Об образовании комиссии по предоставлению земельных участков Күшін жойған
Басқа 0
Жер учаскелерін беретін комиссия құру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23-ші қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Зағіының 31-ші бабының 1-ші тармағының 17-ші тармакшасының негізінде және Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20-шы маусымдағы № 442 Жер кодексінің 43-ші бабының 2-ші тармағына сәйкес Бородулиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жер учаскелерін беретін комиссия құрылсын (қосымша 1)
Тармақ 2
2. Жер учаскелерін беретін комиссия туралы ереже бекітілсін. (қосымша 2)
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Қ. Аргумбаевқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы әділет органдарында тіркелген сәттен бастап заңды күшіне енеді.
Басқа 5. Жер учаскескелерін беретін комиссия құрамы
Бородулиха ауданы әкімдігінің
«Жер учаскескелерін беретін
комиссия құру туралы»
2006 ж. «19» мамыр № 1718
қаулысына 1 қосымша
Жер учаскескелерін беретін комиссия құрамы
Тармақша 1
1) Аргумбаев Булат Құсайынұлы - аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы
Тармақша 2
2) Харченко Сергей Робертович - жер қатынастары бөлімінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары
Тармақша 3
3) Астаева Жумагул Несіпбекқызы - жер қатынастары бөлімінің бас маманы, комиссия хатшысы
Комиссия мүшелері:
Тармақша 1
1) Халин Владимир Николаевич - ауыл шаруашылығы бөлІмінің бастығы
Тармақша 2
2) Шокарева Любовь Авдеевна - аудандық маслихаттың депутаты
Тармақша 3
3) Раһимзаде Инара Раһимгызы - кадр және мемлекеттік-құқық жұмысы бөлімінің бас маманы
Тармақша 4
4) Лаукарт Иван Иванович - құрылыс бөлімінің бастығы.
Әкім аппаратының басшысы
Басқа 13. Жер учаскелерін беру жөніндегі комиссия туралы
ЕРЕЖЕ
Бородулиха ауданы әкімдігінің
«Жер учаскескелерін беретін
комиссия құру туралы»
2006 ж. «19» мамыр № 1718
қаулысына 1 қосымша
Жер учаскелерін беру жөніндегі комиссия туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
Тармақша 1
1) жер учаскелерін беретін комиссия (бұдан әрі - комиссия) жер учаскелерін беру туралы өтініштерді қарастыратын кеңестік-мәжілістік орган болып табылады.
Тармақша 2. 2. Комиссияның негізгі міндеттері, функциялары және өкілеттілігі
2) комиссия өзінің жұмысын Қазақстан Республикасының Конститусиясына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442-П Жер Кодексіне және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
2. Комиссияның негізгі міндеттері, функциялары және өкілеттілігі
Тармақша 1
1) Комиссияның негізгі міндеті заңды және жеке тұлғаларға жерді пайдалануға және меншікке жер учаскелерін беру жөніндегі құжаттарды талқылау болып табылады.
Комиссия төмендегідей функцияларды атқарады:
Тармақша 1
1) өтініш берушінің басқа жер учаскесінің бар жоктығын анықтайды (бау-бақша егуге, саяжай құрылысына, жеке қосалқы шаруашылық жүргізуге, жеке тұрғын үй салуға берілетін жер учаскелері бойынша).
Тармақша 2
2) сұралған жерді пайдалану құқығын анықтайды.
Тармақша 3
3) жер учаскелерін пайдалану мақсаты мен жорамалданған өлшемін анықтайды.
Тармақша 4
4) сұралған учаскедегі мүлікке құқық беретін құжаттардың бар- жоқтығын тексереді.
Тармақша 5
5) Бородулиха ауданы әкімдігінің қарауына жер учаскелерін беру жөніндегі ұсыныстар мен ұсынымдарды әзірлейді.
Тармақша 6
6) жер учаскелерін беру мүмкіндігі туралы, сонымен қатар жер учаскесін беруден бас тарту туралы қорытынды береді.
Комиссия:
Тармақша 1
1) комиссияға жүктелген міндеттерді атқару үшін мемлекеттік органдардан, олардың лауазымдық тұлғаларынан өз біліктілігінің көлемінде құжаттар мен материалдар сұрауға және алуға;
Тармақша 2
2) қарастырылатын учаскелердің материалдарын келістіру қажет болса
басқа мемлекеттік органдар мен мекемелердің мамандары мен
жұмысшыларын іске тартуға;
Тармақша 3. 3. Комиссияның қызметін ұйымдастыру
3) мемлекеттік органдардың қызметін және жер қатынастарына қатысты мәселелер жұмысын жетілдіру жөніндегі ұсыныстар енгізуге өкілетті.
