Маржанкөл селолық округінің аумағында шектеу іс - шараларын белгілеу туралы Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.05.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Маржанкөл селолық округінің аумағында шектеу іс - шараларын белгілеу туралы Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 10 бабының негізінде және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемелекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ірі қара малдың ауруына байланысты (бруцеллез) қосымшаға сәйкес Маржанкөл селолық округінің аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.
Тармақ 2
2. Ірі қара мал иелері Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында және ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган актілерінде көзделген талаптарына сәйкес шектеу іс-шараларын орындау бойынша шаралар қабылдасын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігінің Осакаров аудандық аумақтық басқармасының бастығы Томашинов Сәдуақас Әлмағамбетұлына (келісім бойынша) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында көзделшен шектеу іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Дулат Шайкенұлы Жекебаевқа жүктелсін. КЕЛІСІЛДІ: Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігінің Осакаров аудандық аумақтық басқармасының бастығы С.Ә. Томашинов 2006 жыл «24» мамыр
Басқа 5. Шектеу іс-шаралары белгіленген аумақтардағы ірі қара мал иелерінің тізімі
Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 24 мамырдағы «Маржанкөл селолық округінің аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» № 15/01 қаулысына қосымша Шектеу іс-шаралары белгіленген аумақтардағы ірі қара мал иелерінің тізімі № Иенің аты-жөні Мекен жайы Мал ауруының атауы 1 Еспаева Камажай Кененовна Маржанкөл селолық округінің Уызбай селосы бруцеллез 2 Жакенова Багиля Маржанкөл селолық округінің Уызбай селосы бруцеллез 3 Жакупов Балтабай Мансурович Маржанкөл селолық округінің Уызбай селосы бруцеллез 4 Каймаков Сайлау Шарипович Маржанкөл селолық округінің Уызбай селосы бруцеллез 5 Кожахметов Болат Тлепович Маржанкөл селолық округінің Уызбай селосы бруцеллез 6 Машанова Галина Окасовна Маржанкөл селолық округінің Уызбай селосы бруцеллез 7 Мустафин Коке Маржанкөл селолық округінің Уызбай селосы бруцеллез