Үржар ауданының елді мекендерінде үй жануарлары мен хайуандарын күтіп ұстау Ережесі туралы Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.02.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Үржар ауданының елді мекендерінде үй жануарлары мен хайуандарын күтіп ұстау Ережесі туралы «Қазакстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 каңтардағы №148-ІІ Заңының 6 бабы, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі №339 Заңының 10 бабы және Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 30 қаңтарындағы №155 «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі негізінде, аудандық мәслихат ШЕШТІ: Қоса беріліп отырған «Үржар ауданының елді мекендерінде үй жануарлары мен хайуандарын күтіп ұстау Ережесі» бекітілсін.
Басқа 1. Үржар ауданының елді мекендерінде үй жануарлары мен хайуандарын күтіп ұстау Ережесі.
Аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 4 ақпандағы № 19-172-ІІІ шешіміне қосымша Үржар ауданының елді мекендерінде үй жануарлары мен хайуандарын күтіп ұстау Ережесі. Осы Ереже «Қазакстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 каңтарындағы №148-ІІ Заңына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылдың 10 шілдесіндегі №339 Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 30 каңтарындағы №155 «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес дайындалған.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ереже Үржар ауданындағы жаңуар иелеріне, сонымен қатар ведомстволық бағыныштылығы мен жеке меншік нысанына қарамастан ұйымдар мен кәсіпорындардың бәріне де қатысты. Жануарларды күтіп ұстаудың міндетті шарттары мыналар:
Тармақша 1
1) Жергілікті жерлерде ветеринария мамандары жануарларды 2-3 айлығынан бастап тіркеу және қайта тіркелуін, аса кауіпті инфекциялық ауруларға қарсы егулер, днагностикалық зерттеулер және паразиттік ауруларға қарсы тексеру және профилактикалық емдеуді қамтамасыз ету (эр тоқсан сайын дегелментизациялау) . Қайта ие болған жануарлар бір апта ішінде тіркеліп және бір айлық карантинге койылуы керек. Ауылдық округтердің мал дәрігерлері белгілеген үлгіде ветеринарлық паспорт береді (Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық Министрлігінің 2003 жылдың 2 сәуіріндегі №164 бұйрығымен бекітілген), сонымен қатар иелерін жануарларды асырау Ережесімен таныстырады;
Тармақша 2
2) санитарлық-гигненалық, ветеринарлық-санитарлық ережелерін және мөлшерін сақтау, қоршаған ортаны ластауға жол бермеу;
Тармақша 3
3) ауданда және ауданнан шеткері аумақтарға жануарларды сату және тасымалдауға, ауылдық округтердің мал дәрігерлері ветеринариялық паспорттың негізінде егілген күні, диагностикалық зерттеулері, дегельминтизацияланған күні көрсетілген, ветеринарлық куәліктің немесе белгіленген үлгідегі ветеринарлық анықтаманың ресімделуі арқылы беріледі.
Тарау 2. 2. Жануарлар иелерінің міндеттері
2. Жануарлар иелерінің міндеттері Жануарлар иелерінің міндеттері:
Тармақша 1
1) оларды биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес күтіп ұстау, жануарларға адамгершілікпен қарау, қараусыз, азықсыз және сусыз қалдырмау, ауырған жағдайда дер кезінде ветеринарлық көмек көрсету;
Тармақша 2
2) оларды ұстайтын және серуендету орындарында тиісті санитарлық жағдайды сақтау, аулаларды, подъездерді, торшаларды, спорт және балалар алаңдарын, жолдарды, саябақ тротуарларын, саябактарды, демалыс орындарын және молаларды ластамау, ластанған жағдайда арнайы тазалағыштардың (күрекше, пакет) көмегімен міндетті түрде тазалық жүргізу.
