О мерах по завершению перерегистрации собственников на землю и землепользователей и упорядочению сборов платежей в местный бюджет Күшін жойған
Басқа 0
Жерге меншік иелерін және жер пайдаланушыларды қайта тіркеуді аяқтау және жергілікті бюджетке төлемдер жинауды тәртіпке келтіру жөніндегі шаралар туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 28.10.2004 № 36 шешімімен
Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар "Жер туралы" Жарлығының 108 бабын орындау үшін, жергілікті бюджетке барынша мол кірістер жұмылдыру мақсатында, сондай-ақ облыс әкімінің 1998 жылғы 3 ақпаныңдағы "Облыстық Мемлекеттік жер инспекциясын құру туралы" № 25 шешіміне сәйкес облыс әкімі ШЕШІМ ШЫҒАРДЫ:
Тармақ 1
1. Жылжымайтын мүлікті сатып алған мемлекеттік емес заңды және жеке тұлғалар жер учаскелерін сатып алуға, немесе оларды жалға алуға құжаттарын ресімдеу үшін Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылық Министрлігінің жер ресурстарын басқару жөніндегі Комитеттің аумақтық органдарына тапсырыс береді деп белгіленсін.
Белгіленген мерзімде тапсырыс берілмеген жағдайда, жер ресурстарын басқару жөніндегі қалалық және аудандық комитеттер кінәлі адамдарды жауапқа тарту туралы мәселені шешу үшін, жер заңдарын бұзгандығы туралы мәліметтерді тиісті органдарға бағыттайды.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік мүлікті басқару және жекешелендіру жөніндегі аумақтық комитетке жылжымайтын мүліктерге бұрын берілген келісім-шарттарга жыл сайын 1 ақпанға дейін талдау жасау және егер сатып алушылар жер учаскелерін белгіленген тәртіпте ресімдемеген болса, оларды ресімдеу жөнінде шаралар қабылдау тапсырылсын.
Тармақ 3
3. Көкшетау, Петропавл, Шучинск қалаларының, Айыртау, 3еренді, Щучинск аудандарының курортты аумақтарында, сонымен қатар қала жанындағы /Қызылжар, Мамлют, Совет/ аудандарында, тұрғындық аймақтарында /автотұрақтар, жылжымалы ЖЖМС-ларын, сауда павильондарын, рыноктар, дүңгіршектер/ уақытша құрылыстар мен ғимараттарды қою үшін жер учаскелері ілгеріде қажет болган жағдайда, жер учаскелеріне сұраныс бағаларын ескере отырып, келісім-шарттарды пролонгациялай отырып, негізгі құрылыстар салуға кұқығы жоқ уақытша жер пайдалана тұру жагдайларында жасалсын.
Тармақ 4
4. Қалалар мен аудан әкімдеріне Қазақстан Республикасы Президентінің «Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерін және оларға теңестірілген тұлгаларда әлеуметтік қорғау және жеңілдіктер туралы «Жарлығының 20 бабына сәйкес олардың орнықты гараждары тұрған жер учаскелерін тегін беру, сондай-ақ бақшалық және үй жанындағы саябақтарын, гараж учаскелерін меншіктеріне рәсімдеуге қаржы бөлу мәселелерін шешу тапсырылсын.
Тармақ 5
5. Облыс әкімінің 1998 жылғы 3 ақпандағы "Облыстың жер инспекциясын /мемлекеттік/ құру туралы № 25 шешімінің 3 тармағы төмендегі редакцияда баяндалсын:
"Облыстық Мемлекеттік инспекция мен оның аумақтық органдарын ұстау жер учаскелерін сатудан, жалға беруден және жер ресурстары басқару жөніндегі облыстық комитеттің арнайы есеп-шотына аударылатын жалпы төлемдер сомасынан 10 пайыздық аударылымдар есебінен жүзеге асырылады".
Тармақ 6
6. Жер ресурстарын басқару жөніндегі облыстық комитет жер инспекциясын ұстауға қаржы жұмсауды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жер комитеті мен облқаржыбасқармасы бекіткен смета аясында іске асырсын.
Тармақ 7
7. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасарлары Қ.Қ.Қалиевқа және И.Ф.Чиркалинге жүктелсін.