Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру туралы нұсқаулықты бекіту туралы Қолданыста
Басқа 0
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру туралы нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабы, 1-тармағы, 14) тармақшасына, 37-бабы 1-тармағына, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 18-1-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы «Әлеуметтік аударымдарды есептеу ережесін бекіту туралы» № 683 қаулысына сәйкес Аманкелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру туралы нұсқаулық қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жсасау аудан әкімінің орынбасары Ж. Таукеновке жүктелсін.
Басқа 3. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру туралы НҰСҚАУЛЫҚ
Аманкелді ауданы әкімдігінің
24 мамырдағы 2006 жылғы
№ 139 қаулысымен
бекітілген
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру туралы НҰСҚАУЛЫҚ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру туралы нұсқаулық (әрі қарай - Нұсқаулық) тұрғындар арасындағы нысаналы топтардан шыққан жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына орналастыру, ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібі туралы кағида, әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынушы, ұйымдастырушы жұмыс берушілермен (қандайда меншік түріне қарамастан) негізгі шарттарды және есеп айырысу жүйесін реттейді.
Тармақ 2
2. Нұсқаулықта қолданылатын негізгі түсініктер:
Тармақша 1
1) Әлеуметтік жұмыс орны - бұл жұмыс берушілердің жергілікті атқару ұйымдарымен келісім - шарт негізінде, нысаналы топтар арасындағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру және еңбегіне өтемақы шығындарын бөлшектеп төлеу.
Тармақша 2
2) Нысаналы топтар - Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту» Заңымен белгіленген жұмысқа орналасуда қиындық көруші және әлеуметтік қорғауды керек ететін топтардағы тұлғалар.
Тармақша 3
3) «Жастар тәжірибесі» - бастауыш орта және жоғары кәсіптік білімдері бар бірақ мамандықтары бойынша жұмыс өтілі жоқ арнайы курстық дайындықты бітірушілердің білімдерін жетілдіру, үйрену және тәжірибе жинақтау мақсатында әлеуметтік жұмыс орындарына орналастыру.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік жұмыс орындарына орналасқан жұмыссыздарды зейнетақымен қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдылық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. «Аманкелді аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі әлеуметтік жұмыс орындарына тұрғындар арасындағы нысаналы топтардан шыкқан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі.
Тарау 2. 2. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру және ұйымдастыру тәртібі.
2. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру және ұйымдастыру тәртібі.
Тармақ 5
5. Жұмыс берушілер өз жеке қаражаты есебінен еңбек ақы төлейді, оның бір бөлік шығыны жергілікті бюджет қаражаты есебінен өтемақы төленеді және жұмыссыздарға әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынады.
Тармақ 6
6. «Аманкелді аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі жұмыс берушілермен әлеуметтік жұмыс орындарына жұмыссыздарды жұмыска орналастыру қызметін көрсету жөнінде келісім-шарт жасайды.
Тармақ 7
7. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырып, ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу комиссиясы тұрғындар арасындағы нысаналы топтардан шыққан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру және бюджет қаражатынан бөлінген қаржыны нәтижелі пайдалану мақсатында, әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырып, ұсыну үшін жұмыс берушілердің жазбаша арыздары негізінде іріктеу жасайды.
Тармақ 8
8. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру «Аманкелді аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жолдамасымен жүзеге асырылады. Мамандықтары бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін келісім-шартта екі жақтың міндеттері, жұмыс түрлері, жұмыс көлемі, еңбекақы төлеу көлемі көрсетіледі және әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру көздерінің шарттары міндетті түрде сақталады.
Тармақ 9
9. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыруда нысаналы топқа кіретін аз камтамасыз етілген жұмыссыздар басымдық, артықшылық құқыққа ие болады.
Тарау 3. 3. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру көздері және шарттары
3. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру көздері және шарттары
Тармақ 10
10. Әлеуметтік жұмыс орнына қабылданған жұмыссыздарға еңбекақы төлеу жеке еңбек шартында көрсетілген жұмыс түрлері және көлеміне сәйкес жұмыс берушілермен ай сайын жүзеге асырылады.
Тармақ 11
11. Жұмыс берушілердің әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан жұмыссыздарға төленетін еңбекақы төлеу шығындарының, төменгі жалакының 50 пайызы жергілікті бюджеттің қаржысынан 6 айдан аспайтын мерзімге өтеледі («жастар тәжірибесіне орналасқандарға төменгі жалақының 100 пайызы).
Тармақ 12
12. Әлеуметтік жұмыс орнына орналасқан жұмыссыздарға, жергілікті бюджеттің қаржысы есебінен төленетін еңбекақыға заңдылықтармен белгіленген тәртіп бойынша салық салынады.
Тармақ 13
13. Әлеуметтік жұмыс орнына орналастырылған жұмыссыздарға еңбекақы атқарылған жұмыс көлеміне қарай төленеді.
Тармақ 14
14. Жұмыс берушілер әлеуметтік жұмыс орнына. орналастырылған жұмыссыздарға еңбекақы төлеу үшін жергілікті бюджеттен түскен қаржыны өздерінің шығындарын өтеу үшін пайдаланады.
Тарау 4. 4. Әлеуметтік аударымдар және әлеуметтік салықтар
4. Әлеуметтік аударымдар және әлеуметтік салықтар
Тармақ 15
15. Әлеуметтік жұмыс орнында істеген жұмыссыздарға еңбек ақыларының 2 пайыз көлемінде әлеуметтік аударымдар есептеліп аударылады.
Тармақ 16
16. Әлеуметтік жұмыс орнында істеген жұмыссыздардың еңбек ақыларының 20 пайыз көлемінде жергілікті бюджетке әлеуметтік салық есептеліп аударылады.
Тарау 5. 5. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру
және қаржыландыру тәртібіне бақылау жасау
5. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру
және қаржыландыру тәртібіне бақылау жасау
Тармақ 17
17. Нұсқаулыққа бақылау жасауды заңдылықтармен белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттік ұйымдар жүзеге асырады.