеринария туралы» Заңының 10 бабы 2 тармағының 1 тармақшасына сәйкес және сессияға бекітуге енгізген малдар мен құстарды ұстау ережесі негізінде, аудандық мәслихаттың сессиясы ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. 1 қосымшаға сәйкес малдар мен құстарды ұстау ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.Т. Бибулаевқа және ауданның ветеринарлық-санитарлық қадағалау өкілетті органдарына жүктелсін. КЕЛІСІЛДІ: Есіл ауданының әкімі В.Балахонцев 25.04. 2006 жыл Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық министрлігінің аудандық аумақтық басқармасының бастығы С.Рахметов 25.04. 2006 жыл
Басқа 3. Малдар мен құстарды ұстау туралы
2006 жылғы 20 сәуірдегі сессияның № 187 шешіміне № 1 қосымша Малдар мен құстарды ұстау туралы
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының № 148 2001 жылғы 23 каңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағының 8 тармақшасына, «Агроөнеркәсіп кешенін және селолық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 7 бабы 4 тармағының 5 тармақшасына, «Ветеринария туралы» Заңының 10 бабы 2 тармағының 1 тармақшасына сәйкес әзірленген нағыз Ереже Есіл ауданының аумағында малдар мен кұстарды ұстау тәртіптері мен шарттарын белгілейді.
Тармақ 2
2. Осы Ереже меншік нысандарына қарамастан малдар мен құстарды ұстау бойынша заңды және жеке тұлғалардың құқықтары мен міндеттерін анықтайды.
Тарау 2. 2. Малдар мен құстарды ұстауға көйылатын талаптар
2. Малдар мен құстарды ұстауға көйылатын талаптар
Тармақ 8
Меншік нысандарына қарамастан малдар мен құстардың иелері: малдар мен құстарды ұстау бойынша белгіленген ветеринарлық-санитарлық нормаларды қатаң сақтауға; малдарды ұқсастандыруға, міндетті ветеринарлық іс-шараларды өткізуге қажетті шарттар жасау қамтамасыз етілсін. Қажетті ветеринарлық іс-шараларды өткізгенде мемлекеттік-ветеринарлық қызмет мамандарының нұсқауларын орындауға; малдар мен құстардың ауырып қалған немесе өлген жағдайларында тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністін ветеринар инспекторына тәулік мерзімде жедел хабарлауға, ветеринар маман келгенше оқшаулап ұстауды және ауру күдігі бар малдар мен құстардың ұштасуын шектеуді қамтамасыз етуге; барлық жануарлар мен құстарды ветеринарлық қызметтер мекемелерінде есепке қоюға, сондай-ақ селолық округ әкімі мен ветеринарлық мамандарға ветеринарлык-санитарлық іс-шараларды ұйымдастыру және жоспарлау мақсатымен жаңадан сатып алған малдар мен құстар саны және түрлері туралы сатып алған уақыттан бастап 10 күн мерзімде ақпарат беруге міндетті. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдарға жеке меншіктегі шаруашылық туралы ақпарат беріп отыруға; құстардың бос серуендеулеріне жол жібермеуге, құстарды арнайы жабдықталған қоршалған жерлерде ұстауға; ашық су қоймалардағы жемдермен алдын ала дайындықсыз құстардың тамақтануына, сондай-ақ үй құстарын суару үшін ашық су қоймалардағы суды пайдалануға жол бермеуге; малдар мен құстарға сауда-саттық жасау арнайы бөлінген орындарда ресми ветеринарлық жаттармен жүргізуге; мал союға арналған мамандандырылған алаңдарда малдарды союға; осы тазалау мен көңдерін шығару мақсаттарына арналған арнайы бөлінген жерлерде малдардың көңдерін тазалау мен шығаруды қамтамасыз етуге; малдарды бағу үшін жинайтын орынга дейін және жинайтын орыннан малдарды ұстайтын орынға ертіп апаруға; малдарды бағу ол үшін арнайы бөлінген учаскелерде жүргізілсін, қажетті ветеринарлық өңдеуден өтпеген малдарды бағуға жол бермеуге, малдардың жайылым кестесін сақтауға міндетті.
Тарау 3. 3. Малдар мен құстардың иелерінің құқықтары
3. Малдар мен құстардың иелерінің құқықтары
Тармақ 10
Әр мал өз иесінің меншігі болып табылады және заңмен қорғалады. Соттың шешімі бойынша немесе қолданылып жүрген заңдамамен қаралған жағдайлардағы басқа да тәртіп бойынша мал иесінен алынады.
Тарау 4. 4. Малдар мен құстарды ұстаудағы шектеулер
4. Малдар мен құстарды ұстаудағы шектеулер
Тармақ 12
малдар мен құстарды ұстағанда белгіленген аумақтарда малдардың ұйымдастырылған жайылымынан басқа малдар мен құстардың бос жүруіне; жеке аулаларда ұстау мақсатында жабайы жануарлар мен құстарды аулауға; азаматтардың жеке аулаларында жабайы құстар мен аңшы олжаларын кіргізіп бөлуге; ашық су қоймаларға құстар жіберуге; арнайы белгіленбеген жерлерде малдардың көңдері мен қалдықтарын жаюға; ветеринарлық санитарлық қауіпсіздікке жататындығын анықтайтын құжатсыз малдар мен құстарды, сондай-ақ мал шаруашылығының өнімдерін шеттен әкелу және шығаруға тыйым салынады.
Тарау 5. 5. Малдар мен құстарды ұстауды бақылау бойынша өкілетті органдар мен қызметтердің міндеттері
5. Малдар мен құстарды ұстауды бақылау бойынша өкілетті органдар мен қызметтердің міндеттері
Тармақ 14
Ветеринарлық қадағалау саласындағы мемлекеттік органдардың мамандары: міндетті ветеринарлық алдын алу іс-шараларын жүргізу мерзімдерін сақтауды бақылайды; малдар мен құстарды ұстау ветеринарлық санитарлық шарттарды сақтауды; малдарды тасымалдағанда ветеринарлық-санитарлық ережелерді сақтауды, малдар мен құстарды шеттен әкелу немесе шығаруда ветеринарлық-санитарлық бақылау жүргізілсін; малдар мен құстарды сойғанда ветеринарлық-санитарлық сараптама жүргізілуін бақылайды; Селолық округ әкімдері: азаматтар мен ұйымдардың шаруашылығында ұсталатын малдар мен құстардың санын есепке алады; малдардың түрлері мен жыныстық топтары бойынша жайылым орындарын анықтайды; селолық округ аумақтарында малдарды жаю орындарын анықтайды; мал шаруашылығының сою және оның қалдықтарын жою орындарын анықтайды.
Тарау 6. 6. Ережелерді бұзғаны үшін жауапкершілік
6. Ережелерді бұзғаны үшін жауапкершілік
Тармақ 16
Нағыз Ережені бұзғандағы кінәлі жеке және заңды тұлғалар, егер де олардың іс-әрекеттері құрамы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылмаса, онда Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы» Кодексіне сәйкес жауапкершілікке тартылады. Нағыз Ереженің сақталуын бақылау Қазақстан Республикасының бекітілген заңнамасының тәртібімен мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі тиісті органдармен жүзеге асырылады.