Об объявлении Постановления Кабинета Министров Республики Казахстан "О порядке выезда за границу по служебным делам и мерах по усилению контроля за расходованием валютных средств на заграничные командировки" Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.08.1996. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Қызмет бабымен шетелге шығу тәртiбi және шетелдiк iссапарларға валюта қаржысының жұмсалуына бақылау жасауды күшейту жөнiндегi шаралар туралы" Қаулысын жариялау туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Iшкi iстер министрінің 1996 жылғы 10 тамыздағы N 260 бұйрығымен Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы шiлденiң 20-ындағы "Қызмет бабымен шетелге шығу тәртiбi және шетелдiк iссапарларға валюта қаржысының жұмсалуына бақылау жасауды күшейту жөнiндегi шаралар туралы" N 630 Қаулысын жариялай отырып бұйырамын:
Тармақ 1
1. Iшкi iстер органдарында қызмет бабымен шетелге шығуға арналған құжаттарды қабылдау, ресiмдеу және беру тәртiбi туралы Нұсқау бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Алматы қалалық IIББ, облыстардың, Ленинск қалалық IIБ, көлiктегi IIБ бастықтары шетелге шығуды ресiмдеу жөнiндегi жұмысқа қатысы бар жеке құрамның аталған Нұсқауды оқып бiлуiн ұйымдастырып, зачет қабылдасын және оның орындалуын бақылауды қамтамасыз етсiн.
Тармақ 3
3. Паспорт және виза жұмыстары басқармасы (Мұсаев Ө.К.) Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнен құжаттарды қабылдап алуды ұйымдастырсын және 1993 жылғы қазанның 1-iнен бастап Қазақстан Республикасы IIМ-нiң Орталық аппаратында Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша, ал облыстық IIБ-ның бастықтары паспорт және виза жұмыстары бөлiмiнде шет елге шығу құжаттарын ресiмдеудi және берудi ұйымдастыруды қамтамасыз етсiн.
Тармақ 4
4. Iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң, атқаратын лауазымына қарамастан, шетелге қызмет бабындағы iссапарға шығуы тек Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрiнiң немесе оның мiндетiн атқарушы адамның рұқсатымен ғана жүзеге асырылсын.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасы IIМ бұрын шығарылған бұйрықтарына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: 1993 жылғы қаңтардың 22-iндегi N 38 бұйрыққа: - IХ тарау күшiн жойғандықтан алып тасталсын; - N 1 қосымша "10 Түркия" деген тармақпен толықтырылсын; - N 2 қосымшадағы арыз иесiнiң қолы алдында: "Анкетада бiле тұра жалған мәлiмет бергенi үшiн жауап беретiндiгi туралы ескертiледi" деген сөздер қосылып жазылсын; - N 2а Қосымшамен (қоса тiркелiп отыр) толықтырылсын; - N 8 қосымша күшiн жойғандықтан алып тасталсын; - N 10 қосымшада "______" сом Мемлекеттiк баж салығы төлендi деген сөзден кейiн мынадай екi жолмен толықтырылсын: Шығуға арналған келiсiм бар _____________N_________ _________________________ Облыстық (қалалық) әкiмшiлiк өкiлiнiң қолы Әрi қарай мәтiнi бойынша. 1993 жылғы маусымның 9-ындағы N 217 бұйрыққа: - 4 тармақтағы "Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң шет елге турист ретiнде "шығу туралы материалдар бойынша белгiленген тәртiпте баяндалған оң пiкiрi бойынша деген сөйлемдегi "... және қызмет бабымен" деген сөз алынып тасталынсын, әрi қарай мәтiнi бойынша.
