О переводе сети телекоммуникаций города Алматы на семизначную нумерацию Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.06.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алматы қаласының телекоммуникация желілерін жетісандық нөмірлеуге көшіру туралы "Телекоммуникация саласын ырықтандыру барысы туралы" Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Д.К.Ахметовта болған 2006 жылғы 11 сәуірдегі N 17-52/007-391 кеңес хаттамасының 8-тармағын орындау үшін БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Алматы қаласында телекоммуникация қызметтерін көрсетуші байланыс операторлары өз абоненттерін көшірілу басталғанға дейін 30 күн ішінде Алматы қаласын нөмірлеудің жаңа жоспарына көшіру туралы хабардар етсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі Алматы қаласын нөмірлеудің жаңа жоспарына көшіру туралы Қазақстан Республикасының халқын көшірілу басталғанға дейін 30 күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабардар етсін.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің Байланыс департаменті (А.А.Сейтімбеков): байланыс операторларына олардың нөмірлеу ресурстары 2 ХХХ ХХХ ауқымында бекітілсін; 2006 жылғы 1 шілдеден бастап байланыс операторларынан Алматы қаласының желілерін 2 ХХХ ХХХ және 3 ХХХ ХХХ ауқымдарында жетісандық нөмірлеуге көшіруге өтінімдер қабылдау басталсын; Халықаралық электрбайланыс одағының (бұдан әрі - ХЭО) Регламентімен белгіленген тәртіпте Алматы қаласында нөмірлеудің өзгертілгені жөнінде шетелдердің халықаралық операторларын, ХЭО хабардар етсін; осы бұйрық заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін ұсынылсын.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары Р.Р.Нұршабековке жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми түрде жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.