Аудан бойынша әлеуметтік жұмыс орнын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі туралы Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.05.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудан бойынша әлеуметтік жұмыс орнын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі туралы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 18-1 бабының 4 тармағын басшылыққа ала отырып аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ауданда әлеуметтік жұмыс орнын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Муратбай Ансатбаев) жұмыс берушінің әлеуметтік жұмыс орнындағы жұмыссыздардың еңбек ақы шығынының бөлігін ауданның қаржы жоспарында көрсетілген шегінде өтем ақы төлесін.
Тармақ 3
3. Аудандық қаржы бөліміне (Нұрлан Өскенович Белесаров) әлеуметтік жұмыс орнындағы жұмыссыздарға төленетін қаржының уақытылы бөлінуін қамтамасыз ету тапсырылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Владимир Петрович Лысенкоға жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн мерзім өткеннен бастап қолданысқа енгізілсін.
Басқа 6
Еңбекшіқазақ Аудан әкімиятымен бекітілген 2006 жылғы «02» 05 № 1218 Аудан бойынша әлеуметтік жұмыс орнын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі туралы қаулысына қосымша Әлеуметтік жұмыс орнын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу ТӘРТІБІ
Тармақ 1
1. Әлеуметтік жұмыс орнын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілер төмендегі категориялар бойынша анықталады:
Тармақша 1
1) әлеуметтік жұмыс орны халықтың нысаналы тобының жұмыссыздарына арнайы болуы керек;
Тармақша 2
2) әлеуметтік жұмыс орны уақытша жұмыс түрі, оны ұйымдастыруда тұрақты жұмыс орнын және бос жұмыс орнын қолдануға болмайды;
Тармақша 3
3) жұмыс берушінің жұмысты ұйымдастыруда икемді график және толық емес жұмыс жағдайларын қарастыру мүмкіндігі бар;
Тармақша 4
4) әлеуметтік жұмыс орны - экономикалық және әлеуметтік пайдалы болуы қажет.
Тармақ 2
2. Әлеуметтік жұмыс орын құрғысы келетін жұмыс беруші аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен шарт жасағанда келісуші жақтардың міндеттері, жұмыс түрлері көлемі, еңбек ақының мөлшері мен жағдайы, әлеуметтік жұмыс орнының мерзімі мен қаржыландыру көзі көрсетіледі.
Тармақ 3
3. Жұмыс берушінің әлеуметтік жұмыс орнындағы жұмыссыздардың еңбек ақы шығының бөлігінің өтемақысы аудан бюджетінде қаралған қаржы шегінде әр жұмыссызға республика бойынша 2006 жылға бекітілген төменгі еңбекақы мөлшерінде жүзеге асырылады.