3. Комиссияның қызметін ұйымдастыру
Тармақша 1
1) комиссия төрағасы комиссияның жұмысын басқарады, өзіне жүктелген міндеттерді орындауға толығымен жауапты, комиссияның отырысын өткізеді, комиссияның хаттамаларына қол кояды.
Тармақша 2
2) комиссияның хатшысы комиссияның жұмысына қатысады, өзіне жүктелген міндеттерді орындауға жауапты, комиссия отырысына құжаттарды әзірлеуді жүзеге асырады, комиссияның іс-қағаздарын жүргізеді, комиссияның хаттамасын жасап қол қояды. Жер учаскелерін беру жөніндегі комиссияның қорытындысын шығарғанда дауыс беру құқығы жоқ.
Тармақша 3
3) комиссия мүшелері комиссияның жүмысына қатысады, өздеріне жүктелген міндеттерді орындауға жауапты, хаттамаларға қол қояды.
Тармақша 4
4) комиссияның отырыстары келіп түскен өтініштерге сәйкес қажет болғанда, айына бір рет өткізіледі.
Тармақша 5
5) комиссия өзінің қорытындысын отырысқа қатысушы мүшелердің жалпы санының дауыс беруінің нәтижесі бойынша шығарады. Берілген дауыстар тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешуші болады.
Тармақша 6
6) комиссияның қорытындысы хаттамалармен ресімделеді.
Тармақша 7
7) комиссияның отырысы қатысушы комиссия мүшелерінің жалпы санынан 2/3 кем болмаса құқықты болып есептеледі.
Тармақша 8. 4. Комиссияның құжаттарды талқылау тәртібі
8) комиссияның қызметіне жергілікті аткарушы орган өзінің отырыстарында комиссия ұсынған құжаттарды қарау арқылы бақылау жасайды.
4. Комиссияның құжаттарды талқылау тәртібі
Тармақша 1
1) комиссия заңды және жеке түлғалардың жерді пайдалану қүқығын беру мәселесі жөніндегі қолдаухаттарын Қазакстан Республикасының заңнамасына сәйкес карайды. Жер учаскелерін беру туралы өтініштерде: жер учаскелерін пайдалану мақсаты, оның жорамалданған мөлшері, орналасқан жері, сүралатын жердің пайдалану күқығы, басқа жер учаскесінщ бар- жоқтығы (жоқтығы) көрсетілуі керек. Пайдалы қазбаларды игеру жағдайында жер қойнауын пайдалану үшін келісім-шарттың көшірмесі қосарланады. Жер учаскесін пайдалану құқығын беру туралы өтініш келіп түскен уакыттан бастап екі ай мерзіміне дейін қаралады.
Тармақша 2
2) комиссия отырысын дайындау: комиссия қарауына келген
құжаттарды уақтылы және дұрыс қарау үшін өтініштерді алдын ала комиссия төрағасы немесе оның тапсыруы бойынша комиссия төрағасының орынбасары тексереді.
Тармақша 3
3) комиссия қарауына түскен өтініштерді алдын ала зерделеу үрдісінде осы қүжаттарды талқылау комиссия өкілеттілігіне кіретіндігі, комиссия отырысына шақырылатын адамдар анықталады.
Тармақша 4. 5. Комиссияның қызметін тоқтату тәртібі
4) құжаттарды алдын ала зерделеу нәтижесі бойынша комиссия: берілген материалдардың қаралатын күнін және орнын тағайындап, арызгерлерге және оның заңды өкілдеріне, басқа да отырысқа қатысуы міндетті тұлғаларға хабар береді.
5. Комиссияның қызметін тоқтату тәртібі
Комиссияның қызметін тоқтатуға негіз болатын жағдайлар:
Тармақша 1
1) комиссияның өзіне жүктелген міндетті орындамауы, бүрын осы комиссияға жүктелген мендеттерді жүзеге асыратын мемлекеттік орган немесе баска кеңестік - мәжілістік органның қүрылуы, комиссияның міндеттерін орындауға мүмкіндік бермейтін, оның орындалуына кедергі болатын басқа да жағдайлар.
Әкім аппаратының басшысы
К. Бичуинов