Тармақша 3
3) ауылдық округтердің ветеринария мамандарының талабы бойынша жануарларды диагностикалық зерттеулер және емдеу-алдын алу өңдірулеріне уақытында әкеліп тұру;
Тармақша 4
4) маңайдағы адамдар мен жануарлардың кауіпсіздігін камтамасыз ететін қажетті шараларды қолдану;
Тармақша 5
5) жануардың опат болған жағдайында немесе иесі ауысқанда ауылдық округтің ветеринария инспекторына хабарлау;
Тармақша 6
6) адамдарды немесе жануарларды иттер, мысықтар тістеп алған жағдайда иелері ветеринарлық мамандардың бақылауымен тексеру және карантин жариялау, ауылдық округтің ветеринарлық инспекторына және ауданның санитарлық-эпидемиялық қадағалау қызмет орындарына міндетті түрде хабарлау;
Тармақша 7
7) үй жануарларының өлекселерін шашпау, дларды мал моласына көму;
Тармақша 8
8) жануарларды союды, сою алдындағы және сойғаннан кейінгі мүшелерін және ішкі ағзаларын тексерусіз іске асыруға жол бермеу;
Тармақша 9
9) сойылған малдың залалсыздандырылмаған қалдықтарын, ауыл шаруашылық малының іш тастаған, өлі туған төлдерін иттерге, мысықтарға беруге болмайды.
Тармақша 10
10) жануар иелері Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітіліп, тізімге енгізілген аса кауіпті аурулардан басқа, емдеуге, алдын алуға, диагностикаға, дезинфекңияға, дезинсекцияға, сонымен бірге инвазионды ауруларға, ауыл шаруашылық жануарларын ұрықтандыруға келісім негізінде төлемакы төлеуге міндетті.
Тарау 3. 3. Жануарлар иелерінің құқықтары
3. Жануарлар иелерінің құқықтары
Тармақша 1
1) Азаматтардың және жануар иелерінің жеке меншігі мемлекет корғауына алынады.
Тармақша 2
2) Жануарларды иесінен ажырату, Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітіліп, тізімге енгізілген жануарлардың аса кауіпті ауруларының таралуы каупінен басқа жағдайда, тек иесінің келісімімен және соттың шешімімен іске асырылады.
Тармақша 3
3) Мал иесі, Қазакстан Республикасы Үкіметі бекіткен тізім бойынша адамдар мен малдардың денсаулығына кауіп туғызатын жағдайларға байланысты, малды, малдан алынатын өнімдер мен шикізаттардың жоюдан келтірілген зияндарды өндіріп алуға құқылы.
Тарау 4. 4. Үй жануарларын, құстарды, араларды ұстау
4. Үй жануарларын, құстарды, араларды ұстау
Тармақша 1
1) Ауыл шаруашылық үй жануарлары, құстар және аралар тұрғын үйлерден, жеке секторлардан, мектеп аумағынан, емдеу және балалар мекемелерінен, саябактардан, стадиондардан, қоғамдық тамақтану, сату, азық-түлік мекемелерінен, көп пәтерлі үйлерден, жаппай демалыс орындарынан, артезиан құдығынан өзен жағалауларынан белгіленген қалып бойынша арнайы жабдықталған жабық үйлерде ұсталуы керек. Бір кабатты қапталдасқан үйлерде араларды ұстау, осы үйде тұратын көрші отбасылардың келісімімен, ветеринарлық-санитарлық ережелеі; сақталған жағдайда ғана рұқсат етіледі.
Тармақша 2
2) Елді мекендерде ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіруден өткізіп және оларға ветеринарлық паспортты ресімдеуді қамтамасыз ету (ауыл шаруашылық Министрлігінің 2003 жылдың 02 сәуіріндегі №164 бұйрығы).
Тармақша 3
3) Ауыл шаруашылық жануарларын, азық-түліктерді және өнімдерді, мал азықтарын ветеринарлық жолдама құжаттарынсыз сырттан кіргізбеу және шетке шығармау.
Тармақша 4
4) Мал ұстайтын орындарда тазалық сақтау, уақытында дезинфекциялауды, дезинсекциялау, дератизациялау жүргізу; көңді, жем-шөп қалдықтарын және қоқсықты арнайы бөлінген орындарға уакытында шығару.
Тармақша 5
5) Жабайы және үй хайуандарын зообұрыштарда және мектепке дейінгі мекемелерде, мектептерде, кооперативтерде ұстау Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық Министрлігінің Үржар аудандық аумақтық баскармасының рұқсатымен іске асырылады.
Тармақша 6
6) Малдарды көшелерде, алаңдарда, саябақтарда, парктерде және басқа жаппай колдану орындарында серуендетуге рұқсат етілмейді.
Тармақша 7
7) Жазғы кезеңде жергілікті атқарушы органының ұйымдастырылған табындарында болады; қойлар мен ешкілер баска жануар түрлерінен жеке ұйымдастырылған отарларда жайылады.
Тарау 5. 5. Иттер мен мысықтырды күтіп ұстау.
