О мерах профилактики заболевания бешенством людей и животных Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.02.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Адамдар мен жануарлардың құтыру ауруынан алдын алу шаралары туралы Ауданда құтыру ауруының эпидемиялық жағдайы өте нашар. 2005 жылы тістеудің әсерінен дәрігерлік көмекке 74 адам қаралған. Осы кезеңде аудан аумағында жануарлар арасында құтыру ауруының табиғи ошақтары күшейуде, сонымен бірге қаңғып жүрген иттердің көбейуі адамдардың емдеуге келмейтін жұқпалы ауруымен өлімге алып келетін қатер төндіріп отыр. Адамдар мен ауыл шаруашылық жануарларды құтыру ауруынан алдын алу қорғау жұмыстарында жіберілген кемшіліктерді жою мақсатында және Қазақстан Республикасының «Жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабындағы 1 тармағының 18 тармақшасына және «Ветеринария туралы» Заңының 10 бабындағы 2 тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудандық ауыл шаруашылық бөліміне /Ш. Саринов/, аудандық аумақтық ауыл шаруашылық басқармасына /Б. Кенжеғұлов/: Жануарлар арасындағы құтыру ауруларының ошақтарында жедел малдәрігерлік шаралардың қолданылуын қамтамасыз етсін; Ауыл шаруашылық және үй жануарлардың арасындағы жаңадан пайда болған құтыру ауруының ошақтары есепке алынсын және осы жөнінде үкімет және денсаулық орындарына хабарлама берсін. Құтыру ауруының ошақтарындағы ауылшаруашылық және үй жануарларын осы ауруға қарсы вакцинамен егуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 2
2. «Мәртөк сервис» МҚК басшысы /Х. Бекешев/ адамдар мен жануарлардың құтыру ауруына қарсы тез арада шараларын алсын және осымен байланысты тәжірибелі аңшылар арасынан қаңғыбас иттерді атуға бригада құрсын.
Тармақ 3
3. «Мәртөк аудандық орталық аурухана» МКҚК бас дәрігері /Ж. Қарылғашов/, Ақтөбе облысының мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің Мәртөк аудандық бөлімінің бастығы /Базарбаев Қ./ құтыру ауруының ошақтарында аурудың алдын алу және эпидемиологиялық қарсы шараларын жедел орындалуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы /А. Шарипов/ келіп түскен тізімдер бойынша иттерді атуға құқығы бар аңшыларға рұқсат берсін.
Тармақ 5
5. Аудандық қаржы бөлімінің бастығы /Ж. Рысқалиев/ жануарлардың құтыру ауруына қарсы шектеу шараларын жүргізуге қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің бірінші орынбасары Ә. Есентеміровке жүктелсін.