О выполнении Закона Республики Казахстан «Об образовании» в части всеобуча в школах района Магжана Жумабаева Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының Жалпыға бірдей білім беру бөлігін Мағжан Жұмабаев ауданының мектептерінде орындалуы туралы
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын басшылыққа ала отырып және мектеп жасындағы балалардың жалпы біліммен толық қамту мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Білім бөлімінің бастығы Р.С. Бектасованың ақпараты назарға алынсын.
Тармақ 2
2. Булаев қаласының және селолық округтердің әкімдері, аудандық білім бөлімі «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында. Қазақстанңың өлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа Жолдауын және Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының Жалпыға бірдей білім беру бөлігін орындауды міндетті түрде қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Аудандық білім бөлімі 2006 жылғы 1-ші қыркүйектен бастап барлық мектептерде асхана (буфет) жұмыстарын ұйымдастырсын.
Тармақ 4
4. Селолық округтердің әкімдері ауылдық жерлерде мектепке және кері оқушыларды ақысыз тасымалдауды ұйымдастырсын.
Тармақ 5
5. Аудандық ішкі істер бөлімі (Тастеміров А.А.) тәртібі дивиантты балалар арасында алдын- ала тәрбие жұмыстарын күшейту шараларын кабылдасын.
Тармақ 6
6. Аудандык Білім бөлімі 2006-2008 жылдары бөлінген қаржы шегінде, мектеп жанындағы интернаттарды көбейтуді қарастырсын.
Тармақ 7
7. Осы қаулының орындалуын бақылау, аудан әкімінің орынбасары Қ.Б.Туреноваға жүктелсін.