Тармақ 6
6. КСРО IIМ, КСРО СIМ, КСР МҚК 1989 жылғы қазанның 9-ындағы "Қызмет бабымен шығу туралы шешiм қабылдау үшiн құжаттар тапсыру тәртiбi туралы" Нұсқауы күшiн жойды деп есептелiнсiн. Қазақстан Республикасы ҰҚК-мен келiсiлген
Басқа 7. Iшкi iстер органдарында Қызмет бабымен шет елге шығуға арналған құжаттарды қабылдау ресiмдеу және беру тәртiбi туралы Нұсқау
Қазақстан Республикасы IIМ 1993 жылғы қыркүйектiң 28-iндегi N 352 бұйрығына N 1 қосымша Iшкi iстер органдарында Қызмет бабымен шет елге шығуға арналған құжаттарды қабылдау ресiмдеу және беру тәртiбi туралы Нұсқау Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы шiлденiң 20-ында "Қызмет бабымен шетелге шығу тәртiбi және шетелдiк iссапарларға валюта қаржысының жұмсалуына бақылау жасауды күшейту жөнiндегi шаралар туралы" N 630 Қаулы қабылдауына байланысты iшкi iстер органдарында қызмет бабымен шетелге шығу үшiн құжаттар ресiмдеудiң тәртiбi белгiлендi:
Тармақ 1
1. Жалпы азаматтық шетелдiк паспорттарды, шығатын елiне қарамастан, Iшкi iстер органдарында аумақтық принцип бойынша, ал Алматы қаласы мен Алматы облысына Қазақстан Республикасы IIМ-де ресiмдеп, берiледi.
Тармақ 2
2. Делегациялармен мамандардың қызмет бабымен шет елге шығуы туралы шешiмдi, кәсiпорындардың, бiрлестiктердiң, мекемелер мен ұйымдардың басшылары қызметкерлердiң барлық санаттарына қатысты дербес өздiгiнен қабылдайды. Мемлекеттiк құпияның сақталуын қамтамасыз ету мақсатында iссапарға жiберушi ұйымдар облыстық, ал Алматы, Ленинск қалаларында қалалық әкiмшiлiктер арқылы iссапарға шығатын қызметкерлердiң мемлекеттiк құпиядан хабардарлығын анықтау үшiн Ұлттық қауiпсiздiк органдарына өтiнiш жасайды. Ұлттық қауiпсiздiк органдары мұндай сауалдарға 15 күн iшiнде жауап бередi. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының оң пiкiрi бес жыл бойы жарамды (егер iссапарға шығушы жұмыс орнын ауыстырмаса).
Тармақ 3
3. Шет елге шығуды ресiмдеу үшiн iссапарға жiберушi ұйым IIБ-на паспорт және виза жұмыстары бөлiмдерiне мынадай құжаттарды тапсырады. - ұйымдардың басшылары немесе олардың орынбасарлары қол қойған және мөр соғылған әрi облыстың, Алматы, Ленинск қалалық әкiмшiлiктерiнiң шығуға келiсiмi туралы белгiсi көрсетiлген белгiленген үлгiдегi ұсыным (өтiнiш) Қазақстан Республикасы IIМ 1993 N 38 бұйрығына N 10 Қосымша ; - қабылдаушы жақтың (түпнұсқасы және көшiрмесi) нотариус куәландырған аудармасы қоса тiркелген шақыру қағазы. Түпнұсқа iссапарға жiберушi ұйымға қайтарылады. - өтiнiш анкета (N 2а қосымша; бекiтiлген нысандағы); - шет елге iссапарларға жiберу туралы бұйрық; - екi фотосурет, - азаматтығы туралы белгiсi бар iшкi паспорты; - мемлекеттiк баж салығы және визалық жұмыстарға төленгендiгi туралы квитанция. Барлық қажеттi материалдар қабылданғаннан кейiн құжаттар Қазақстан Республикасы IIМ 1993 жылғы N 38 бұйрығымен белгiленген тәртiпте IIБ-ң АЕО есебi бойынша тексерiледi. Паспорт және виза жұмыстары бөлiмiнде құжаттарды ресiмдеу мерзiмi 10 күннен аспауы керек.
