О некоторых вопросах расходования валютных средств на служебные командировки за пределы Республики Казахстан работников органов, осуществляющих оперативно-розыскную, уголовно-процессуальную деятельность Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.10.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жедел-iздестiру, қылмыстық iс жүргiзу қызметiн жүзеге асыратын органдар қызметкерлерiнiң Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге қызметтiк iссапарларына арналған валюта қаражатын жұмсаудың кейбiр мәселелерi туралы Жедел-iздестiру, қылмыстық iс жүргiзу қызметiн жүзеге асыратын органдар қызметкерлерiнiң республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге қызметтiк iссапарларына арналған валюта қаражатын жұмсауды реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
Тармақ 1
1. Мыналар:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген құқықтық көмек көрсету туралы тапсырмаларды орындау кезiнде қатысу және/немесе iс жүргiзу және өзге де әрекеттерге қатысу үшiн жедел-iздестiру, қылмыстық iс жүргiзу қызметiн жүзеге асыратын органдар қызметкерлерiнiң (бұдан әрi - қызметкерлер) Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге қызметтiк iссапарлары республикалық және жергiлiктi бюджеттерден тиiстi ағымдағы бюджеттiк бағдарламалар (кiшi бағдарламалар) бойынша бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiне бөлiнген қаражат есебiнен жүргiзiледi;
Тармақша 2
2) қызметкерлерге көлiктiк шығыстар: темiр жолмен жүргенде - купе вагон құнының мөлшерiнде ("Турист" және "Бизнес" сыныптарын қоспағанда); су жолдарымен, тас және топырақты жолдармен жүргенде - сол жерде қолданылатын жол жүру құны бойынша өтеледi;
Тармақша 3
3) қызметкерлерге басқа көлiктiк шығыстар, тұрғын үйдi жалға алу жөнiндегi шығыстар, тәулiктiк шығыстар заңнамада белгiленген нормаларға сәйкес өтеледi деп белгiленсiн.
Тармақ 2
2. Iссапарға жiберiлген қызметкерге iссапарға барар алдында көлiктiк шығыстарды, тұрғын үйдi жалға алу жөнiндегi және тәулiктiк шығыстарды төлеуге арналған сомалар шегiнде ақшалай аванс берiледi. Іссапардан оралғаннан кейiн қызметкер үш жұмыс күнi iшiнде мына құжаттарды қоса бере отырып, ақшалай қаражаттың нақты шығыстары туралы аванстық есептi ұсынуға тиiс:
Тармақша 1
1) тұрғын үйдi жалға алғаны жөнiндегi түбiртек, оның iшiнде баратын пунктке жеткенге дейiн болған пункттерiнде;
Тармақша 2
2) шот-фактураны мiндеттi түрде қоса бере отырып, (арнайы рейстi пайдаланған жағдайда талап етiлмейдi) бару-қайту жолақысына арналған билеттер (таксидi қоспағанда); әуежайлар әкiмшiлiктерi көздеген жағдайда әкiмшiлiк алымдарының түбiртектерi;
Тармақша 3
3) iссапар куәлiгi;
Тармақша 4
4) iссапар куәлiгiнде шекарадан өткенi туралы белгi болмаған жағдайда паспорттың көшiрмесi. Пайдаланылмаған iссапарлық валюта қаражатының қалдығы үш жұмыс күнi iшiнде мемлекеттiк органның кассасына қайтарылуға тиiс.
Тармақ 3
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.