5. Иттер мен мысықтырды күтіп ұстау. Иттер мен мысыктардың иелеріне рұқсат етіледі:
Тармақша 1
1) Жеке үй шаруашылығында иттер шарбакталған аумактарда ұсталуы керек, аулаға кіру есігінде иттердің бары туралы сактандыру жазуы болуы керек;
Тармақша 2
2) Балалар мен жасөспірімдер мекемелеріндегі, қыстық және жаздық демалыс мекемелеріндегі «жан-жануарлар бұрыштарында» иттерді, мысықтарды және басқа хайуандарды ұстау санитарлық-эпидемиологиялық және ветеринарлық қызметтің рұқсатымен іске асырылады;
Тармақша 3
3) Мекемелерде және ұйымдарда күзетші иттер тек байланған күйде немесе торлы қорада ұсталуы керек;
Тармақша 4
4) Иттер мен мысықтарды көліктерде алып жүру жолаушылардың мазасын алмайтын жағдайда іске асырылады. Бұл жағдайда жануар не тұмылдырықта, не арнайы торларда, сөмкелерде болуы керек;
Тармақша 5
5) Қоғамдық орындарда (көшелерде, аула аумақтарында, саябақтарда және басқа орындарда) иесіз жүрген иттер (иелері байлап кеткендерден басқа), кезбе ит болып саналады, бұлар кезбе жануарларды аулап жоюға кұрылған арнайы мекемелерге міндетті түрде аулауға жатады.
Тармақша 6
6) Иттерді тек қысқа жетекке алып (қабаған иттерді тұмылдырықпен), меншік тұрғын үй кооперативтерінің немесе округ әкімдерінің белгілеген орындарында серуендету. Жануар иелеріне тиым салынады:
Тармақша 1
1) үй жануарлары мен хайуандарын балалардың аула алаңдары, мектепке дейінгі балалар мекемелері, мектеп және оқу орындары, денсаулық сақтау объектілері, спорт алаңдары, саябақ, сутартқы құрылыс және жағажайлар аумағында серуендетуге;
Тармақша 2
2) үй жануарлары мен хайуандарды қоғамдық тамақтану мекемесіне, азық-түлік дүкендеріне, сату және өндіру залдарына әкелуге және ұстауға;
Тармақша 3
3) жануарларды қоғамдық пайдалану орындарында, подъездерде, басқыш шабағындағы торшаларда және шатырдың астында, жертөлелерде, жатақхана дәліздерінде үстауға;
Тармақша 4
4) аудан аумағында иттердің ұрысын өткізуге;
Тармақша 5
5) күшіктер мен иттерді, мысықтарды белгіленбеген жерлерде, ветеринарлық анықтамасыз және олардың кұжатынсыз (паспорт, тегі туралы куәлік) сатуға;
Тармақша 6
6) жануар өліктерін лақтырып тастауға және өзбетімен көмуге.
Тарау 6. 6. Жануар иелерінің осы ережені сақтамаған жағдайдағы жауапкершілігі.
6. Жануар иелерінің осы ережені сақтамаған жағдайдағы жауапкершілігі.
Тармақша 1
1) Ветеринарлық-санитарлық шараларды сақтамаған жағдайда қожайын «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 310 бабына сәйкес жауапкершілікке тартылады.
Тармақша 2
2) Осы Ереже талаптарын бүзған жағдайда қожайын «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 311 бабына сәйкес жауапкершілікке тартылады.
Тарау 7. 7. Ветеренарлық кадағалау органдарының міндеттері
7. Ветеренарлық кадағалау органдарының міндеттері
Тармақ 1
1. Ветеринарлық қадағалау органдары міндетті:
Тармақша 1
1) жануар иелерінің ветеринарлық-санитарлық шараларды орындауын, орындау уақытын бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 2
2) жергілікті жерлерде мал, құс, хайуандардың ауруларының алдын-алу мақсатында, халықты адамдар мен жануарларға ортақ аурулардан қорғау максатында, аудандағы ветерипарлық-санитарлық қызметті қамтамасыз ету мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
Тармақша 3
3) жануар иелеріне мал, құс, хайуандардың ауруларының алдын алу және емдеу бойынша біліктілік көмектерін көрсету.
Тармақ 2
2. Ветеринарлық қадағалау органдары жануар иелеріне үсынылатын көмек сапасына жауап береді.