Тармақ 4
4. "_____________" дейiн шығуға болады" деген рұқсат белгiсi паспорт берiлген сәттен бастап бiр жыл мерзiмге ресiмделедi.
Тармақ 5
5. Визалық шығу тәртiбi белгiленген елдерге шығу құжаттарын алған соң iссапарға жiберушi ұйымның өкiлдерi шығатын елге виза алу үшiн мыналарға өтiнiш жасайды: - шетел мемлекетiнiң елшiлiгiне, егер ол Алматы қаласында орналасқан болса; Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң консулдық басқармасына егер елшiлiк республикадан тыс жерде орналасқан болса.
Тармақ 6
6. Шет елге шығатындардың бәрiне iшкi iстер органдарында есеп карточкалары толтырылады, онда паспорттың нөмiрi мен берiлген уақыты жазылады, карточкалар IIБ-ның паспорт және виза жұмыстары бөлiмдерiнде сақталады.
Тармақ 7
7. Шет елдiк паспорттың бланкiлерi мынадай формада тiркеледi: _________________________________________________________________ Датасы|Паспорттың | Ф. А. Әкесiнiң аты |Баратын|iссапарға|паспорт | нөмiрi | | елi |жiберушi |беруге | | | | ұйым | негiз _________________________________________________________________ Қызмет бабымен сапарға шығуға берiлген паспорттарға жеке есеп жүргiзiледi.
Тармақ 8
8. Шетелдiк әрiптестердi Қазақстан Республикасына шақыру Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi арқылы жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы IIМ паспорт және виза жұмыстары басқармасы Iссапарға жiберушi ___________________ ұйымның бланкiсi (облыс) (штамп) IIБ бастығына Шығыс N ___________ 199___ж._____________"__" ______________________________________________беруге шетелдiк (елдiң атауы) паспорт ресiмдеудi сұраймыз ______________________________________________________________ 1.____________________________________________________________ (фамилиясы, аты, әкесiнiң аты) 2.____________________________________________________________ 3.____________________________________________________________ 4.____________________________________________________________ Қызмет бабындағы сапардың мақсаты_____________________________ ______________________________________________________________ мына қалаларда болады_________________________________________ Шет елге бару 19____ж._________"___"________күнге көзделген. ________теңге мемлекеттiк баж салығы төлендi. шығуға арналған келiсiм бар              ____________________ ____________N _____________             (облыстық)қалалық) әкiмшiлiк өкiлiнiң қолы) Датасы        М.О.                  Ұйым басшысы Қазақстан Республикасы IIМ _______________________________________________________________ (фамилиясы, аты, әкесiнiң аты) _______________________________________________________________ (басқа фамилияда болсаңыз оны көрсетiңiз) _______________________________________________________________ (туылған жылы, айы, күнi) ________________________________________________________________ (тұрақты мекен-жайы немесе тiркелген жерi) телефондар:  үй____________ жұмыс ______________ Шетелге iссапарға қызмет бабымен бару үшiн паспорт беру жөнiнде Өтiнiш - Анкета _______________________________________________________________ (шақыратын ұйым) шетелге____________________________________iссапарға қызмет (ел) бабымен бару үшiн паспорт ресiмдеудi сұраймын. Бұрын шетелде____________________________________қашан болған (ел) ___________________________. Қазiргi кездегi жұмыс орны _______________________________________________________________ ұйымның, мекеменiң атауы,    | ұйымның мекен-жайы лауазымы           | _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ Бiле тұра жалған мәлiмет бергенi үшiн жауап беретiндiгi туралы ескертiлдi. 19___ж._________________                       ________________ (қолы) Анкета көрсетiлген мәлiмдемелер паспортымен, әскери билетпен және еңбек кiтапшасымен салыстырылды. 199______ж.                       _____________________________ (ұйымның лауазымды адамның қолы) М.О.  ұйым