Ауданның елді мекендерін және орманды өрттен қорғауды күшейту шаралары туралы Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.04.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ауданның елді мекендерін және орманды өрттен қорғауды күшейту шаралары туралы 2005 жылы ауданда өртке қарсы жүргізілген шараларға сараптама жасай келе орман және дала өртінің саны 2004 жылмен салыстырғанда 11,8 пайызға, ал өрт көлемі 3,3 есе азайғаны анықталды. Бірақ өртке қарсы алдын алу шараларының жүргізілгеніне қарамастан 2005 жылы 590,45га жерді камтыған 16 орман - дала өрті болды. Бұл болған өрттердің негізгі шығу себебі: тұрғындардың отты дұрыс пайдаланбауы, ауылшаруашылық техникасын пайдалануда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамауының салдарынан. 2005 жылы тұрғын үйлерде шыққан өрт саны 7,7 пайызға азайды,соның ішінде 36 өрттің 23-і (56 пайыз) жеке меншік үйлердің аулаларында шөптің жануынан болды Орман және дала өрттерінің шығу және тарауының алдын алу және елді мекендерді өрттең қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының «Өрт қауіпсіздігі туралы» 1996- жылғы 22-қарашадағы № 48-1 Заңының 8-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлеқеттік басқару туралы» 2001 - жылғы 23- қаңтардағы № 148-ІІ Заңының 31- бабының 2- тармағының негізінде Күршім ауданының әкімдігі ҚАУЛЬІ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Күршім ауданы бойынша орман, дала өрттерін және ықтимал ірі өрттерді сөндірудің жоспары бекітілсін (1,2 -қосымшалар).
Тармақ 2
2. Өрт сөндіруде қажетті құрал-жабдықтарды, техниканы мобилизациялау және ұйымдастыру үшін аудандық штаб мынандай құрамда бекітілсін: Дәулетбек Құмарұлы Меңгалиев - аудан әкімінің орынбасары, штаб бастығы Тоқтарбек Мырзағали Елшібаев - төтенше жағдай және азаматтық қорғаныс жөніндегі бас маман, штаб бастығының орынбасары Мүшелері: Болатжан Мүнирұлы Шериязданов - Күршім ауданының төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау бөлімінің бастығы, (келісімі бойынша) Исламхан Ақанүлы Әбиханов - аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы (келісімі бойынша) Тоқан Әшманұлы Әшманов - Күршім ауылдық округінің әкімі Серік Алтынбекұлы Ақсартов - Теректі ауылдық округінің әкімі Әділбек Қанашұлы Нұрсадықов - аудандық телекоммуникация торабының бастығы (келісімі бойынша) Болат Ақанұлы Қойлыбаев - Күршім ауданының «Күршім» мемлекеттік көпсалалы коммуналдық кәсіпорнының директоры Фазыл Оқасұлы Игісінов - орталық аудандық аурухананың бас дәрігері (келісімі бойынша) Қайрат Мұқаметқалиұлы Сағиев - «Күршім орман шаруашылығы» мемлекеттік мекемесінің директоры (келісімі бойынша) Асымхан Айтқалиұлы Хамитов - Төсқайың ауылдық округінің әкімі Еркін Шаймұратұлы Қабдырғалиев - «Марқакөл орман шаруашылығы» мемлекеттік мекемесінің директоры (келісімі бойынша)
Тармақ 3
3. Аудан аумағында өрт жағдайы болған кезде аудандық штабқа 2-қосымшаға сәйкес қажетті күштер мен құралдарды дайындау тапсырылсын.
Тармақ 4
4. Аудандық телекоммуникация торабына (Ә.Қ.Нұрсадықов, келісімі бойынша):
Тармақша 1
1) коммутатор мен телефон станцияларында тәулік бойы кезекшілік қойылып: № 40 өрт сөндіру бөлімі-телефондары -01, 2-18-06, № 39 өрт сөндіру бөлімі - телефондары - 01, 2-19-65, ішкі істер бөлімінің кезекшісі 3-17-76, төтенше жағдай жөніндегі аудан әкімі аппаратындағы кезекші 2-14-00, 2-18-00 телефондарының ақаусыз байланысын қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 5
5. Күршім және Марқакөл «Орман шаруашылығы» мемлекеттік мекемелерінің директорларына ( Қ.М.Сағиев, Е.Ч. Қабдырғалиев, келісімдері бойынша) орман өрті қызметінің регламентіне сәйкес орман және дала өрттерінің алдын алу мен сөндіру бойынша төмендегі жұмыстарды:
Тармақша 1
1) өрт сөндіру техникасы мен құралдарын дайындау;
Тармақша 2
2) орман шаруашылықтарының аумағында өрт сөндіретін су қорын құру;
Тармақша 3
3) орманда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау үшін, ағаш кесуге, дайындауға билеттердің мемлекеттік өртке қарсы қызметтің қорытынды анықтамасы барларға ғана беру;
Тармақша 4
4) өрт қаупі бар кезеңде тұрғындардың орманға шығуына шек қойылуын, ішкі істер бөлімімен бірлесіп (келісімі бойынша) бақылау постарын, орман шаруашылығы әкімшілік ғимараттарында орманшылардан тәуліктік кезекшілік құру;
Тармақша 5
5) бұқаралық ақпарат құралдарын және көрнекілік үгітті (аншлактар, плакаттар және т.б.) пайдаланып, өрттің алдын алу жұмыстарының жүргізілуін ұйымдастыру ұсынылсын.
Тармақ 6
6. Ауылдық округ әкімдері өз округтерінде өрт сөндіретін технйканы, су, жанармай тасушы машиналарды және басқа техниканы меншіктік формасы мен ведомстволық қатыстылығына қарамастан өрт сөндіруге дайындасын және есепке алсын. Ол үшін:
Тармақша 1
1) ауылдық округ аймағында қарапайым сумен қамтамасыз ететін кұрылғыларды ұйымдастырсын;
Тармақша 2
2) шаруа қожалықтарына және басқа ауылшаруашылық кұрылымдарына егістіктерде сабан және шөп қалдықтарын жұмыстарын болдырмасын.
Тармақ 7
7. Мемлекеттік өртке қарсы қызметіне елді мекендерде өрт қауіпсіздігі жағдайына бақылауды күшейтіп, орман және дала өрттерін тоқтатуға қатысу ұсынылсын (келісімдері бойынша).
Тармақ 8
8. Аудандық «Рауан - Заря» газетінде (Жұматова Б.Қ.) аудандағы өрт кауіпсіздігі жағдайын айқындайтын хабарлар мен мақалалар жариялануы қамтамасыз етілсін.
Тармақ 9
9. Күршім ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 4-сәуірдегі «Ауданның елді мекендерін және орманды өрттен қорғауды күшейту шаралары туралы» (Шығыс Қазақстан облысы Әділет Департаментінде 2005 жылдың 21-сәуірінде № 2304 тіркелген) № 1032 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 10
10. Осы қаулыға бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Д.Меңгалиевқа жүктелсін.
Басқа 19. Күршім ауданында өрт сөндіруге қатысатын күштер мен құралдар ЖОСПАРЫ
Күршім ауданы әкімдігінің 2006 жылғы "26" 04 № 1559 қаулысына 1-қосымша Күршім ауданында өрт сөндіруге қатысатын күштер мен құралдар ЖОСПАРЫ Аппарат басшысы М. Қалелов
Басқа 20
Күршім ауданы әкімдігінің 2006 жылғы "26" 04 № 1559 қаулысына 2-қосымша Аппарат басшысы М. Қалелов