Об Агентстве Республики Казахстан по защите государственных секретов Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі агенттігі туралы
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3) тармақшасына және "Мемлекеттік құпиялар туралы" Заңының 5-бабына сәйкес қаулы етемін:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кірмейтін орталық атқарушы орган ретінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі агенттігі (бұдан былай - Агенттік) құрылсын. см. U020931
Тармақ 2
2. Агенттік мемлекеттік құпияларды қорғау саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асырады деп белгіленсін.
Тармақ 3
3. Агенттікке мынадай негізгі функцияларды атқару жүктелсін:
Тармақша 1
1) мемлекеттік органдар мен ұйымдарда құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіру;
Тармақша 2
2) мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі құқықтық, әкімшілік, экономикалық, техникалық, бағдарламалық және криптографиялық шаралар жүйесін әзірлеу, олардың Қазақстан Республикасы аумағында орындалуын бақылау;
Тармақша 3
3) мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны, нормативтік және әдістемелік актілерді әзірлеу мен орындау мүдделерін көздеп мемлекеттік құпияларды қорғау органдарының қызметін үйлестіріп отыру;
Тармақша 4
4) мемлекеттік органдардың мәліметтерді мемлекеттік құпияларға жатқызу жөнінде өкілеттік берілген лауазымды адамдарының тізбесін әзірлеу және оны бекітуге Мемлекет басшысына ұсыну;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасында Құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу;
Тармақша 6
6) мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтерді қорғаудың техникалық құралдарын сертификаттау тәртібін әзірлеу;
Тармақша 7
7) мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтерді жария етудің немесе жоғалтудың салдарынан Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне немесе мемлекеттік органдар мен ұйымдардың мүдделеріне келтірілген немесе келтірілуі мүмкін зиянның, сондай-ақ мәліметтердің құпияландырылуы нәтижесінде олардың көздері иесіне келтірілген зиянның мөлшерін айқындау тәртібін әзірлеу;
Тармақша 8
8) мемлекеттік органдар мен ұйымдарды Қазақстан Республикасының айрықша режимді, режимді және ерекше қорғалатын объектілерінің санатына жатқызу тәртібін әзірлеу;
Тармақша 9
9) мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы мемлекеттік бағдарлама мен мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі жұмыстарды материалдық-техникалық және қаржылай қамтамасыз ету тәртібін әзірлеу;
Тармақша 10
10) мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі бөлімшелердің кадрларын даярлау мен қайта даярлауды ұйымдастыру;
Тармақша 11
11) мемлекеттік органдар мен ұйымдарға мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтерді қорғау мәселелері жөнінде практикалық және әдістемелік көмек көрсету;
Тармақша 12
12) Қазақстан Республикасының азаматтарына оларға мемлекеттік құпияларға рұқсат етуге байланысты арнаулы тексеру жүргізу тәртібін әзірлеу және оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге ұсыну.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Президенттің "Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы" 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 6 Жарлығының 1-тармағы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі агенттігі".
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының Үкіметі бір ай мерзімде:
Тармақша 1
1) бірқатар орталық атқарушы органдардың штат санын қысқарту есебінен Агенттіктің штат санын белгілесін;
Тармақша 2
2) Агенттікті қаржыландыруды 1999 жылғы республикалық бюджетте көзделген қаржы есебінен қамтамасыз етсін және Агенттікті қамту үшін жыл сайын республикалық бюджет жобасында қаражат қарастыратын болсын;
Тармақша 3
3) Агенттікке жүктелген функциялар мен Агенттікке берілген штат саны көлемінде Агенттікке қажетті материалдық-техникалық жабдықтар мен басқа да мүлікті беретін болсын;
Тармақша 4
4) Агенттіктің ережесі мен құрылымын бекітсін;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасы Үкіметінің бұрын шығарылған актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтірсін;
Тармақша 6
6) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шаралар қолдансын.
Тармақ 6
6. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
Тармақ 7
7. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті